Тәуелсіздік – мәңгілік елдің
тұғыры
Тәуелсіздік
бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не
қиындық көрмеді?
Жылап тұрып
аналарым бұл жолда,
Сан перзентін
қара жерге жерледі.
Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы
тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына
қайта егеменді ел
болған күні. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз
алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да
болды. 1991
жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы
Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі
туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы
елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды
қабылдады. Бұл заң 1990
жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі
туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Биыл
еңселі еліміздің Тәуелсіз болғанына 30 жыл
толуда. Осы орайда, ауданымыздағы Бердібек Соқпақбаев атындағы
жалпы орта тептептің тарих-география пәні бірлестігі ұйымдастырған
іс-шараға ат салыстық. Мектеп ішіне кіре берістен бастап мерекелік
көңіл - күй сыйлайтындай көріністі көріп, керемет күйге бөлендік.
Бірінші қабатта ұйымдастырылған «Тәуелсіз менің туған өлкем»
тақырыбында орналастырылған бұрыш оқушылардың қолынан шыққан
макеттер, қолдан салынған суреттер ерекше назарды аудартты. Еңбек
пәнінің мұғалімі М.Түршекованың және шәкірттерінің қолынан шыққан
өнер туындыларыда Қазақстан туралы сөйлеп тұрды. Кітапханашы
Г.Айдаровада көрмеге барынша ат салысып, Елбасы, Қазақстан туралы
кітап көрмесін жасап, көрме тамашалаушы оқушылар мен ұстаздарға
Елбасымыздың өмір жолы, Қазақстанның қилы тарихы туралы түсіндіріп
берді. Тәуелсіздік мерекесіне тұспа-тұс келген бірлестіктің он
күндік декадасын өткізу үстінде екен. Алғашқы күні, мерекелік
іс-шараның ашылу салтанаты болып, мектеп директоры Г.Ғаниева және
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байқоңырова ұстаздар
мен оқушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Оқушылардың ән-жырларымен шашу шашылған апталықтың басы керемет
көңіл –күймен өтті. Тарих-география пәні бірлестігінің жетекшісі
Г.Еркинова және мүшелері Н.Қосаева, А.Сайманова, А.Эстемесова,
А.Рахманова, М.Тәттібек, Д.Қаныбекова, Г.Кенжебаевалар өз
сыныптарында ашық сабақтарын жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы
өткізді. Сонымен қатар, сынып жетекшілер тарапынанда мерекелік
іс-шараға сыныптарында ашық тәрбие сабағын өткізіп, атсалысты.
«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» – демекші,
оқушыларға тәрбиелік мәні бар көріністер, патриоттық ән-жырлармен
қатар сусындатып жүрген сынып жетекшілеріміз Цой Э.А. «Моя Родина
Казахстан», А.Рахманова «Тұғыры биік Тәуелсіздік», И.Шералиева «Под
независимым стягом Казахстана», А.Асқарова «Тәуелсіздік
жүрегіміздің төрінде», Ұ.Беркімбаева «Тәуелсіздік тұғырым»,
М.Митаноа «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағаттарын
өткізсе, М.Тәттібек пен Д.Қаныбекова «Қызық екен», Г.Кенжебаева
«Кім жүйрік» интеллектуалдық ойындар үйымдастырды. Тәуелсіздікдің
30 жылдығына арналған мектепішілік шараның қорытындысын
тарих-география пәні бірлестігі мен ұйымдастырушы педагог
З.Тілеубердиева жасады. Әр бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар
бағаланып, белсене қатысқан оқушылар, сыныптар марапатталды. Жалпы
мектеп ұжымы болып атсалысқан мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде
өтті.
Бүгін біз дербес ел болып,
уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді
құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды
желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол
жеткізуіміздің арқасы. Олай болса, Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай
оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына
аманаттап тапсыруға тиіспіз. Мерекеміз құтты
болсын!
Ақмарал
Рахманова.