400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Тәуелсіздік бабалардың арманы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, бабаларымыз егемендік ел үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен,өз жерін, елін қорғап ерен еңбек еткен ата-бабаларымыздың арқасында Тәуелсіздік күнінің тәттілігін татып, арайлы таңыныда , бабаларымыздың басында аңыз болған Тәуелсіздік мерекесін тағы да Тәуелсіз елде атап өттік. Бұл қандай бақыт, қандай керемет. Өмір кезеңдері бізді сол күннен алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік бабалардың арманы

Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, бабаларымыз егемендік ел үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен,өз жерін, елін қорғап ерен еңбек еткен ата-бабаларымыздың арқасында Тәуелсіздік күнінің тәттілігін татып, арайлы таңыныда , бабаларымыздың басында аңыз болған Тәуелсіздік мерекесін тағы да Тәуелсіз елде атап өттік. Бұл қандай бақыт, қандай керемет. Өмір кезеңдері бізді сол күннен алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ ұлдары мен қыздарының рухына, ерлігіне деген тағызым, құрмет. Бүгінгі ұрпақ келер күннің жалғасы, мұрагері деуге болады. Сондықтан да бүгінгі күндей тәуелсіздігімізді тойлау, мәртебесін көтеру біз жастардың міндеті болып табылады. Тәуелсіздік оңайға қазақтың басына орнаған жоқ, сан боздақтың ерлігі мен қанының бодауына келген біз елестете де алмайтын қыйыншылықпен орнаған бейбіт күн деуге болады. Бұл жылдарда кім кімнен айырылмады. Кімнің көз жасы төгілмеді. Кімнің кеудесіне шерменде болып жүрегіне шер болып қалмады дейсіз. Тек қана ұрпақ үшін есе-теңдік алып берген кейінгі күнді жарқын етіп кеткен сол батырларымызға басымызды иеміз. Бүгінгі күннің тәуелсіз ұрпақтары өз елінде өзі би,өзі қожа болып өмір сүріп жатыр.

Біз бұны мақтаныш сезініуміз, тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, бостандықтың маңызын түсінуіміз керек. Ұлы мереке А.Асылбеков атындағы ЖББО мектебінде «Тарих, Тағылым,Тәуелсіздік» тақырыбындағы кітапханашы дайындаған ашық тәрбие сағатымен басталды. Балалардың өз өлеңдері Тәуелсіздік туралы тақпақтары әрине аталынып өтуге тиісті мерекенің бірі сан боздақтың қаны мен жанының арқасында келген жүректерге өшпестей із қалдырған, көкіректі қарыс айырар азап ен қыйындықтың арқасында басымызға орнаған күннің маңыздылығы ерекше мағынасы зор деуге болады. Салтанатты мереке ауыл тұрғындарының қатысуымен мәдениет үйінде Мерекелік іс-шара А. Асылбеков атындағы ЖББО мектебінің оқушыларының концерттік бағдарламасымен басталып, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының ант қабылдауымен жалғасын тауып, ерік - жігерге толы әндер шырқалды. Сонмен қатар, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауылымыздың азаматтарына Нұра ауданы әкімінің алғыс хатымен және ауыл әкімінің мадақтамасымен көктемгі су тасқыны уақытында жоғары азаматтық ұстаным, адамгершілік және белсенділік көрсетіп аянбай еңбек еткені үшін Абылкаиырова Р.Ж. Имангалиев С.С. Ержуманов Т.К. Рахимберлин Т.К. Ильясов К.С. Досмаганбетов Н.М. Оспанов А.Р. Ильясов А.Ж. Джакупов К.Е. Саханов Е.Т. Абдикаримов К.А.Дамишева Б.С. ия, әр уақытта да халықпен бірге жасасу, адамгершілік пен қайырымдылық көрсету әрбір азаматтың борышы болып табылады. Еңбекті көру, бағалау керемет қасиет. Еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.

Соңында Тәуелсіздігімізді басымызға қонған бақ, ата-бабамыздың алтын қазынасы,қасиетті қазақ жерінде аяғын алшаң басып көкірегін керіп жүрген әрбір Қазақстандық жастар еліміздің көркейіп гүлдене беруіне өз үлесімізді қосайық, заманымыздың тыныш болып, сәби күлкісінің бұзылмауына кепілдік берейік .








Майоровка ауылы А.Асылбеков атындағы ЖОББ

мектебінің кітапханашысы: Тоқан Сәбира



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі