Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан –жүрегім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан –жүрегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Тәуелсіздік туралы түсінік берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы











Күні : 08.12.2022

Сыныбы : 9 «А»

Сабақтың түрі : Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан –жүрегім»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Еліміздің мыңдаған жылдық тарихы бар.

Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған.

Оқушыларға сұрақ-жауап арқылы тақырыпты түсіндіру.

Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген.

«Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылады. Керей мен Жәнібек бастаған саясат елді жаудан қорғады. Қазақ хандығы 1465-1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін , Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы-Керей, соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы.

Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?

1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 194 1жылы маусымның 22 де болған еді.

Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.

Желтоқсан көтерілісі

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа – ағаларымыз ерлік көрсетті...

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.

1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран.

Бұл халық бірлігінің белгілері. бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндет.Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын- Жұмекен Нәжімеденов және Н.Ә. Назарбаев. Әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.

Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты белгісі.

Желбірейді шалықтап Қазақстан жалауы

Көкке қыран қалықтап, Қанат қағып барады.

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың Тәуелсізбін, егеменмін азатпын.

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп, Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.


Оқушылар Тәуелсіздік, желтоқсан туралы тақпақтар айтып, өлеңдер оқыды.

Алихан:

Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.


Нұрғиса:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!


Нұрғасыр:

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.


Дидар:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.



Қорытынды:

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Елбасымыз өзінің жолдауында: Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен болатын. Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі есе сақтайық дей келе бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2023
636
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі