Тәуелсіздік - тұғырым!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік - тұғырым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы жазылған. Бүгінгі таңдағы елдік мәселелер айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік-тұғырым

Шайқалып тас бұғаудың тас қамалы,

Еркіндік тоқсан бірден басталады.

Қазақтың таңы атып, тарих күліп,

Шырқалды азаттықтың асқақ әні.

Ғабиден Қожахмет

Иә, осы күнді ата-бабам ғасырлар бойы алысып күтті. Қазақ халқы ешқашан біреудің жеріне көз тігіп, басқаның тыныштығын бұзып арын кірлеген емес. Бірақ халқына күн туғанда атойлап жанын беріп елді, жерді қорғаған текті халық еді. Елінің тәуелсіздігін көз қарашығындай сақтаған сонау сақ патшайымы Томиристің ерлігінің өзі бізге үлкен үлгі болуға тиіс. Біз кейде "Тәуелсіздік" деген ұғымға онша мән бермей жатамыз.

Тәуелсіздігі жоқ халық-құл халық. Құл болған адам еркін ойлай алмайды. Жаңа идеялар тудырып, Алланың нығметтерін аша алмайды. Екі ғасыр орыстың боданында болып, отаршылдықтың зардабын әбден көрген қазақ халқына осы жылдар арасында ес жинау оңайға соққан жоқ. Құлдық сананың көрінісі елімізде әлі де байқалады. Қорқақтық, енжарлық, жалқаулық т.б.сүйкімсіз қасиеттер баяғыда отар болмаған қазақта жоқ еді. Қазақ бір сөзді, батыл, ержүрек, ақ жүрек, еңбекқор ел еді. Енді-енді рухани жаңғырып, шынайы төл тарихымызды танып келе жатырмыз. Қараңыздаршы, алысқа бармай-ақ Украинаны алайық. Ол да орыстың боданында бізбен қатар болды. Бүгінгі таңдағы соғыс - сол құлдықтан құтылу. Палестинада неге соншама күнәсіз сәбилерін қиып Израилмен соғысып жатыр дейсіз? Бәрі де тыныштықты қалайды? Бірақ жері болмаса ше? Ертең елі қайда барады? Кімді барып паналайды? Осыны таразыдан бір өткіздік пе? Бар жиғанымен қоса кредитке батып, қарызданып ертеңіне алаңсыз отырған, міне, біздер бір сәт ойланайық! Ата-бабам қанымен келген жерді қалай сақтаймыз?Тілі мен дәстүрі бай ұлтымызды қалай қорғаймыз? Мұның бәрі бізге аманат екенін, біздің болашағымыз екенін ұмытпайық! Сол жолда аянбай еңбек етіп, білім игеріп,жаңа техника және технологиямен қаруланып тәуелсіздігімізді нық сеніммен қорғайық! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2023
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі