жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік - тұғырым
Ашық тәрбие сағаты
Тәуелсіздік – тұғырым!
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Желтоқсан құрбандарына арналған бүктемелер, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бүктемелер мен плакаттар, шарлар, қанатты сөздер, слайд, бейнетаспа;
Кіріспе.
ҚР-ның мемлекеттік Әнұраны орындалады (жалпы сынып)
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!
1-оқушы Нұрхан: 1986 жылы 17-18 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды болмаған құбылыс, «Алматыда демонстрация, Брежнев алаңында қаптаған жұрт, көшеде сап түзелген жастар», - деген сөздер ел құлағына жетті. Елеңдеген ел не үшін болып жатқан оқиға екенін түсінбей дал болды. Бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің көтерілісіне ұқсап, қазақ декабристер көтерілісі атанып кетті.
Бұл көтерілістің себебі, былай болған еді: 1985 жылғы қайта құру мен жариялық процестері әмірдің барлық саласын қамтып, жаңа өзгерістер болып жатты. Кадр мәселесі қатты қолға алынып, басшы қызметкерлері бірі орнынан алынып, бірі жауапқа тартылып жатса, енді бірінің жұлдызы жанып жоғары өрлеп жатты. Осы кезде республика жұртын мазалаған жағдайдың бірі Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтің жасы келгеніне байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босау-босамауы еді. Аяқ астынан пленум болатындығы туралы хабар сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бесінші пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйым мәселесі қаралатын күн жетті, Пленум Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына шеттен әкелінген Геннадий Васильевич Колбин сайланды. Ескі тәртіп бойынша, ешкімнің лебізін тыңдамай жоғарыдан шешіліп қойылған ұсыныс бойынша болды. Өзара іштей өткізілген пленумды Қонаевтің өзіне жүргіздіртпей, Совет Одағының Компартия Комитетінің сол кездегі хатшысы Разумовский Қонаевқа қысқаша ғана алғыс айтып, оны босату, ал орнына Колбинді сайлау жөнінде ұсыныс жасады.
Пленум жөніндегі алғашкы ақпарат сол 16 желтоқсан күні сағат 15-те республикалық радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17 желтоқсанда «Социалистік» радиодан берілді. «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Онда Колбиннің өмірі қысқаша баяндалды.
Өкіметтің осы жасырын істеріне ашынған қазақ халқы, әсіресе жастар қауымы 17 желтоқсанда таңғы сағат 8-де бұрынғы Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара жастар саны көбейе бастады. Көп кешікпей алаңға қарулы күштер әкелінді. Алматыға кірер жолдардың бәрі жабылды. Шеруге жиналған жастар саны бірте-бірте арта түсіп, түстен кейін 5000-ға жетті. Сағат кешкі 7-лер шамасында жастарды қуу, тарату қимылы басталып кетті. Өрт сөндіру машиналары келіп су шаша бастады. Ал жастар болса, қаймықпастан машиналарға қарай лап қойды, сол күнгі айқай шу таң атқанша басыла қоймады.
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ләззат, Сәбира, Қайрат сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
КӨРІНІС. Жүргізуші Айдын: Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, былай дейді:
-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мира мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой
Қайрат: Олай болса, мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рысқұлбеков, сен, "Савицкийді өлтірдім" деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер, сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де...
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын?
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, "Савицкийді өлтірдім" деп мойында. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші" Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
"Еркек тоқты-құрбандық",
Атам десең атыңдар
Қайратты кісендеп алып кетеді.
2-ОҚУШЫ
Айдын: КСРО Жоғарғы кеңесі
Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа
кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған
жоқ.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды.
Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам
жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда
жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде
қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол
себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым
келмейді.»
1988 жылы 21 мамырда Семей
қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі
өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза
тапты.
Диана «Қайрат Рысқулбековты анасының жоқтауы»:
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп...
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Алатауға абиыр,
Алып берген қарағым!
Ерлік жолын халқыңа
Салып берген қарағым!
Қазағың, Қайрат, ел болар
Алты алаш басы бірігіп,
Қайтейін, балам, ғаріп боп,
Жатқан жерін жарық боп,
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!
Назима "Марқұм Ләззат Асанованы анасының жоқтауы":
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман,
Сені өлтірген дұшпанға,
Зауал келсін алладан.
Асыл едің мыс болдың,
Қарағым көрген түс болдың,
Ізің жатыр, өзің жоқ,
Бейнең бар да, көзің жоқ.
Қайдасың, қайда, қарағым.
Айнұр "Ербол Сыпатаевты анасының жоқтауы":
Әлди-әлди, ақ көкем,
Жер бесікке жат көкем,
Аямаған қыршының,
Заман беті қатты екен.
Кімнен болды ажалың,
Кімнен болды азабың,
Езілген мына бауырымды
Қалай ғана жазамын,
Алтын баулы ақ сұнқар
Енді қайтып келер ме?!
Мәңгі шөккен қара нар,
Енді қайтып тұрар ма?!
Шейіт болған көкешім,
Басын маған бұрар ма?!
Жоқтау болды бар жырым,
Жоқтау болды бар әнім,
Осы болды тағдырың,
Елің іздеп жатқанда,
Тәубе деймін, қарағым,
Тәубе дәймін, қарағым!
Бибігүл "Сәбира Мұхаметжанованы анасының жоқтауы":
Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн
Қан жылатқан құрғыр күн
Медет болмай алладан,
Қызығымды жалмаған
Тұнжыраған тұлдыр күн,
Ақбілектей сүйрігім,
Алаштан озған жүйрігім,
Алтын діңгек қазығым,
Аққудай аппақ нәзігім
Сәбирам опат болған күн.
Мұғалім
сөзі: Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік.
Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер
құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,
Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске
алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны
бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті,
бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз
әрдайым Қайраттың от жүрек үніне,
қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне
бас иеміз.
(1минут үнсіздік
жариялаймыз.)
Оқушы Әділет. Міне, желтоқсан оқиғасынан бері де, 30 жыл өтті. Қой жылының, яғни, 1991-жылдың соңына таман жаңа деректер ашылып жарық көрді. Желтоқсан оқиғасының шындығын ақтаушылардың бірі, Мұхтар Шахановтың зор еңбегі сіңді. Депутат М.Шаханов тыңбай еңбек етіп, оған салихалы баға беріп, көптеген жазықсыз жандардың ақталып шығуына өз үлесін қосты. Желтоқсан оқиғасы – егемендіктің бастауы болды, Қазақ елі бостандық алды. Тәуелсіздік актінің қабылдануы мен қатар келген желтоқсан оқиғасының 5 жылдығы, яғни, 1991 – жылдың желтоқсан айында сол қанды аланда атап өтілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» - туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілеген аса қажетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді.
Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 – жылы – тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып толығымен сайланды.
1992-жылғы маусымның 4-де Қазақстан Республикасының жоғары кенесі өз төл рәміздерін бекітті. Мемлекеттік жалауын, елтаңбасын, гимнін шығарды. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993-жылдың қарашасында еңгізілді. Ақша белгілерін – теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып ұлттық банк жасаған. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993-жылдың 28-қаңтарында қабылданды.
Осы бақыт үшін, біз баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетіметімізді, қажет болса, жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз.
Әдеби мантаж.
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды. Бекзат
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың. Дина
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым, Қ.Азамат
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз. Балнұр
Айдана: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша
ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға
қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Хор. Ән «Атамекен»
Нүркен мен Бағила
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Видеоролик.
Сабрина:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
А.Азамат:
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
Ұлбосын:
16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Үміті боп елінің.
Ж.Бақдәулет:
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
Мөлдір:
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
М.Бақдәулет
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
Сүндет:
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
Лаззат:
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
Орынбасар:
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
КӨРІНІС.
«ХАТ». «Жәнібектің хаты»
-Мейіржан сен не жазып отырсың?
-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.
-М-м-м.
Құрметті Нұрсұлтан ата! Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.
Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі.
Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы
беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын,
ата! «Бала болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз.
Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол.
Мұғалім сөзі
-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Еркебұлан: 1992 жылы 4 – маусымда
Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Нұрбек.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек -
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман - қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Ақжүніс:
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Бейбіт:
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым -
Мың қайталап айта аламын!.
Қорытындылау: Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық
тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың
алғыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым
биіктен көрініп, самғай берсін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген