«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»


Күні

09.12.2024 ж

Сынып жетекші:

Кашкинбаева Г.К.Тастанбекова Б.Т.

Сынып: 7 «Ә», 8 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ұлттық рухтың маңызы мен тәуелсіздікке әсерін түсіндіру, ұлттық бірегейлік пен патриотизмді дамыту.

Оқушылардың ой-өрісін, сыни ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Ұлттық сананы қалыптастырып, патриоттық сезімді күшейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Бірлік және Ынтымақ

Тәуелсіздік – қазақтың басты құндылығы. Қазақ елі үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткен, Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың тарихы түгенделіп, тілі, діні және ділі қайта жаңғырды. Мемлекеттің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрі жанданды.



Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)



















Сабақ басы (20 мин)



1. Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру.


Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.


Қызығушылықты ояту :

Мұғалім:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.


Тақырыпқа байланысты сұрақтар:


Ұлттық рух дегеніміз не?


Ұлттық рухты қалай түсінесіздер?


Тәуелсіздік пен ұлттық рухтың байланысы қандай?



Жаңа материалды түсіндіру:

Мұғалім:


Ұлттық рух – бұл халықтың өз мәдениеті, тіл, тарихы, дәстүрлері мен ұлттық болмысын сақтауға деген құштарлығы. Ол адамдардың өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін, құрметін білдіреді.


Ұлттық рухтың тәуелсіздікке әсері туралы түсінік:


Ұлттық рух халықтың ерік-жігерін нығайтып, тәуелсіздікке жету жолында күресуге мүмкіндік береді.


Тәуелсіздік – ұлттық рухтың көрінісі, себебі халықтың сан ғасырлық күресі мен ұлттық санасының дамуы осы тәуелсіздікке алып келді.


Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін өткен тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы айтылып, олардың ұлттық рухтың қалыптасуына қосқан үлесі туралы баяндалады.








Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың мақсатымен танысады.










Оқушылар пікірі:

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан МоңғолияФранцияЖапонияОңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.



Слайдтар


Видеоматериалдар


Тақырыптық плакаттар


































Ортасы (10 мин)











Қауіпсіздік сабағы






Мұғалім:

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды

Оқушылармен жұмыс :

Топтық жұмыс: Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа тәуелсіздік үшін күрескен қазақтың ұлы тұлғаларын анықтап, олардың ұлттық рухқа қосқан үлесін талқылау тапсырмасы беріледі. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді.

Сілтеме: https://youtu.be/gebdwRb6Pw8



















Оқушылар постер қорғайды.



Оқушылар ведио роликті көріп,пікір алмасып,постер қорғайды.






Слайдтар


Видеоматериалдар


Тақырыптық плакаттар





























Слайдтар


Видеоматериалдар


Тақырыптық плакаттар





Қорытынды:


Оқушыларға ұлттық рух пен тәуелсіздік арасындағы байланысты түсіндіріп, қорытынды жасау.


Сабақта айтылған негізгі ойларды жинақтап, ұлттық рухтың біздің қоғамдағы, мәдениеттегі, ел болашағындағы маңызын талқылау.



Сабақ барысында оқушылар ұлттық рухтың маңызын түсініп, оның тәуелсіздікпен тікелей байланыста екенін ұғады. Олар өз халқының тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, ел болашағы үшін үлес қосуға ынталанады.

Слайдтар


Видеоматериалдар


Тақырыптық плакаттар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі