Материалдар / Тәуелсіздік - тұғырым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік - тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған кітапшада дарынды оқушылардың өлеңдер жинағы басылып отыр. Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды елін сүйер азамат болуға, патриоттыққа, әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін сүюге баулиды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Автор: Есекенова Гуламза Достиковна –Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған №21 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі «Тәуелсіздік тұғырым» атты баяндама және өлеңдер жинағы.






Ұсынылып отырған кітапшада дарынды оқушылардың өлеңдер жинағы басылып отыр.

Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды елін сүйер азамат болуға, патриоттыққа, әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін сүюге баулиды.













Тәуелсіздік – тұғырым.


Тәуелсіз, егемен Қазақстан! Осы сөзді есту үшін, осы бақытты сезіну үшін қанша жастар қасықтай қаны қалғанша күресті, мақсаттарына жетті десеңізші?! Ресей отарында қанша жыл болсақ та, еңсемізді түсірмей, жүрегімізден үміт отын өшірмей келдік. Міне, енді сол күнге де жеттік.

16-шы желтоқсан. Ызғар, суық күн. Қазақты «орыс» басқарады дегенді естіген жастар, намыстарын таптатуға жол бермей, қарсы күресті. Өте қатал озбырлықпен жастарды қинап, түрмеге жапты, өлтірді. Ел есінде сол желтоқсаннан қалған жара ұмытылған емес, ұмытылмайды да! Тәуелсіздігімізді алып, Егемен ел болып жатқанымыз сол Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сияқты қайсар жастарымыздың арқасы деуге болады.

1991 жылы Қазақстан Тәуелсіз ел болып жарияланды. Тәуелсіздіктің Тұғыры мызғымастай берік болып нығайды. Мәңгілік ел болуды мақсат етіп келеміз және сол үшін аянмай тер төгеміз. Осындай еңсесі биік еліміздің тамыры тереңге жайылып, аты әлемге жайылып, барлық елдің алдынан көріну үшін қазақ жастары аянбай еңбек етуде, биіктен көрініп, айдай әлемге атымыз жайылды. Ұлттық рухын жоғары көтеріп, Қазақ халқын алға жетелеу, ел ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы десек артық айтқанымыз болмас. Жаңа ғана тәуелсіздігін алған еліміз болып жатқан қиыншылықтарға қарамай, бой түзеп, алдыға үлкен мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбек етті, шаршамады, қажымады. Көзі ашық, көкірегі ояу халық жан-жағына бағымдап қарап, дамыған елу елдің қатарына кіруді ең үлкен міндеттердің бірі етіп қойды. Сол міндетіміз орындалды. Біз дамыған 50 елдің қатарына ендік

деп сүйінішпен айта аламыз. Ендігі алдағы міндет әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.

Жалпы «дамыған ел» ұғымы ХХ ғысырда дамыған елдерге үлкен отарлық елдер жатқызылса, 30-40 жылдан соң дамыған елдер болып өнеркәсіп әлеуеті мен әскери қуаты зор мемлекеттер саналды. Қазіргі таңда ақпараттық дамуы, нанотехнология, индустриялды-инновациялық технологияларды қолдану деңгейлері дамыған елдер жатқызылады.

Қазақстан - біздің қасиетті мекеніміз, ұлы Отанымыз, туған ел мен жеріміз. Біз бақытты ұрпақтың өкіліміз. Туған жеріміз де Отанымыз да біреу. Ол – қасиетті Қазақ даласы, Тәуелсіз Қазақстан! «Отан үшін отқа түс күймейсің» деп батыр Бауыржан өсиет еткендей, әрине, ел болып қалыптасуымыз өзі де бір тарих. Елге өз өмірін арнаған ел ағасы, Нұр ағаның сіңірген еңбегі шексіз, президентіміз қазақ халқы үшін көп игі істер жасады. Басшы қандай болса, ел жағдайы да сондай болады дейді. Жиырма екі жылда Қазақстан мемлекетінің рухын асқақтатып, еңсесін тік түзеу, екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың беті басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін Елбасымыздың үлкен мақсаттарды алға қойды. Егемендіктің бас қаласы - Елорданың көркіне небір өркениетті елдер таңдана әрі тамсана қарауда. Тәуелсіздікті сөз еткенде Елорданы сөз етпеуге болмас. Себебі Елорда да жаңадан туған баладай ештеңесі болмады. Сырт көз мысқылдай күліп қарап, қолын шошайтып, мазақ еткендері де болды.

Астана – ең алдымен Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігі. Қазақстанның жаңа тарихтың шынайы белгісі. Шынында тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасы тұңғыш Президентіміздің мемлекетті одан әрі нығайту жөнінде саяси стратегиясының жемісі. Бұл жөнінде Елбасы: «Астана – менің төл президентім.Әр адам, тегінде, өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз астаналықтар жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, себебі біз оның құрылысын тақыр жерде бастадық. Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда»- дейді.

Астана - Елбасының ерлігі! Астана Елбасының өрлігі. Мұны бүкіл қазақ елі біледі, түсінеді, түйсінеді. Астанадай алып қала тұрғызу үшін алып жүрек керек. Осындай алып қала тұрығзу үшін, елге деген сарқылмас махаббатын, қайтпас қайсарлық керек. Елбасының «Қазақстан жолы» атты кітабының «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» деп аталатын бөлімінде мынадай жолдар бар: әр жыл сайын Астана өз туған күнін тойлайды. Астан Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал шығыстан рухани дәлдікті мұра етіп алды. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады. Тәуелсіздігіміздің бойтұмары – Астана күні ел өміріндегі тарихи оқиғалар тізбегінен нық орын алды. Бұл күн сол қилы кезеңдерді басынан өткерлік халық үшін ерлік пен өрліктің биік шыңы. Бұл – осынау мерзім ішінде Отанымыздың қарқынды жылдамдықпен дамып, Қазақстанның берік ұстанған саясатын, мәдениетін білімі мен экономикасын әлемге паш ететін күш» - деп атап көрсетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына тірек болған тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған жағдаяттарға жеке – жеке тоқталайын.

1992 жылы ең алғаш Конституциямыз қабылданды. Заң бұл – елдің ел болуы, ешқандай қайшылықтар туындамауы, береке – бірліктің сақталуы үшін қабылданған Атазаң. Заң - ол киелі, қастерлі, қасиетті ұғым. Ерте кездегі ата-бабаларымыздың өзі, өз Атазаңдарын құрмет тұтып қадірлеген. Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының маңызды кезеңінде қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы жас егемен мемлекетіміздің саяси және экономикалық өмірінің негізін бекітіп берді.

Әр елдің өз әнұраны, байрағы, елтаңбасы болады. Және ол терең ұғым, әсерлі ой қалдырады.

Елтаңба – еліміздің белгісі, таңбасы. Елтаңбаның өзінде терең сыр, керемет қағида жатыр. Қос қанатты тұлпар, шаңырақ, бес бұрышты жұлдыз, уық – қазақилықтың белгісі, қазақ халқының ең асыл баға жетпес байлығы. «Шаңырағың биік болсын»,- деп қазақ бата бергенде бекер айтпаған. Сол сол шаңырақты тіреп тұрған – уық. Уықты біздер қазақ елінде тұратын әр ұлт өкілдеріне теңейміз. Елімізде тыныш, тату тұрып жатқандықтың белгісі іспеттес. Тұлпар – ең төзімді, ең сымбатты түлік. Тұлпардың біз үшін маңызы зор. Сонымен қатар, жұлдызға келер болсақ, әр адамның өз жұлдызы бар. Жұлдызы жанған адам бақытты болады. Сол сияқты біздің елімізде бақытты, берекелі, шексіз ғұмыр кешсе, қазағымның бар байлығы берекелі болса, қазақ баласының арманы орындалғаны деуге болады.

Ту – елдігіміздің, егемендігіміздің нышаны. Көк байрақ, қыран құс, қазақ оюлары мен алтын күн ерекше мән-мағына береді. Көк аспанда қыран құстай алаңсыз шарықтап ұшсақ, бақытты өмір кешіп, көгілдір аспанымызда алтын күнімізден нәр алсақ, қазақ даласының бақытының баянды болғаны емеспе?!

Әнұран – әр адамға ұлттық рух беретін, адамның патриоттық сезімін оятатын қастерлі ән, құдіретті әуен.

Көк байрағымыз бен елтаңбамыз желбіреп, әнұранымыз шырқалса, қазақтың қара домалақ баласының жүрегі сарқылмайтын қазынаға толы, баға жетпес асыл дүнеиемен қуаттанатыны хақ.

Ең құнды, қазақ елін қазақ етіп көрсететін ол – тіл. Тіл – аса қасиетті құндылығымыз, байлығымыз. Қазақ тілі өте бай, көркем, көрнекті тілдердің бірі. «Тілі жоғалған елдің, өзі де жоғалады»-демекші, әр адам өз анасының сүтімен дарыған, анасының әлдиімен құлағына сіңген ана тілін ұмытпауы тис. Тілді өзге тілдің сөздерімен қосып, бұрмалап сөйлеу, тілді кемсіту, қорлау - аяққа таптау болып табылады. Қазақстан тәуелсіз ел болған соң, өз тілі қабылданды. Қаншама жыл Ресей отарында болған соң қазақ тілі, орыс сөздермен байланысып, тілімізді жоғалтып ала жаздады. Бірақ әліде тілімізді жетілдіріп, оны насихаттауымыз керек деп есептеймін. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек»,- деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, тілді бұрмаламай, нақышына келтіріп сөйлеп, қадірлейік!

Қазақ тілі – тек қана Қазақстандықтарға ғана емес, сонымен қатар елімізде тұратын өзге елдердің де ана тілі. Берекесі мен бірлігі жарасқан елде өзара тату болу, бұл қазақтардың меймандылығы, жомарттылығы, ымырашылдығы деп есептеймін.

Баяндамамды Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында көрсетілгендей, қоғамда тұрақтылықтың үздік кепілі азаматтардың бақуаттылығы мен әлеуметтік қауіпсіздігі екендігін атап көрсеткен болатын.

Олай болса, бүгінгі күні біздің әрқайсымыз өзіміздің жасампаз еңбегімізбен, күш-жігерімізбен елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, егемен еліміздің кемелді келешегін қамтамасыз ететіндігімізге сенімім мол.

Менің Президентім

Ақ киізге құрметпен отырғызған,

Президентіміз бар біздің зерек туған.

Ел, жұртын ол татулыққа шақырған,

Басқан жеріне әрқашанда бақ қонған.


Жүректері нәзік гүлдей дір еткен,

Осы жерге тәңір өзі гүл еккен.

Президенттің арқасы ғой бәрі де,

Елімізде тұрып жатқан жас, кәрі де.

Алгалиева Адила

2 «г» сынып оқушысы


Елордам – бас қалам

Астанам-бас қалам,

Есілге сән берген жас қалам.

Береке-бірліктің, достықтың,

Бастауы өзіңнен Елордам!


Ақмола өзгеріп, жаңарды,

Сан арман мәрмәрдан қаланды.

Бәйтерек – шаһардай салынды,

Жалынды жастардың қолдауы.

Сырымов Ибрахим

2 «Г» сынып оқушысы


Ана тілім

Құрметпенен қараймын, ана тілім қазынам,

Талай ақын тілім деп, өлең жазды тек саған.

Қазақ тілді әр қазақ қорламасын ешқашан,

Қымбат маған, қазағым, қазақ тілім әрқашан


Мұрат Райана

2 «Г» сынып оқушысы


Тілім менің тірегім


Тілім байлық, бейбітшілік берекем

Тіл арқылы құлпырады мерекем.

Ана тілсіз қалай тыныс алармын.

Адамзаттар егер сені білмесе,

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт қандай адам тапты екен.


Жақсылыққызы Дина

2 «Г» сынып оқушысы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!