Материалдар / Тәуелсіздік- тәубе етер қасиетті ұғым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік- тәубе етер қасиетті ұғым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биомарова Жазира Аралқызы. Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны. «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Түркістан облысы. Ордабасы ауданы . Қарақұм елді мекені.


Тәуелсіздік - тәубе етер қасиетті ұғым. (эссе)


Бағалай білмегенге бақ қонбайды,

қуана білмегенге құт қонбайды.

Әбіш Кекілбаев

Тәуелсіздік – тәубе етер қасиетті ұғым. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз» - деп, ел басына күн туған жағдайдың өзінде еркіндік үшін күресті орасан зор қайраткерлікпен жалғастыра беру керектігін мегзеп отыр.

Ұлтымыздың тарихына көз жүгіртсек, ұлт болып қалыптасуымызға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды сақтап қалуға, ел бірлігі мен жер кеңдігін дін аман ұрпаққа аманаттау үшін мыңдаған жылдар толассыз күреспен өткендігін байқаймыз. Жаймашуақ күндерімен қоса қасіреті де қатар жүретін қилы заманды басынан өткерген қайсар халық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін, 1917 жылғы ұлы қазан төңкерісін, 1931-1932 жылғы ашаршылық нәубетін, 1937-1938 жылдары ұлт көсемдері атанған зиялы қауымды қынадай қырған репрессияны, 1941-1945 жылдары неміс фашистерінің тұтқиылдан шабуыл жасаған Ұлы Отан соғысын, 1986 жылғы тәуелсіздікті ұрандап алаңға шыққан жастардың жазықсыз қырылған «Желтоқсан» оқиғасын қайыспай көтерді. Ұлан байтақ жер үшін, Қазақ мемлекеттігінің мәңгілік сақталуы үшін болған күресте арқасын оққа төсеген нар тұлғалы ер-азаматтардың қанымен, тілеуін тілеген, ботадай боздаған ананың көз жасымен, өрімдей жастың жалындаған жігерімен, арманымен келген Тәуелсіздік сөзі - киелі, қастерлі ұғым.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ елі өз Тәуелсіздігінің туын тікті, өз Президентін сайлады, өз көшін түзеді. Мемлекет азаматтарының құқықтарын, заңдарын нақтылайтын Конституция қабылданды. Әлемдік деңгейге танылу жұмыстары қарқынды жүрді. Қазақ ұлтының әнұраны шырқалды, көк туы желбіреді, елтаңбасы еншіленді, ұлттық валютасы қолданысқа енді. Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы Елбасымыздың айтқан сөзі.»Уақыт қарқыны зымыран.Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді.Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңселі биіктей беретініме сенемін деген болатын. Қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу мойнымыздағы парыз .


Заманымыздың заңғар жазушысы, тәуелсіздіктің тұғырлы болуына үлес қосқан қайраткер Әбіш Кекілбаев: Кешегілердің еңбегін елемесек, бүгінгіміздің көңіліне қарамасақ − ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз?!» деп, өткен мен бүгінді, келешекті сабақтастыра отырып, әлі талай жүкті көтеруге тура келетіндігін айтты. Тәуелсіздік - Қазақ ұлтының жасампаз, Мәңгілік ел болатындығының айғағы. Ертеңгі елдің келешегі үшін еңбектен,Отаның ошағында от болып жанған жалын бол. Ендеше әрқашан да әрқайысымыздың «Кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!!!»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!