400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-Алаштың арманы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік үшін күрескен ұлт-зиялылары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік-Алаштың арманы

Манарбек Ж.М



Қазақ халқы Ресей бодандығына кіргеннен бастап,(1731-1991жж.) ел жақсылары Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы шықты. Соның нәтижесінде Ресей империясы қазақ жерін толық бағындыру үшін 130 жылын жұмсап,мемлекеттігін түпкілікті жою үшін 116 жыл жаулаушылық саясатын жүргізді. Нәтижесінде Қазақ мемлекеттігі жойылып,тәуелсіздіктен айырылды. Ел тәуелсіздігін қалпына келтіру үшін ұлт-азаттық күрестің түрлі формалары болды.Тарих сахнасына қолына қару алып күрескен батырлар,ән,күйімен,жырымен,ел тәуелсіздігін қалпына келтіруді жырлаған ақын-жыраулар,ағартушы-демократ және еуропаша білім алған,саяси элита дәрежесіне көтерілген – Ұлт зиялылары шықты. Туған халқының тарихына,көрген азабы мен ауыр халіне,арманы мен үмітіне,Отансүйгіштікпен қараған зиялылардың атасы-Қазыбек би,Бұқар жырау Қалқаманұлы болды.Бұқар жыраудың еңбектерінде тәуелсіздік идеясы-Отанды жан аямай қорғау,ауыз біршілік деген бағытта жазылған.

«Айыра алмай жат өлсін,

Айнала алмай ат өлсін

Жат бойынан түңілсін

Бәрің бір енеден туғандай болыңдар»,-деген толғауында елді ынтымаққа,халқын бірлікке шақырады,елдің азаттығын ойлайды.Бұқар жырау шығармаларында көрші мемлекетпен бейбіт қатар дипломатиялық қарым-қатынаста болуды өсиет етеді.Яғни қазақтың шешен билері,жыраулары,ұлт тәуелсіздігін сақтап қалу жолында ел билеушілеріне ақыл-кеңестерін беріп отырған. Отаршылдықтың нәтижесінде дәстүрлі ел билеу заңдылықтары жойылды.Ұлттың іргесін сақтап қалуға қауіп төнді.Сол кезде зар-заман ақындарының көрнекті өкілі,жерлесіміз Шортанбай жырау : «Мына заман қай заман?! Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Орыс-бүркіт,біз-түлкі,

Аламын деп талпынды ....»,деген өлеңі жолдарында елдігімізден айырылып бара жатқан дәуірді көрсетеді.Осы пікірді данышпан Абай Құнанбаевта былай ұштастырады: «Бұрынғы ата-баба заманындағы елбасы топбасылардың билікті жүргізудегі әділдігін,намысқорлығын ұлықтап,осынау екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ,бізде ел қатарына кірер едік». Осы пікір Әлихан Бөкейхановтың еңбектерінде де жалғасын тапқан . «Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай,жақсы жорғадай туысынан болатын,шешен озған би жоғалды.Кім орысқа жағымтал болса,сол жұртты бір қамшымен айдайтын болады.Бұрынғы жүйрік билерден келе жатқан аз,әділ билік жорасы жаман қарапайым тұғыр би,парасына аяқ-асты болды.Пара беріп ақты қара,қараны ақ қылатын күн туды.Қазақ жақсысы орыс етегінен жем жегенді зор өнер көрді». Ұлт арманын іске асыру жолында осы өңірде туып-өскен,Қақпан Жиренбайұлы (1853-1933),Дия Қажы Ахметұлы (1871-1931),Сәрінжіп Әзбергенұлы (1862-1935 )өз еңбектерінде елі мен жерінің қадір-қасиетін жырына арқау еткен ,сол үшін де Кеңес дәуірінде қуғынға ұшырады. Мәселен, ақын Сәрінжіптің «Сарыарқа» атты өлеңінен автордың дүниетанымы, өзі туып-өскен өлкеге деген махаббаты, туған жердің байлығы, арқаның сұлу табиғаты, мыңғырған малы, шұрайлы жерлері, тарихи жер-су аттары обьективті түрде беріледі. Осындай өлеңдер арқылы қазақ зиялыларының Отансүйгіштік қасиеттері айқын көрінеді. Тәуелсіздік жолындағы бейбіт күрестің тағы бір формасы, Алаш зиялыларының тәуелсіздік идеясы және ұлттық мүддені қорғайтын мақалалар жазу болды. Олар негізінен «Қазақ» газетінің бетінде жарияланды. Сол тарихи мақалалардың арқасында «Қазақ» газеті Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта халық арасында ең көп таралған және сүйіп оқитын басылымға айналды. Газет Алтайдан Еділге дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы ұлты үшін жан аямай күресіп жүрген алаш азаматтарын елге таныта білді. Қарқаралы жерінде болған, ұлттың ұстазы Ахмет Байтұрсынов халқымыздың ұлттық мүддесі үшін еңбек сіңірген ағартушы-демократ Абай жайлы «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында былай дейді: «Қазақтың бас ақыны – Абай шын аты Ибраһим Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» дей келе автор «Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, Тасық (таспен) би болатын заманға қарсы туған. Білімі көп адам жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған» деп жазғанының танымдық, тәрбиелік, мәні өте жоғары. Сонымен қатар автор, «Халық ұғатын сөз жазптын адам болу үшін, ол жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Абай сөздің ажарвна қарамай, сыпайылығына қарамай, сыпайылығына қарамай, әр нәрсенің қалыбын сол қалпынша дұрыс айтуды сүйген...» деп талдай келе, Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңінің дұрыстығын көрсетеді, осы мақалада «Абайды бүкіл қазақ баласы тегіс танып,тегіс білуі керек» деп аманат етеді.Өз жұртын білір тануда Абай өлеңдерінің тарихи мәнін XX ғасыр басында түсінген А.Байтұрсынов мақаласының өзектілігі бүгінде айқын. «Қазақ» газетінің бетінде жарияланған «Қазақша оқу жайынан» деп аталатын мақаласында бала оқыту үшін жақсы бағдарлама болуы шарт,ең алдымен оқытатын кітаптарымызды түзеп,сайлап алып,содан соң неден бастап,неге оқытуды белгілеу керек дейді. Яғни бүгін оқу үрдісіндегі неге оқыту ,қалай оқыту деген өміршең сұрақты қазақ ағарту саласындағы ұлы реформатор А.Байтұрсынов жүз жыл бұрын күн тәртібіне қоя білді.Оқу ісін жетілдіру жайын талдай келе,ол мына мәселеге көңіл аударуды ұсынады: «мал бағатындар мал бағуы жақсы білерге керек,ел бағатындар ел бағуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам,әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек,екінші баланың табиғатын біліп,көңіл сарайын танитын адам болса керек.» Осы пікірінің өзі бүгінгі таңда мектеп жасындағы балаларға оқу білім берудегі басты ұлттық ұстанымның негізі болуы керек,яғни кәсіби маман ,қабілетіне қарай білім беру үшін,өз ісінің шебері болуы керек деген талаптарды қоя отырып, «...әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек.Неге десек,болыстық та ,билік те,халыққа оқумен түзеледі... жастардың да заманы жетер. Жақсылыққа жастар мойынын бұрып,қайырылар ,халық түзелуінің үміті жастарда.Сондықтан жастардың қалай оқып,қалай тәрбиеленуін-бәрінен бұрын ескеріп,бәрінен жоғары қойылатын жұмыс»деген тұжырымдамалық мәні бар қорытынды жасайды.Зиялылар еңбектерін талдай отырып ,олардың ой – пікірлерімен бүгін –қазақ үкіметінің алдында тұрған өзекті проблемалардың бірегейі және Ел Президентінің жолдауларында айтылған білім бәсекелестігіне түспей,одан озып шықпай Қазақстанның дамуына жол жоқ, және ол Тәуелсіздікті берік етудің жолы – стратегиялық жоспарының үндестігі айқын көрінеді. Ахмет Байтұрсыновтың «Білім жарысы» деген мақаласында автор «білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар – білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның мағынасы да, көздеген мақсаты да басқа. Ол бірнеше ұлыс, ел жиналып, бір-екі күн дуылдап, ет жеп, қымыз ішіп кеті үшін ғана жасалмайды, бүтін ұлт я дүниедегі бүтін жұрт үшін һәм қаларлық іс үшін істеледі... мысалы: пәлен ауруға ем тапқан, я пәлен ғылымнан, яки өнерден жаңа жол тапқан, я пәлен турасында жазып, кітап шығарған адамдарға беріледі дейді... сыншылары ғылым ордасында тұрған білімді ғалым адамдар болады. Бұлар қарап, сынап бәйге кеседі. Европада, мысалы Нобелевский білім жарысы бар» деп осы жарыста бәйге алғандар жайлы нақты деректерді келтіреді. Автордың пікірінше, білім жарысын ұйымдастыру әр жұрттың қолынан келетін іс, істейін десе қазақтың да қолынан келеді, «жұртқа ғылым үйретудің бас құралы – кітап, сондықтан қазақ арасына білім жайылуына, әуелі оқу үйренетін орындар сайысы болу керек, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі – білім жарысы» дей келе А.Байтұрсынов қазақ байларының өз шамаларына қарай ұлт намысы үшін, басқа жұрттан қалып қоймау үшін, Европа үлгісін үйренсін деп осы мақаланы жазғандығын айтып «Бұған басқалар һәм байлар не айтасыздар?» деген сұрақ береді. Ел болашағын, тәуелсіздігін ойлаған ұлт зиялыларының ұлылығы осы мақаладан тағы да анық көрінеді. Олардың ұлт жандылығына, ұлттың болашағы – ұрпақ қамын ойлап еңбек еткендері бүгінгі қазақ зиялыларына үлгі боларлық қағида. Сонымен қатар гуманист, педагог, зерделі тарихшы Ахмет Байтұрсыновтың «Орысша оқушылар» атты мақаласының тарихи танымдық, тәрбиелік маңызы өте жоғары деп санаймыз. Онда қазақ балаларының оқуы, олардың әлеуметтік жағдайы, оларға қамқорлықтың аз болуы – отар елдің білім-ғылымының дамуына көп кедергінің бар екенін көрсете келе, сол ауыртпашылыққа қарамай бала оқытуға ел болып ат салысуды айта келе ол былай деп жазды: «...биыл школаға кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Стипендия орны алтау-ақ, келген кісі 80, ауқаты көтерсе, өз жанынан оқымақшы ол өте қымбат», дей келе, қазақ байларының талапты кедей балаларына қаржы бөліп оқытса деген ойды ортаға салып, Мамановтар (ауқатты Жетісу байлары) туралы олардың жарлы баласына ақша төлеп оқуына көмек бергені жайлы жазады. «Орысша оқығандарымыздан пайда жоқ деп, қазақ өкпелейді. Егер оқу іздеген талапкерлеріміздің 40-ы ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мамандарша, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып өнер ме?... сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың баласы емес пе? Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын! Балам деп бағып, оқытып, адам қылғаннан кейін, жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой... әуелі, қазақ жұртшылық етіп, оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғырып қалмас үшін қам қылыңдар. Ол үшін әр жердегі оқитын орындарда стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбатта емес. Баланы оқыту ата-анасына ауыр болғанымен жұртқа жеңіл». Ұлт ұстазының осы идеясы бүгінгі қазақ ауқаттыларына да арнап жазғандай. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанда талантты жастар баршылық, көбі ауылды жерден шығуда, соларды іздеп тауып ел мұраты үшін оқытатын сонау ХХ ғасырдағы атақты Мамановтар сияқты қазақ зиялылары көбірек табылар, ел мүддесін ойлап – биік мақсат қойып, Ұлт ұстазының арманы орындалар деген ойға келеміз. Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру идеялары үшін күрескен Орталық Қазақстандық ұлт зиялылары саяси қудалаудың және Кеңестік идеологияның үстемдігінің нәтижесінде ұлт тарихынан алып тасталынды.Соған қарамастан олардың идеялары кеңестік дәуірдің өзінде жалғасын тапты.Соның бірі «ЕСЕП» (елін сүйген ерлер партиясы )деген атпен тарихта белгілі болған жастардың ұйымы.Осы партияның негізін салушылардың бірі Кәмел Жүністегі Шет өңірінің тумасы.Саяси ұйым мүшелері қазақ мемлекеттілігі қағаз жүзінде ғана емес заңды түрде болуын қазақ тілінің статусын көтеру,қазақ жастарын ел билеу ісіне араластыру,қазақ тілінде білім алуға еркіндік беру және т.б.ұлттық мүддені яғни тәуелсіз еркін ел болуды армандады,сөйтіп оны іске асырудың нақты бағдарламаларын жасады.Сол үшінде олар қудаланды.Тәуелсіздік идеясы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,қазақ мемлекеттігінің тәуелсіздігі қалпына келтірілді.Бұл жолда Орталық Қазақстанда еңбек жолын бастап,ұлт көшбасшысы дәрежесіне дейін көтерілген ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі өте жоғары.Оның еңбектерінде бүгінде қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын берік сақтауда ұлт зиялыларының міндеті,мемлекетіміздің стратегиялық түпкі мақсаты – мәңгілік ел болып қалу екендігі жан – жақты тұжырымдалған. Нұрсұлтан Назарбаев Күлтегін жазуында айтылғандай,күндіз отырмастан,түнде ұйықтамастан халқына қызмет көрсетудің жоғалған құндылықтарды қайтарудың,ұлттық сананы тазартудың,жаһандану заманында ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап,озық индустриялы елге айналудың сол арқылы қазақ мемлекетінің мәңгілік ел болып,ел мүддесіне жауап беретін тарихи тұлғаның қандай болатындығын көруге болады. Қорыта айтқанда,арқа жерінде туып өскен тарихи тұлғалардың еңбектерінде ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру идеясының бүгінгі ұрпақ үшін танымдық – тәрбиелік мәні өте жоғары .Қазақ зиялыларының тәуелсіздік алу үшін атқарған қызметін,азаттық күресінің негізгі кезеңдерінің тарихын және осы аймақтан шыққан ұлтжанды зиялылардың өмірін,олардың қалдырған рухани мұраларын сонымен қатар,тәуелсіз елдің бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халқымыздың арманы болған тәуелсіздік идеясын жалғастырушы және қазақ мемлекетін қалпына келтірген,тарихи тұлғалық қызметін,еліміздің өткен тарихи жолдары мен болашағы туралы еңбектерін зерттеп, «Мәңгілік ел» идеясының тұжырымдамалық негізін жастарға түсіндіру,насихаттау Тарих факультетінің жанынан құрылған «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеті болып саналады.































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі