Тәуелсіздік – бабалар
аманаты
...Тәуелсiздiк –
ата-бабаларымыздың жүздеген
жылдармен өлшенетiн
арман-аңсарының
жүзеге асқан
ақиқаты.
Нұрсұлтан
Назарбаев
Халықты мемлекет екен деп
таныттыратын белгісі оның өзге елден тәуелсіздігі, қорғалған
шекарасы және елінің егемендігі. Тарихтан сыр шерте отырып, ата –
бабамыз қанымен жанымен қорғап келгені бәрімізге
мәлім.
Мыңдаған жылдар бойы
аңсаттырған тәуелсіздікті алғанымызға 30 жыл толып отыр. Еліміздің
тарихына көз тастар болсақ, тәуелсіздік жолындағы күрес сонау
Ордабасыдағы жиыннан бастау алса керек. Үш жүздің басы қосылып
елім, жерім деп өксіген елдің ерен ерлері қазақ халқының бостандығы
үшін күресті.
Жойқын соғыстардан тағдыр
тәлкегіне түскен қазақ халқы шекара қамымен соғысса, бергі заманда
қазақтың көкірегін оятып, көзін ашуға біршама күш жұмсалса керек.
Ендігі кезде сәбет одағының қысымында болған елдің қамы зиялы
қауымды алаңдатты. Жүріп тұру еркіндігінен бұрын, қазақты қазақ
болудан бас тартқызу мен мазақтан азат еткісі келген азаматтарымыз
қаншама тер төгіп, жанын беруге дейін дайын болды. Ресей озбыр
жүйесінің көлеңкесінен арылу сол уақытта зиялы қауымның еншісіне
берілді. «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін
ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.» деп Әлихан Бөкейханов
айтпақшы қараңғы халықты ағартудың да ертеңгі тәуелсіздікті алуға
бағытталғандай.
Қыршың кеткен боздақтарымыздың
жанын алған желтоқсан оқиғасы еш ұмытылмас. Бүгінгі күнге дейін сол
жылғы желтоқсанның ызғарын сезініп келеміз. «Қазақ елін қазақ
басқарсын.» деп әділеттілікті сұраған жас буынның талабы қазіргі
таңның қанатты сөзіне айналғаны баршамызға белгілі. Әрбір боздақтың
құрметіне бір минуттық тыныштық жарияланса, қазақ халқы сансыз
минуттар үнсіз тұрар ма еді дерсің.
«Тәуелсiздiктiң әрбiр жылының
бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша.» деп Нұрсұлтан Әбішұлы
айтпақшы, 30 жылда алған асуларымыз аз емес. Бүгінгі Қазақстанның
көк аспанын көру ата-бабаларымыздың арман-аманаты. Әлемдік аренаға
шығарып, Қазақ елінің көк туын желбіреткен тұңғыш президентіміздің
еңбегі елеулі деп білеміз. Тоқыраудан қалған мемлекетті көтеру оңай
миссия емес.
Керей мен Жәнібектен бастау
алып, Әлихан Бөкейханов мен Ахмет Байтұрсынұлымен жалғасып,
желтоқсанның ызғарында шырт үзілген жастар Ербол Сыпатаев пен
Қайрат Рысқұлбековтың ерліктері бір мақсат бір мүддені көздеді.
Тәуелсіздік. Егемендік. Бостандық.
Еркін елде өмір сүріп жатқан
біздің мақсат-мүддеміз – осы аманатқа қиянат жасамау. «Біз туған
мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның
игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет
етуге парыздармыз.» деген Елбасының ой толғауын айта кетсем артық
болмайды. Қасиетті Тәуелсіздік ұғымын қастерлеу мен еркін елдің көк
туын желбірету жолында талмай етуді мақсат еткеніміз
жөн.
С.Мәуленов атындағы
гимназиясының
ағылшын тілі
мұғалімі
Нурханова Малика
Айдосовна