"Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты 8 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
Мақсаты:Оқушылардыеліміздіңтәуелсіздікалғанжылдарішіндегіжеткенжеңістіктеріментаныстыру, әлемтаныған ел екеніндәлелдеу, білімдерінкеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Бейнеролик, «Желтоқсан құрбандарының суреттері» Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері, Нақыл сөздер, слайд, кітаптар.


Барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:

  1. Амандасу

  2. Психологиялық ахуал туғызу.

  3. «Тәуелсіздік жолында» видеоролик көрсету:

а) «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» көрініс

ә) «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» үгіт-насихат тобы

4. «Қалтадағы сұрақтар» /викториналық сұрақтарға жауап беру/

5. Қорытынды.


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!



2-жүргізуші:Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

1-жүргізуші:Бүгінгі 8 «А» сыныбында өткізгелі тұрған «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Баршаңызды «Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүрек, ізгі ниетпен құттықтай отырып, отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін!



Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты.....................................................................

/Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру/



Оқушылар, бүгінгі күніміз үшін және тәрбие сағатымыздың сәтті өтуі үшін бір-бірімізге –СӘТТІЛІК!!!

«Ой ашар» сұрақтар:
1.Тәуелсіздік дегеніміз не?

2. Тәуелсіз Қазақстанымыз қандай?



Оқушылар жауабы.....

Өте жақсы, сендер сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымызға қаншалықты дайын екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың жүргізушілері сыныбымыздың белсенді, әрі дарынды оқушылары Сейфолла Сәкен және Ибраева Нұргүл.



ІІ. Негізгі бөлім



2-жүргізуші:Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Олар елі мен жері және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.



1-жүргізуші:Біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Тәуелсіздікке жету жолында басынан өтпеген ауыртпашылығы жоқ. Сол бір сұрапыл кезеңдердің бүгінде елес болып қалған бейнесін көз алдымызға әкелейікші!



«Қазақстан Тәуелсіздік жолында» бейнеролик көрсету



2-жүргізуші: Бұл бейнеролигімізде сан ғасырлар бойы жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап, елінің еркіндігі жолында күресіп, жанын қиып, қаны төгілген ата-баба ерліктерінің ең ауыр, ең атаулы оқиғалары іріктеліп алынған.



1-жүргізуші: Ал енді, осы бейнероликтен не көрдік, қандай оқиғаларды байқадық ойларыңмен бөлісе отырсаңдар!



(оқушылар өз ойын айтады)



2-жүргізуші: Жақсы, рахмет сендерге! Ал енді соңғы көрсетілген бөлімдері бойынша: яғни, желтоқсан оқиғасын -«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» және Тәуелсіздік алған кезеңді - «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» атты екі тақырыппен алып, өздерің қалаған бір әдіс түрімен қорғап кетсеңдер деген өтініш айтқым келіп тұр.



1-қатардың оқушылары: Біз «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбын Қайрат ағамыздың соңғы тергеуіндегі сәтімен көрсетіп кетсек, рұқсат па?

1-жүргізуші: Әрине, қане олай болса ортаға шығыңыздар!

Жастарымыз жазықсыздан құрбан боп,

Халқы үшін жақсылықты тіледі.

Ешкім білмес қанша құрбан болғанын,

Жас өрімдей гүл қыздардың солғанын.

Сезінбеді төрде отырған ағалар,

Қандастардың қанша жанын алғанын.


А) /Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс/

Қатысушылар: Қайрат, тергеуші, милиция қызметкерлері, Қайраттың анасы.

(Милиция қызметкерлері Қайраттың қолын қайрып, тергеу залына алып кіреді)

Тергеуші: Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?



Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын. Қазақ қыздарын жазықсыз ұрып жатыр дегенді естіп, қыздарға араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп мен надан болайын?

Ортам надан болған соң,

Қайда барып оңайын?

Қасқалдақтай қаным бар,

21-де жасым бар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Атам десең атыңдар!

  • Апа, апа-ау, естимісің? Мен жазықсызбын, апа!

Апасы: Қарашығым, қайран балам – ай,

Құлыншағым, жаным-ай!

Құлағыма келеді,

Алыстан айтқан зарың-ай!


Қайрат: Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асып, атқаны.

Маған ауыр солардың да бәрінен,

Өз ауылымның иттері үріп қапқаны.


Тергеуші: Сен қылмыскерсің, Савицкийді сен өлтірдің, мойында! Әйтпесе күшпен мойындатамыз. Ату жазасына кесілесің, деп айқайлайды.


Қайрат: Мен өлтірген жоқпын.


Тергеуші: Алып кетіңдер! (Қайратты сүйреп алып кетеді)


Қайрат: хош-аман бол артымда,

Ағайын-туған, азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!



2-жүргізуші: «Желтоқсан жұлдыздары» - жалынды жастарымыз бен қыршын кеткен боздақтарымызды орнымыздан тұрып, бір минут үнсіздікпен еске алайықшы!(1 минут үнсіздік)

Рахмет сіздерге отыра берсеңіздер болады.



2-қатардың оқушылары: Ал біз «Азаттықтың ақ таңы – Тәуелсіздік!» тақырыбын үгіт-насихат жұмыстарымен қорғап кетсек бола ма?



1-жүргізуші:Өте жақсы, әрине қорғауға болады келіңіздер!!!



Музыка. Ә) /Үгіт-насихат тобы/

Мұхамеджан: Біз – Тәуелсіз елдің ұландары!(хормен)

Мұхамеджан: Біз – болашақтың бүгінгі бастауы(хормен)

Ерасыл: Елдің мерейін асқақтатып, даңқын әлемге айғақтау біздің қолымызда

Аян: Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз, демек біздің Отанымыз – Қазақстан!(хормен)

Диас: Бұл дүниеде бізде бір ғана Отан, бір ғана жер, бір ғана аспан бар.

Мұхамеджан:Біздің Отанымыз ортақ, демек жүрегіміз де біртұтас, ұмтылыстарымыз да бірдей.

Ерасыл: Біздің алдымыздағы үлкен міндеттердің бірі жастарымызды білімге, отансүйгіштікке баулу. Қазақстанымызды, қазағымызды, ел ішіндегі татулықты, бірлікті насихаттау. Тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу


Тәуелсіздік(хормен)– қандай ыстық, қасиетті сөз - Аружан

Тәуелсіздік(хормен) – еліміздің тірегі - Аяужан

Тәуелсіздік (хормен)- еліміздің күш-қуаты – Заман

Тәуелсіздік(хормен) - халқымыздың сан жылдағы Ұлы арманы–Сәкен

Аяужан: Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы

Аружан: Халықпыз бірлігі зор, бір туысқан

Шеңгелін сала алмас ара дұшпан.

Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,

Тәуелсіз, егеменді Қазақстан!


Заман: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз(хормен). Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Сәкен: Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік(хормен). Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренаден көрінуі, кешегі «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмесінің қазақ жерінде өтуі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе?


Мұхамеджан:Ең жарқын сөз – Отан!(хормен)

Заман: Ең басты сөз – Қазақстан!(хормен)

Сәкен: Ең қуатты сөз – Елбасы!(хормен)

Аяужан: Ең қасиетті сөз – Тәуелсіздік!(хормен)

Аян:Қазақстан – біздің болашағымыз!

Диас:Қазақстан - соғып тұрған жүрегіміз!


Аян:Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,

Жет алмай құрбан болды қанша адам.


Диас:Махамбеттер, кеше өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.


Мұхамеджан:Құтты болсын, Тәуелсіздік мейрамы,

Барша жанға еркін өмір сыйлаған


Мұхамеджан:Біздің Қазақ елі: 1.Азат, 2.Өжет, 3.Бай, 4.Озық, 5.Тату, 6.Рухты, 7. Еркін, 8. Дана халық

(музыкамен шығып кетеді)



2-жүргізуші: Бәрекелді, жарайсыңдар!!! Біреулерің кешегі өткен тарихымызды көз алдымызға әкеліп жанымызды тебірентсеңдер, енді біреулерің Тәуелсіздігіміздің бал татыған дәмін татып өмір сүріп жатқанымызды айтып қуантып тастадыңдар.



1-жүргізуші:Тарихқа біраз көз жүгірттік,Тәуелсіздігімізді жырладық. Енді сол Тәуелсіздік алғанға дейінгі және кейінгі жылдардағы атаулы жылдардың кейбіреулерінетоқталып, жадымызды бір жаңғыртыпкетсек, қалай қарайсыңдар?



2-жүргізуші:«Қалтадағы сұрақтар» деп аталатын бұл бөлімімізде сендергетүрлі - түсті қалталарда жасырылған сұрақтар беріледі. Сол қалташаларды ашып сұрақтарға жауап бересіңдер.Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі.



1-жүргізуші: Сұраққа бірден жауап беруге және өзге оқушылардың білмеген сұрақтарына жауап берулеріңе болады. Олай болса қалташаларды таратуды бастаймыз.



Сұрақтарды екі жүргізуші кезекпен оқиды.



2-жүргізуші: Жарайсыңдар, алған білімдеріңді жақсы дәлелдеп шықтыңдар. Тарихымызды, шежіремізді білу қайсымызға болса да үлкен парыз ғой!



1-жүргізуші:Ал енді балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан өздеріңе алған әсерлеріңмен бөлісу үшін «Тәуелсіздік маған қымбат себебі,.............» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді аяқтап кетіңдерші!


2-жүргізуші: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.


1-жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!



«Тәуелсіздік әні» қосылып ән шырқалады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
2330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі