400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе, мақала. Тәуелсіздік пен бостандық, олар ұсақ -түйек болып көрінгенімен, өте терең мағынаға ие. Адамдарда біздің ата-бабаларымыздан мұра болып қалған нәрсені немесе бізге оңай жететін нәрсені түсініксіз қабылдауға бейімділік бар. Тәуелсіз мемлекеттерде де дәл солай. Егер біз ата-бабаларымыздың қудалауына тап болсақ, олар неге бір нәрсені құрбан еткенін түсінер едік: тәуелсіз ұлттық мемлекет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым!


«Біз бәріміз бір атаның, қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу ол – қасиетті кең қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар ол – Тәуелсіз Қазақстан»

Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіздік пен бостандық, олар ұсақ -түйек болып көрінгенімен, өте терең мағынаға ие. Адамдарда біздің ата-бабаларымыздан мұра болып қалған нәрсені немесе бізге оңай жететін нәрсені түсініксіз қабылдауға бейімділік бар. Тәуелсіз мемлекеттерде де дәл солай. Егер біз ата-бабаларымыздың қудалауына тап болсақ, олар неге бір нәрсені құрбан еткенін түсінер едік: тәуелсіз ұлттық мемлекет. Өзін тәуелсіз мемлекеттің азаматы ретінде шынайы түсіну үшін шетелдік басқыншылықтар мен соғыстан зардап шеккен аймақтарда өмір сүретін адамдардың жағдайын зерттеген дұрыс болар еді. Сіз Кашмир мен Палестина сияқты аймақтардағы адамдар ауыр қаруланған әскерилерге неге зорлықпен наразылық білдіретінін ойлап көрдіңіз бе? Оларды өз өмірлеріне қауіп төндіруге және өмірлеріне қауіп төндіретін жолды таңдауға не итермелейді? Қысым мен құлдықтың құрсауында өмір сүрген бұл адамдар шетелдік тәжірибе адамның ең негізгі құқықтарын жоққа шығарып қана қоймай, олардың мәдениетін, салт -жораларын және әдет -ғұрыптарын бұзатынын өз тәжірибелерінен білді. Олардың тәжірибесі бізге, тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарына, бостандықтарымызды бағалап, Отанымыздың егемендігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Тәуелсіз ұлттық мемлекет өз халқына зор пайда әкеледі. Кейбір зерттеулерге сәйкес, тәуелсіз ұлттық мемлекет адам құқықтары мен қауіпсіздігінің негізгі шарты болып табылады. Ең алдымен, ел біздің жеке басымыз ретінде әрекет етеді және бізге лайықты құрмет пен құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Биыл ащы термен келген тәтті де баға жетпес Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін танытатын маңызды белесі. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ елінің еркіндікке ұмтылған асқақ армандары мен қайсар да батыл рухының жемісі.Сол себепті де біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі және ұмытылмас күн. Ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлдарын құл, қыздарын күң еткізбеуге батырлық, өжеттілік , ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар мен дастандар жетерлік.

Азаттық, Тәуелсіздік қазақтың ежелден келе жатқан арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел Тәуелсіздігі үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды.

Біз кеше жері уланған, дариясы тартылған, теңізі су алған, даласы құм басқан, қаласының сұры қашқан жұрт едік. Ал, бүгін Сарыарқасын орман етіп, сайын даласына орда салған, қашқан теңізін қайтарған, дәулеті асып, берекесі тасыған мерейлі де тәуелсіз ел болдық. Бұның барлығы азаттығын аялап, Тәуелсіздігін сақтаған, бірлікке ұйып, тірлігін оңдаған айналайын алтын елдіміздің,жұртымыздың, Елбасымыздың арқасы.

Елім, жерім деп жаудан кішкентай жері үшін, қаншама қазақ батырларымыз өз өмірлерін қиып,қанды соғыстарда қайтыс болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының қатыгез саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Қаншама сынақты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тоқтап,арымызды таптатып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен біршама күрестің соңы емес еді. Елін, жерін, жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге - мұра, ұрпаққа - ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғаcы, соғыстың қиын да қатігез сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігінің арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары сөзсіз. Сол қиындықпен келген тәуелсіздігіміз – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған, асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты да көреген саясатының нәтижесі деп білемін. Экономикасы дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар дұрысталып, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін қазақ елімізде, қазақ жерімізде қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада, спорттық ойындарда қазақстандық бауырларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде ,еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып Қазақстан деген мемлекет күннен- күнге әлем үшін жаңа белестерден көрінуде. Елбасымыздың бастауымен Астананың негізі қаланып, бүгін адам танымастай өзгеріске ұшырады, әлемдегі мемлекеттермен келісімшарттар жасалатын, жиналыстар өткізілетін заманауи алып шаһар қалыптасты. Көпжылдық тарихында толық еркіндігі болмаған еліміз 21-ғасыр табалдырығында осылайша тұғыры биік бейбіт мекен, тәуелсіз халық ретінде көрініс тапты. Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенделердің тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік ету бақыты пайда болды емес пе? Сол бақытты жандардың бірі-менің де осындай мемлекетте тұруым маған жарқын болашақ сыйлап отыр. Заманның ауыртпашылығын көп көрген ата-апам өткен күннен естеліктерін айтқанда көзіме еріксіз жас ұялайды. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз да осы Тәуелсіздік арқасы екеніне тағы көз жеткіземін.

Жоғарыда айтқанымдай, біз талай сынақты бастан өткізген халықпыз, дегенмен басына бақ дарыған елміз, қайсар батырлардың ұрпағымыз. Ұлы дала елі ғасырлар бойы Алтайдан Атырауға, Алатаудан арқаға дейін ұлан ғайыр атырапты мекендегені жер жүзіне мәлім. Біз ата-бабамыз аманат еткен үстүртпен қарт Каспидің жағасы, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан дархан даланың заңды мұрагерлеріміз. Қазақтың байтақ жері, бабадан қалған ең асыл қазына-бұның бәрі қазақ жері. Бақадүр халқымыз небір жауынгершілік замандарда еркіндік үшін қылыш терлеп одан болған қиын кезендерді, бостаңдықты ансап өткені жасырын емес. Кешегі алаш арыстардың да игі мұраттары егемендік еді. Біз ата-бабамыздың асыл арманын орындап, осыдан 30 жыл бұрын Тәуелсіздіктің іргесін бірге қаладық. Әлем қартасында Қазақстан деген ел пайда болды.

Сондай – ақ, Тәуелсіздік біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты. Халқымыздың мәңгілік құндылығы. Отыз жыл уақыт ішінде елдің жағдайын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне біршама жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік біздің ең басты игілігіміз және баға жетпес құндылығымыз. Елбасымызбен мен әрқашанда мақтанамын. Қазақ халқының ең қиын кезеңдерінде билікті қолына алып, қаншама қиын жағдайлар болсын, шыға білді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың есімі тарихта мәңгі қалары сөзсіз. Тәуелсіздіктің қазақ еліне артар міндеті мол. Еңселі ел болудың жолына бар күш жігерімізді жиып, шыңдап түсуіміз керек. Дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында Қазақстанның сөзі мен ісін барлық әлем таниды. Кішкене ғана бұрышта қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын, өрісі кең халық екенін дүниежүзі білді. Ғасырлар бойы арман еткен Егемендікті , қазақ елінің басына қонған бағы , астына орнаған тағы десек артық айтқаным емес.

Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазақ еліне азаттық таңын сыйға тартты. Осылайша жаһанға қазақтың қайратын, айбынын, күшін, жігерлілігін танытты. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еңсесі әрқашанда биік, басқан қадамы нық, дамыған түрлі мемлекеттермен терезесі тең Егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген қайсарлық, дастан мен өлеңдерден берілген өжеттік сияқты қасиеттер келешек ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық.

Қорытындылай келе:

Ерліктерің өшпес тарих, жыр-дастан

Өтті,кетті не бір қиын күн бастан.

Елбасымыз Тәуелсіздік тұғырын

Нығайтуда тыным алмай,тынбастан.

Жер қайысқан,

Бел қайысқан күреспен

Қаптаған жаумен табан тірескен

Қиын кезең, қырғын шайқас, қанды жол.

Ешқашан да шыға қоймас бұл естен – дегім келеді. Тәуелсіздік – менің баға жетпес байлығым!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі