Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, сезіндіру. Оқушыларды Отанды сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелеу, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пайдаланылған материалдар: бейнеүзіктер, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, ел рәміздері


Сабақ барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер

Психологиялық ахуал.

- Армысың, қайырымды Аспан ата!

- Армысың, мейірімді Жер – ана!

- Армысың, шұғылалы Алтын күнім!

- Армысың, тәуелсіз елім менің!

Топқа бөлу І топ- Бірлік, ІІ топ – Намыс , ІІІ топ – Ерлік


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, балалар! Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Ой қозғау.
Өз топтарыңның аттары туралы не айта аласыңдар ?


Құпия сөз бере отырып, оқушылардың ойларын тыңдау. (Тәуелсіздік)

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық  тарихы бар.

Сонау XVII-ші ғасыр басында жоңғарлар Қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді.

1723-ші жылдар Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.

1916-шы жылы ұлт-азаттық көтеріліс, одан 1917-ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты.

Одан кейін 1931-33-ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата-бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.

1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов,

Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі-ел есінде» демекші қазір біздің ауылымызда да 1 ғана ардагеріміз бар. Көптеген аталарымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.


Бейнеролик көрсету.


1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.


Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды.


Ақерке: «Тәуелсіздік» Қалқаман Сарин

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!


Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым!

Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған, 

Саған Оған да! 



Мұғалім: Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр

Жас ұландар, берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.


Еліміздің рәміздерін атайық.

(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)

1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде біздің рәміздеріміздің біріне жатады.


Топтық тапсырма:

1 топ - Елтаңба туралы әңгімелеу, авторын атау.

2 топ– Ту туралы әңгімелеу, авторын атау

3 топ – Әнұран авторын атап, орындау.

Мұғалім: Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты


Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай? (оқушылар өз ойын айтады)


Бейнеролик көрсету.


Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұрпағымыз.

Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.


Назгүл: Қазақстан (Әбділдә Тәжібаев)


Қазақстан өлкесінің кеңдігін
Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін,
Оңай ғана ұғындырып байқайын,
Болмашы бір белгілерін айтайын.
Қысты күні бөлмеңізде пеш қызып,
Көрінгенде сол қызудан кеш қызық.
Жанған отқа сүйсіне зер салыңыз.
Қазақстан көмірі деп таныңыз.
Туралғанда ақ мамықтай бөлкелер,
Түспей ме еске астық еккен өлкелер,
Соның бірі Қазақстан - таныңыз,
Соның наны жеген осы наныңыз.
Дастарқаннан нарттай қызыл алманың
Қол созғанда таңдап бірін алғалы
«Қазақстан!» дей көріңіз, бауырым,
Өсіруші алманың ең тәуірін.
Сары аязда - сақылдаған ақпанда -
Адам тұсын, ағаш дір-дір қаққанда,
Ұмытпаңыз Қазақстан сыйларын
Жеткен сізге жылуымен пиманың.
Жапқан сайын әрбір үйдің тебесін,
Қаққан сайын әр есіктің шегесін,
Құрметтеңіз Қазақстан жерінің,
Өзендерше өрши аққан темірін.
Көк теңіздей толқын ата көпірген
Домбыра үні жетсе сізге эфирден,
Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін
Қуантушы бақытты Отан үйлерін!


Постер қорғау.

1 топқа - Қазіргі таңда көптеген жерлерде соғыс өрті тұтанып жатыр, соларды ұйымдастырып жатырған соғысқұмарларға қандай үндеу тастар едіңдер.

2 топқа – Тәуелсіз Қазақстан

3 топқа – Мен - бейбітшілікті сүйемін


Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі.


Мақал-мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын ашу.

1 топқа

Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)


2 топқа

Батыр туса---------------------(ел ырысы)

Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)


3 топқа

Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)



VI. Қорытынды: . - Міне оқушылар , тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ.Бәрі ерлік пен күрес арқылы келгенін көріп отырмыз. Сондықтан аспанымыз ашық болып, күніміз жарқырап, шапағатын бізге әруақытта шашып тұрсын деп сіздерге тілек айта отырып, бостандық, тәуелсіздік күні жарқырап тұрғанына биыл 26 жыл болып отыр.Қазір мынау күн бейнесіне өз тілектеріңді жазып, күннің шапағаты болыңдар !


Ән. «Жаса, Қазақстан».








































Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген

Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген

Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген

Қазақстаным, Қазақстаным


Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы

Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы

Арманға бастаған бұрылған көп қаласы

Қазақстаным, Қазақстаным


К-сы


Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлағым менің, тәуелсіз елім.


Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлағым менің, тәуелсіз елім.


2)Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар

Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар

Ашық көк аспан, асқарлы тау көлім бар

Қазақстаным, Қазақстаным


Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым

Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған

Елбасы, тарихы мәңгі болсын дастаным

Қазақстаным, Қазақстаным


к-сы


Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлағым менің, тәуелсіз елім.


Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлағым менің, тәуелсіз елім.


«Бекітемін»

Тәрбие ісінің орынбасары

Л.Садықова.....................

«13» 12 2017 жыл



Picture 112

Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тірегім,

Қазақстан – жүрегім!»





Өткізген : А.Жумабаева (бастауыш сынып мұғалімі)

Сыныбы: 3 «А»

Күні: 13.12.2017 жыл











99 орта мектебі

Ақай ауылы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
5769
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі