Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 7 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ЖКО-да зардап шегушінің киімін шешу ережелері»

Сабақтың мақсаты:

- оқушыларды жол-көлік оқиғасы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен таныстыру;

- төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету шараларын, қобдишаны пайдалана білуді дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)



Оқушылар сәлемдесіп,түгендеу


Сабақ басы (15 мин)












Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі және жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің өмірі үшін жауапты болады. Және олардың әрқайсысы ЖКО кезінде істеуге қажетті және істеуге болмайтын іс-әрекеттер туралы біле аласыз, өйткені, әдетте, мұндай жағдайларда ойластырылмаған шешім жасау адамдарға тән. Бұл мақаладан сіз жол-көлік оқиғасы кезінде жасалатын қадамдық іс-әрекет пен жүріс-тұрыс ережелері туралы біле аласызЖол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға.

ЖКО түрлері:

Қақтығыс

Аударылу

Кедергіні соғу

Жүргіншіні басып немесе соғып кету

Велосипедшіні соғып кету

Тұрған көлік құралын соғу

•  Ат-арба көлігін соғу

Жануарлар басып немесе соғып кету

Жолаушылардың құлауы

Өзге оқиғалар

ЖКО кезінде:

  1. зардап шеккендердің бар-жоқтығын тексеру, егер бар болатын болса жедел жәрдем шақыру;

  2. "апаттық сигналды" қосу және апаттық аялдау белгісін орнату;

  3. егер оқиға куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу керек. Бұл ерекше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін;

  4. әкімшілік полиция қызметкерлері (егер зардап шеккендер болмаса – 102/ бар болса – 112 (қоңырау шалу тегін)) мен сақтандыру агенттерін шақыру (тел.: сақтандыру куәлігінен қараңыз).




Оқушылар ЖКО кезінде қандай түрлері болатын түсінеді. Зардап шеккендер болса қалай көмектесетін біледі.

слайд











Ортасы (20 мин)


ЖОЛ ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ ТҮРЛЕРІ

Бір немесе бірнеше көлік құралының қатысуы салдарынан болатын жол-көлік оқиғасын ЖКО деп атайды: бұл жаяу жүргіншінің машинамен қақтығысуы, мотоцикл жүргізушісі мен велосипедшінің машинамен қақтығысуы және бір немесе бірнеше автомобильдің қақтығысы болуы мүмкін. Бұл жылдамдығы бойынша, соққы бағыты бойынша түрлі апаттар – жанынан, бетпе-бет, жанама және артынан келген соққы болып бөлінеді. ЖКО зардап шеккен адамның кандай зақым алғанын алдын ала түсіну үшін, соқтығысу түріне назар аудару қажет. Көп нәрсе осыған байланысты болады.

Бетпе-бетпе соқтығысу

Мұндай жағдайларда бассүйек-ми жарақаты, кеуде қуысының, іштің зақымдануы, жамбас сынығы жиі орын алады. Сондай-ақ, зардап шеккен адамның аяқтарын автомобиль шанағы немесе қозғалтқышы қысып қалуы мүмкін.

Жанама және бүйірінен

Бұл жағдайда бассүйек-ми жарақаты, соққы бүйірінен келгендіктен кеуде қуысының, бұғананың сыну, бассүйектің, қабырғаның, жамбас буынының зақымдануы мүмкін.

Артынан

Артынан соққан кезде көп жағдайда мойын бөлігі мен омыртқа бағанасы жарақат алады. Бір мысал келтірейік, кенет тежелу және соққы салдарынан болған омыртқаның мойын бөлігінің сынуы

Біз, жоғарыдағы сипаттаулардан ашық көрінетін немесе жасырын жарақаттың бар екендігін болжай аламыз. Жарақат кезінде адамда есеңгіреу сезімі пайда болады, оның психомоторлық қоздыру сатысы бар, ол кезде адам өзінің шынайы жағдайын дұрыс бағаламайтындығын біз бұрынырақ айтқан болатынбыз. Халықта айтады ғой, қызу, қозу, эмоциялық жарылу басталуы мүмкін, олардың кесірінен тіпті көмек көрсететіндер де жәбір көреді. Немесе әдетте, зардап шеккен адам жарақат деңгейін дұрыс бағаламай, медициналық көмектен бас тартатын жағдайлар да өте көп: ол белгісіз бір ауырсынуды, әлсіздікті сезінеді, алайда әдетте оны басынан кешкен соққымен байланыстырады, кейіннен ешқандай әрекет жасамаудың соңы қайғылы жағдайға алып келеді. Ең қауіптісі осы.

АСҚЫНДЫРУ ТУРАЛЫ

Апат кезінде зардап шеккендерде травмалық шок туындауы мүмкін – бұл ауырсыну импульсының үлкен ағымымен байқалатын айтарлықтай қауіпті жағдай. Адам сұйықтықты жоғалтады, шок кезінде қан тамырлары босаңсиды, сондықтан қан айналымының көлемі азаяды, қан қысымы түседі де, қан жүрекке қайтып келмейді.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің іш және кеуде қуысының жарақаты, қуыс және қуыс емес ағзалардың жыртылуы мүмкін, бұл да өте қауіпті. Сыртқы белгілері болмаса, олардың жағдайлары күрт төмендеуі мүмкін. Айтып өткеніміздей, мұндай жарақаттар кезінде өліп кету қаупі өте жоғары.

Соқтығысу кезінде көп жарақаттар (политравма) алу да кең таралған – сүйек пен ішкі ағзалардың көптеген жарақаттары, мысалы, оқшауланған бассүйек-ми жарақаты және қаңқа сүйектерінің сынуы политравмаға жатады.

ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

1. Өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызға қармастан, кәсіби көмекке жүгінген абзал. Жедел жәрдемді шақырамыз. Бұл бірінші.

Апаттың қандай түрі болмасын, зардап шеккен адамды барғысы келмегендігіне, қолхат жазғанына қарамастан, емдеу мекемесіне жіберу керек, тексеруден өту керектігін түсіндіру қажет. Жарақат басында байқалмайды: соқтығысу кезінде терінің астында қуыс емес ағзалардың – бауыр, көкбауыр, бүйректің жыртылуы мүмкін. Алғашқы минуттарда қан бірден қатты кетпей, кейіннен қатты кете бастауы мүмкін (әсіресе көкбауыр және бауыр туралы айтатын болсақ, себебі олар қатты қан ағатын ағза). Бұл жағдайда адам күшін жылдам жоғалта бастайды: қан әрі қарай жарылып кету қаупі бар ағзаның капсуласына жинала береді, ішперде қуысындағы қатты, көп қан кету – геморрагиялық шокты туындатады. Осының бәрінің нәтижесінде, қан кетуден де, шоктан да адам өліп кетуі де мүмкін.

Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, келтіре берсең мысал да көп, алайда бүйрек тамырларының жарақаты, немесе көкбауырдағы ірі артерияның жарақаттануы алғашқы минуттарда-ақ өлімге алып келуі мүмкін. Егер уақытында көмек көрсетілетін болса, адамды құтқарып қалуға болады.

Сондықтан да, адам ЖКО түскен кезде полиция қызметкері немесе апат орнындағы кез-келген адам зардап шеккен адамның жағдайын бағалау үшін жедел жәрдемді міндетті түрде шақыруы тиіс. Жақын орналасқан медициналық мекемеде тексеріс жүргізгеннен кейін ғана, оның жағдайының қауіпті немесе қауіпсіз екендігі туралы сұрақ көтеру қажет.

2. Транспорт құралынан адамдарды шығаруға тырысу керек, себебі ол жарылып немесе жанып кетуі мүмкін.

Егер аккумуляторды ешкім сөндірмесе, ешкім жанғыш заттың ағуының алдын алмаса: адамдардың алған жарақатының үстіне, тағы жаппай күйік шалуы мүмкін. Сондықтан да, жарақаттың түрін ескере отырып, адамдарды ЖКО болған жерден қашықтау жерге жылдамырақ шығару керек.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, соқтығысу кезінде аяқ-қолдың ірі сүйектері, жұлынның сынуы мүмкін және көп жағдайларда (сіздің автобуста, поезд вагонында, трамвайда немесе машинада отырғаныңызға қарамастан), бассүйек немесе омыртқаның зақымдалуына байланысты бассүйек-ми жарақаттары болады. Сол себепті, зардап шеккендерді көліктен шығарғанда және тасымалдағанда өте мұқият болу қажет.

3. Қолынан және аяғынан тартудың қажеті жоқ, себебі біз адамды өзі түспеген жұлын шогына (жұлын сынған жағдайда) немесе жарақат шогына түсіруіміз мүмкін.

Жарақаттанған адамның дене қимылын жасамауы үшін оны көліктен орындығымен алып шығуға болады.

Сондай-ақ тақтай, жұлынып қалған панель сияқты қолда бар заттарды қолданып, зардап шеккен адамды тасымалдауға болады. Сонымен қатар, адамды тігінен жатқызған кезде аяқ-қолдарын қатты ашуға немесе бүгуге болмайды, олардың бастапқы қалпын сақтаған жөн, зардап шеккен адамды медицина қызметкері келгенге дейін  шығару керек.

Омыртқаның мойын бөлігін міндетті түрде бекіту қажет –омыртқаның мойын бөлігінің сынуына алып келетін жарақаттың болу мүмкіндігі туралы ұмытпауымыз керек.

4. Қол астында ешқандай зат болмаған жағдайда, зардап шеккен адмады өз бетінше алып шығуға болады, алайда мұндай кездері өте мұқият болу керек:

Ең бірінші, қауіпсіздік белдігін шешеміз және зардап шеккен адамның ес-түсін білетін-білмейтіндігін тексереміз.

Екінші, тасымалдау кезінде мойын, арқа және аяқ-қолдардың қатты қозғалуына жол бермеу үшін зардап шеккен адамның мойны мен денесін құшақтап, қолдарымызбен каркас жасаймыз.

Үшінші, зардап шеккен адамды ептеп, асықпай көліктен шығарамыз –естеріңізде болса, оның денесі жерге параллель, перпендикуляр да емес «жартылай жамбастап жатады».

Төртінші, зардап шеккен адамның денесін абайлап тегіс бетке жатқызамыз, қол мен аяқтарын ашуға және бүгуге, мойнын қатты бұруға болмайтындығын есте сақтаймыз, себебі зардап шеккен адамның жағдайын ушықтырып алуымыз мүмкін.

Тағы да бір маңызды нәрсе: егер зардап шеккен адам есін білетін болса, одан нақты қай жерінде ауырсынуды сезінетіндігін сұрап алып, осыған сәйкес оны барынша қауіпсіз, сәл қырымен жатқызған жөн. Неліктен? Егер ол есінен танып қалатын болса, оның тілі көмейіне түсіп кетіп, адам тұншығып қалуы мүмкін. Бассүйек-ми жарақаты кезінде құсық пайда болуы мүмкін, біздің зардап шеккен адамымыз өзінің құсығына тұншығуы мүмкін.

Өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы болса, ауруды басатын дәрі беріңіз, киім, жамылғы жабыңыз, себебі жарақат шогы кезінде адамда қатты діріл пайда болуы мүмкін.

Егер зардап шеккен адам ес-түссіз жатса, онда оның пульсі мен тынысын тексеру қажет. Олар болмаған жағдайда, стандартты жүрек-өкпе реанимациясын BLS жасау керек (жүрек тұсына 30 рет басу және екі рет дем алу, осы алгоритмді пульс пен тыныс пайда болғанға дейін қайталаймыз).

Жедел жәрдемді күтеміз.


Оқушылар ЖКО болатын оқиға кезіндегі жарақаттар түрлерімен танысады.

Әр уақытта өздерін сақ ұстауға үйренеді.


Соңы (5 минут)






БІРЕУГЕ СЕН, БІРАҚ ӨЗІҢ ДЕ ҚАРАП ҚАЛМА

Көлік қозғалысы туралы айтқанда, әрине біз біріншіден, қауіпсіздік қағидалары мен нормалары туралы ойлануымыз қажет. Рұқсат етілген жылдамдықпен қозғалу, қауіпсіздік белдігін қолдану, инспектор үшін емес, өлшемі бойынша таңдалған, дұрыс бекітілген балалар орындығын орнату –осылардың барлығы да сіздердің жолдарыңызды қауіпсіз ететін және денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізді сақтайтын жалпыға ортақ нормалар.







Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12