Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - тәңірімнің сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәуелсіздік-Тәңірімнің сыйы.

Мақсаты: Сынып оқушыларына тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі еліміздің

жеткен жетістіктерін айта отырып, Қазақстан достық, ынтымақ-бірлік,бейбіт

өмір, жарасымды тіршілік иесі екендігін жас ұрпақтың санасына жеткізу.

Оқушыларды Отанды сүюге,тілін құрметтеуге, елжандылық рухта тәрбиелеу.

Қоғамға дұрыс көзқарасын қалыптастыра отырып, дұрыс іс-әрекет жасауға,

Заңды құрметтеуге үйрету.

Ғылымилығы: Теорияны оқу мен жаттау арқылы өз бойына меңгерту, іздену.

Рефлексиптігі: Өз елін танып білу, таным біліктілігін қалыптастыру.

Зерттеуші объект: Қазақстан,Мемлекет, Қоғам.

Көрнекілігі:Слайд-шоу «Менің байтақ елім – Қазақстан», музыкалық әрлеу, қазақ күйлері, бейнефильм «Тәуелсіздік жылдары», дәйекті сөздер.

Қолданылатын әдіс:Тарихи мәдени саяхат, «XXI ғасыр көшбасшысы», «Ата жұрт»

интеллектуалды ойындары.

Жұмыс формасы:Топтық, жекелей,шығармашылық жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер.

Күтілетін нәтиже:Өз елінің, туған жерінің кешегісі мен бүгінгісін жүйелі түрде танып

білген, ұлтжандылық пен патриотизмді сіңірген, тұтас дамыған

креативті жеке тұлға дәрежесіне жеткен азамат қалыптасады.

Барысы:(Күй ойнап тұрады.)

I-жүргізуші: Қазақстан тәуелсіздік алғанына биыл міне 23 жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет атанды, қазақ халқы үшін, әрине, үлкен қуаныш. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз-Қазақстан! Даласы қара көз жетпейтін кең, таулары айбат, халқы мерейлі ғажап өлке. Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Атажұрт үшін, азаттық үшін жан беріп, жан алысқан небір сұрапыл шайқастар өтті. Сол шайқаста қаншама арыстың қаны төгілді, жаны қиылды.Тамыры тереңге байланған алап бәйтеректей қазақ халқы талай боздағынан айрылды, талай тозақты көрді, талай теңселді, бірақ құламады.Құламау үшін қаншама қыршынды құрбандыққа шалды.Мінеки, бүгінде біз-тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз.

II-жүргізуші:Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23 жылдық мерекесі құтты болсын!

1-оқушы.Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік. Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.

2-оқушы.Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктем.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауы желбіреткен.

3-оқушы.Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім Қазақстан-Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

4-оқушы.Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

5-оқушы.Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Мектебіміз алға шығып елімде,

Жақсы атақ пен нұр шапағын жинады.

6-оқушы.Тәуелсіздік-11 әріп құралған,

Сан ғасырлар сан қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы,

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

7-оқушы.Армандап жүріп, тал қармап жүріп бостандыққа да қол жетті.Аспан түстес көкпеңбек Көк байрағымыз көкке өрлеп елдігімізді таныттық.Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты ерлігімізді таныттық. Оң-солында қос пырақ, күн дидарлы шаңырақ, уығы нұр боп жамырап, көз жауын алған көргеннің, Елтаңбамыз бар еңселі. Намысымызды жанитын, дұшпанын оттай қаритын, шырқала қала бір жерде, тыңдаушы бірден танитын, жиналған бүкіл ел күшіндей ерлік пен елдік белгісіндей айбарлы Гимніміз бар.

Ән «Туған жер»

I-жүргізуші: Отан! Отан деген не? Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен, ағайындарымен, бірге тұратын Атамекені.Ендеше кел, талдап көрейікші:

I-жүргізуші:Біздің киелі мекеніміз?

II- жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

-Жер көлемі(2724,9 мың шаршы км)

-Астанасы(Астана)

-ҚР неше елмен шектеседі?(Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түрікменстан)

-Тәуелсіздік алған уақыты(1991ж 16 желтоқсан)

-Басқару формасы(Президенттік Республика)

-Мемлекеттік құрылымы(Унитарлы)

-Әкімшілік бөлінуі(14 облыс, 84 қала, 159 аудан, 8000 ауыл)

-Елбасшысы(Президент)

-Заң шығарушы орган(Қоспалаталы парламент:Сенат.Мәжіліс)

-Атқарушы орган(Үкімет)

-Парламенттік ықпалды партия(«НұрОтан»ХДП партиясы)

-Мемлекеттік тілі(Қазақ тілі)

-Халқы(16млн 402 адам,131 ұлт пен ұлыс)

-Ата заң(Конституция)

-Ұлт рәміздері(Ту, Елтаңба,Гимн)

I-жүргізуші: «Тәуелсіздіктің тірегі –білім». Дана халқымыз «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады», - деп айтпаған.Мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ-ел тірегі. Көп оқыған, көп тоқыған, білгені мол адам ғана намысқор,әділетті, айбынды қоғам қайраткері ғана бола алады.

II-жүргізуші: Олай болса, оқушылардың Қазақстан туралы білімін «Жорға» сайысы бойынша сынап көрейік.(Сайысқа 5 оқушы шығады, әрқайсысына 15 сұрақтан қойылады).

Жорға турының” сұрақтары:
1.Қазақстанда тұңғыш рет президент лауазымы қашан тағайындалды?(1990ж 24-сәуір ҚКСРжоғарғы Кеңесінде)

2.Семей ядролық сынағы қашан жабылды?(1991ж 28 тамыз)

3.Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров қашан ғарышқа аттанды?(1991ж 2 қазан)

4.ҚР-сы қашаннан бастап БҰҰ-ға мүше болды?(1992ж 2 наурыз)

5.ҚР-ның ұлттық валютасы қашан енгізілді?(1993ж 15 қараша)

6.1997 жыл қалай аталды?(Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу, жалпыұлттық татулық жылы)
7.М.О.Әуезов қай жылы жүзге толды?(1997ж)
8.1991 -1997 жж Қазақстанға басқа елдерден қанша қазақ көшіп келді? (164 мыңға жуық)
9.”Ұлттық тарих жылы” болған жыл?(1998ж)
10. “Халық бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы” жылын ата(1999 ж)

I-жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, рахмет.

II-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында жаңа бас қаламыз- Астана бой көтерді. Отанымыз жаңа ғасырға жаңа Астанасымен қадам басып, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына теңесуге жол ашты.

I-жүргізуші: Иә, 20 жылдың ішінде әрбір жыл мазмұндылығымен, мәнімен тарихи жыл болып енді. Сол жылдарға көз жіберсек.Онда маниторға қарай отырып, «Жылдар сыр шертеді» ойынын ойнайық.Маниторда жыл мен ай көрсетіледі, сіздер сол жылдың мәнін ашасыздар.

1991жыл 29 тамыз – ҚР Президенті Н.ӘНазарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылды.16 желтоқсан –.ҚР-ның тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы.

21 желтоқсан - ТМД-ның құрылуы.

1992жыл, 1993жыл, 1994жыл, 1995жыл, 1996жыл, 1997жыл, 1998жыл, 1999жыл, 2000жыл, 2001жыл, 2002жыл, 2003жыл, 2004жыл, 2005жыл, 2006жыл, 2007жыл, 2008жыл,2009жыл, 2010жыл, 2011жыл.

Ән «Туған жер»

II-жүргізуші: Қазақ қазақ болғалы дүние тарихына өз қолтаңбасын қалдырып отырғаны мәлім. Бүгін мақтана отырып айтатын ең басты жеңісіміздің бірі-2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының жоғарғы деңгейдегі жетінші Саммиті.

I-жүргізуші: (Саммит туралы айтады)

II-жүргізуші: Дәстүрге,салтқа, имандылыққа бай халықтың ұлы жетістікке жетуі - біздің қолымызда.Қазақ халқы «Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады»,- деп бекер айтпаған.

I-жүргізуші: Иә, «Ақылды басшың болса, адаспайсың» - дейді дана халқымыз. Елбасымыз «Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе-соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау»,- дейді өзінің қанатты сөзінде.

1. Н.Ә.Назарбаев туралы не білесің?

2. Президент кімдерді қызметке тағайындайды?

3. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының 7 басымдық бағытын көрсет.

4. Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарымен, оның мазмұнымен таныстыр.

II-жүргізуші: Біз осы жарасымды тіршілігімізді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.Еліміз өнер, ғылым, спорт, кино мәдениеті салаларынан да әлемге әйгілі.

II-жүргізуші: Қазақ тілі тарих сынына сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі таза, өткір,терең,күшті, кең тіл ретінде саналады.

I-жүргізуші: Бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында үш тұғырлы тіл Мемлекетіміздің биікке көтерілуіне жол ашады делінген. Олай болса, «Полиглот»сайысына кезек берейік.

1.Республика басшысын кім деп атайды? (Елбасы,Президент)
2.Әрбір адамның несі бар?(Отан,Родина, )
3.ҚР–ның негізгі заңы(Ата заң,Конституция,)
4.Одақ құрамындағы мемлекеттер 1990 жылдан бастап не алды? (Тәуелсіздік,Суверенитет,)
5.Ұзындығы 2 м, ені 1 м, көгілдір түсті,ортасында күн сәулесі шашыраған, астында қалықтап ұшқан қыран суреті бар, ол не?(Ту,Флаг,)
6.Салтанатты минуттарда жанды дауыспен не айтылады?(Гимн,)
7.Шаңырақ бейнеленген,оны айнала күн сәулесіндей уықтар шаншылып,қанатты пырақпен көмкерілген не?(Елтаңба,Герб,)

Ән «Алға, Қазақстан»

II-жүргізуші: Пай,пай,пай,

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер.

Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған біздің ата мекеніміз, қазақ даласы - ұрпаққа қалдырып кеткен асыл мұрасы.

II-жүргізуші:Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс,сауапты,
Әр отбасы, әрбір қазақ,әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты

Қымбатты көрермендер және оқушылар, бүгінгі ойын-байқауымызды Ұлықбек Есдәулетовтың керемет сөздерімен аяқтағым келеді.

Шаңырағың-шырағым,

Топырағым –тұмарым

Ғаламда жоқ сыңарың

Ғажайыбым,жұмағым.

Басы таза бұлағым

Қазақстан-қыраным.

Ән «Атамекен».
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2019
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12