Материалдар / Тәуелсіздік - талай ақын жырлаған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік - талай ақын жырлаған

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік - талай ақын жырлаған мәнерлеп оқу сайысында оқушылар өлеңдер оқып, одан әрі танымын, зейінін кеңейте түседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жармыш орта мектебі









«Тәуелсіздік - талай ақын жырлаған»





Бастауыш сыныптар арасында

мәнерлеп оқу сайысы



Өткізген: Утесинова А





2016-2017 оқу жылы



І-жүргізуші:

Құрметті ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – талай ақын жырлаған!» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!


ІІ-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы, келе берер.


І-жүргізуші:

Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 25 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл, Ұлы мерекеміз құтты болсын!


ІІ-жүргізуші:

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды.


І-жүргізуші:

Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр.

Олай болса, сайыскерлерді ортаға шақырамыз!


ІІ-жүргізуші:

Ән: «Көк тудың желбірегені». (Қатысушылар қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады).


І-жүргізуші:

Сайысты бастамас бұрын әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

4.

ІІ-жүргізуші:

Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілетіндігін қаперлеріңізге береміз. Ал, енді сайысымызды бастаймыз.


І-жүргізуші:

2а-сынып оқушысы: Лесхан Торғын

2ә-сынып оқушысы: Даражат Әділет

2б-сынып оқушысы:

3а-сынып оқушысы:

3ә-сынып оқушысы:

3б-сынып оқушысы:

4а-сынып оқушысы: Қуантқан Тоғжан.

4б-сынып оқушысы: Аманқос Пәкизат


ІІ-жүргізуші:

Әділ қазылар алқасы сіздерден әділ төрелік күтеміз.

Қатушыларымыз өз елі, өз жері, өз Отаны туралы өлеңдерді мәнерлеп оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.


І-жүргізуші:

Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі  бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен, сондай-ақ күні кеше ғана тойланған ҚР тұңғыш президенті күнімен құттықтаймыз!


ІІ-жүргізуші:

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.


І-жүргізуші:

Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі —  сіздерсіздер!

Тәуелсіздігімізді құрметтей білейік!


ІІ-жүргізуші:

Мектебіміздің әншісі 4 «А» сынып оқушысы Қуантқан Тоғжанның орындауындағы «Жаса, қазақ» әнін қабыл алыңыздар!

Осымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!