400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне арналған 8-сынып оқушыларымен өткізілген ашық тәрбие сағаты. Мақсаты оқушылардың еліне, жеріне деген ұлттық рухын көтеру, қастерлеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныбы: 8 А

Уақыты: 14.12.2021ж

Сынып жетекшісі: Н.Б. Жолдасова

Сынып сағатының тақырыбы:

Тәуелсіздік – тұғырым!

Сынып сағатының

мақсаты:

Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын сүюге ықпал ету.

Ресурстар:

Слайд, бейнебаян, көрнекілік парақшалары

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі


Сабақтың басы

























Ортасы



































































Сабақтың соңы

Мұғалім:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бағыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің алақанымызға қонды.

Міне, биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 30 жыл. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекіттік.

Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Еліміздің Тәуелсізідік күні баршаңызғы құтты болсын!

Бүгінгі іс-шарамыз ашық деп жариялаймыз!

ҚР-ның мемлекеттік әнұраны.

ҚР ГИМН (Видео)

Мұғалім:

Жаңарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,

Шалқыған айдын-шалқар көліміз бар.

Видео «Тәуелсіздікке 30 жыл

«Уақыт тізбегі» әдісі. Бейне жазба бойынша үстелде араласып тұрған оқиғаларды рет –ретімен тақтаға ілу.

1 оқушы. Ақнұр

Желтоқсанның ызғарына қатысқан,

Қарапайым қазақ халқы алысқын.

Алға ұмтылған ардақты да аяулы,

Саясатқа көз бұрған.

Талай қазақ қыздары мен ұлдары

Келешектің қамын ойлап тартысқан.

Желтоқсанның құрбандарын әрқашан

Еске аламыз алаулаған оттай қып.

Қаншама адам осы үшін күресіп,

Өмірге бір басын сүйреп алысқан.

Құрбандарға бас иеміз бәріміз!

Мұғалім: Ерлігі еліне үлгі, ұрпаққа ұлағат қазақ халқаның перзентері ретінде Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім:

Атты бүгін азаматтықтың ақ таңы,

30 жылдың Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.

Елі текті, киелі, қасиетті, жерімнің

Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.

Оқушы : «Бақытыңды бағала». Дарын

Дүниені кезіп кетті атым бүгін,

Қауызынан жарылып жатыр жырым.

Елбасы мен Ел атын бір өлеңнің

Бір жолына сыйғызды ақындығын.

Көтеріліп ақ күмбез сардаламнан,

Озып кеткен баяғы ордалардан.

Күн шапағын көтерген қанатымен

Алтын қыран-атамнан қалған арман.

Оқушы. Жанболат

Төңіректі төрдегі түрге малып,

Жиырма төрт жылда көркейдім гүлге оранып,

Қазақ десе азат деп ұйқастырам,

Ел дегенде Елбасы тілге оралып.

Өміріңе жарасқан өр тұлға шат,

Тектің тінін жалғаған көркің ғажап.

Көк туыңды кеудеңнен жоғары тұт,

Бақытыңды бағала, еркін қазақ.

оқушы: «Тәуелсіздік толғауы». Кәусар

Тәуелсіздік – сан жылғы ұлы арманың

Шапағаты, айрықша сыйы Алланың.

Еркін жазып қанатты, еркін самғап,

Қасиетті қолыңа ту алғаның.

Тәуелсізідік – жарқырап атқан таңың,

Куанғаның, күлгенің, шаттанғаның.

Болашаққа үмітті ұялатып,

Әр жүрекке сәулелі жаққан шамың.

Оқушы. Бекжан

Тәуелсіздік – арқамды сүйегенім,

Бейбетшілік, тыныштық – тілегенім.

Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,

Жайнап өсіп, жаңарып түледі елім.

Түлеп жатыр қырым да, қиырым да,

Бақыт, байлық нұр болып құйылуда.

Асқақтады мәртебем көтеріліп,

Туым биік тұр бүгін тұғырында.

Оқушы. Нұрсая

Асыл елім бүгін ақ ортасы бар,

Айбынды елім қаһарман Елбасы бар.

Жолбасшы елімін жыл сайын Елбасының

Жолдауымен қамданып жолға шығар.

Айналайын асыл ел, алтын халық,

Айқын мақсат алдында, айқын бағыт.

«Әлемдегі үздік ел етемін» деп

Елбасың жүр алдыңда жарқыл қағып.

Оқушы. Ғанимат

Тәуелсізідік – бақытың тұрған күліп,

Ойың еркін, бүгінгі тұлғаң биік.

Тәуелсіздік – көктегі шуақты күн,

Әр жүректі куантып, нұрландырып.

Тәуелсіздік – бүгінгі туым менің,

Туым үшін ешкімге иілмедім.

Тәуелсіздік сан жылдар аттан түспей,

Айқас,шайқас, мың өліп, тірілгенім.

«Жылдар сөйлейді» әдісі бойынша, 1991-2021 жылдар аралығындағы жетістікерді айтады.

Оқушы. Аяна

Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін , тәуелсізбін , еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің .
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.

Мереке

Әсемай

Ән: Көк тудың желбірегені (видео)

Елдігіміз бен бірлігімізді , ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік , тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі