Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіздік – ел тірегі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік – ел тірегі! туралы ашык сабак
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел тірегі!

Мақсаты:  Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

Дамытушылық: шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелілік мақсаты: көпұлтты Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балалардың елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Cөздік жұмыс:  тәуелсіздік, рәміз, елбасы

Керекті құрал: Суреттер, ҚР рәміздері, ноутбук.

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотвациялық- қозғаушы

Балалар шаттық шеңберіне тұрып:

-Арайланып таң атты,

-Алтын сәуле таратты.

-Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Күліп шықты күн бүгін!

Тәрбиеші көзіне «сиқырлы көзілдірікті» киіп,: -менің көзімдегі көзілдірік жай көзілдірі емес.Мен бұл көзілдірікті кигенде мен сендердің жан дүниелеріңді көре аламын. Сендердің барлығың да ақылды, білімді екенсіңіз. Менің сұрақтарыма жауап бересіңіз бе?

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Балалар өз орындарына жайғасып отырады.

Балалар таң қалып қарайды.



Балалар жауап беруге келіседі.

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

 -Қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінде қандай табиғи құбылыстар болады?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Суреттермен жұмыс.

-Желтоқсан айында қандай мерекелер тойланады?

-1-желтоқсан- Елбасы күні екенін бәріміз де білеміз. Ал 16- желтоқсан қандай күн?

Суреттермен жұмыс.

\Елбасының суреті, ҚР рәміздері\

ҚР әнұранын шырқату.

-Ал балалар біздің бүгін осы жерде әнұранды орындап, тәуелсіздік мерекесін тойлауымызға өздерін құрбандыққа шалған аға-әпкелерімізге мың алғыс!

Сергіту сәті

Балалар біз тәуелсіздік мерекесіне байланысты кім тақпақ айтады? Ал енді бәріміз «Желтоқсан желі» әнін орындап берейік.


Бір жылда төрт мезгіл бар.

 Қазір қыс мезгілі.

Қар жауып, күн қатты салқындайды.

Барлық мезгілде 3 ай болады.

Елбасы күні, Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа жыл мерекесі.

Тәуелсіздік алған күн!



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Балалар орындарынан ұрып әнұранды орындайды.

Тәуелсіздік құрбандарының суреттерімен танысады.



Балалар жаттап келген тақпақтарын мәнерлеп айтып береді.

Балалар хормен ән айтады.

Рефлекстік түзету

Балалардың бүгінгі алған білімдерін бекіту мақсатында қайталау сұрақтарын қоямын.

-16-желтоқсан қандай күн?

-ҚР елбасы кім?

-Біз қандай республикада тұрамыз?



Балалар сұрақтарға ойлана жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Тәуелсіздік мерекесі , Қазақстан Республикасы туралы ұғымдары пайда болады.

Түсінеді: Осы елдің азаматы екенін , Тәуелсіздік мерекесінің тарихын түсінеді.

Қолданады: Өз елін сүйеді, үлкенді құрметтейді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12