Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым. Сынып сағаты.ҚМЖ және көрнекі құралдары да салынған

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым. Сынып сағаты.ҚМЖ және көрнекі құралдары да салынған

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік. Сынып сағаты. Көрнекі құралдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Садыбаева И.С.

Күні:

09.12.2024

Сынып: 2 «ж »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы №4 «МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПТЕР» (10 минут)

ҚТ №8 «Көшелер мен жолдағы қауіпсіздік»

ЖЕЛТОҚСАН – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ



2-апта дәйексөзі:

Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді


Құндылық

тәуелсіздік және отаншылдық


Индикаторлар

Отан, ел, туған өлке туралы білу және пайымдау

Туған елге деген сүйіспеншілігін білдіре алу

Сабақтың барысы

Сынып сағат кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Рес

урс

тар

Басы

5 минут

Психологиялық дайындық


Мұғалім:

-Балалар, біздің еліміз-Қазақстан Республикасы. Еліміз өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы алды.

Бүгінгі «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты сынып сағатында еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен батыр бабаларымыз туралы білетін боламыз, тәуелсіздік жылдары қол жеткен табыстарымыз бен еліміздің болашағы туралы айтатын боламыз.



Хор : «Атамекен» орындау

Әні: Е.Хасанғалиев


Ортасы

25 мин

Мұғалім:

-Тәуелсіз, егеменді ел болу –біздің ата –бабаларымыздың арманы еді. Батырлар мен хандар, билер мен шешендер еліміз бен жерімізге жау шапқанда үнемі бірлесіп ,оны жаудан сақтап қалды. Бізге осындай кең-байтақ жерді аманат қылып қалдырды. Міне, еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 33 жыл толады. Осы жылдар ішінде еліміз қарқынды дамып, қаншама белестерден өтті.









Балалар кезекпен еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген белестері туралы айтады.

1992 жыл - Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді. 
-1993 жыл - 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жыл - мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
-1995 жыл- 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
- 1996 жыл- 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. 
- 1997 жыл- «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды. 
- 1998 жыл- 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
-1999 жыл- 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
- 2000 жыл- «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды. 
2001 жыл - 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. 
2002 жыл. «Денсаулық жылы»  жарияланды.
- 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы»  жарияланды. 
2004 жыл- «Қазақстан – Ресей» жылы болды. 
2005 жыл- Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жыл- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. 
2007 жыл- «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
2009 жыл-  елімізде халық санағы ұйымдастырылды.

1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.

2011 жыл қысқы АЗИАДА - мен басталды. Киелі қазақ жері осындай атаулы оқиғалардың куәсі болып отыр. «Бірлігі жарасқан еліміз тек биіктен көріне берсін!   Алға, Қазақстан! Жаса, Қазақстан!»

- 2017 жыл EXSPO 2017 өтті.

Жүргізуші:

-Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.

Балалар кезекпен ел рәміздері туралы айтады

Қазақстан жалауы

Көк аспанда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті - Алтын күн

Асқақ арман - қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі, туы, ары.



Елтаңба

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар,

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал!


Көгілдір түсті аясы,

Бейбіт дала елесі,

Шаңырақ - жұрт панасы,

Уықтар - күн сәулесі.


Әнұран


Оқушы

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата-анамды,

Мені өсірген елімді.


Отан деген -атамекен,

Отан деген -туған жер

Отан ана, Отан-дана,

Қазақстан- туған ел.

Оқушы Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы тау өзені көлі бар

Аспан түстес туын көкке көтерер

Жас жеткіншек ұланы бар, ері бар.


Оқушы Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елдің қорғаны мен тірегі

Біз қазақтың ұланымыз еріміз.


Хор:« Тәуелсіз ел ұраны»

( Балалар хор айтады)






Слайд

































слайд


- № 4 САБАҚ. «МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПТЕР» Сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілінде су қоймасында қауіпсіз әрекет ету туралы түсініктерін қалыптастыру, сақтық сезімін, өзінің және басқалардың өмірі үшін жауапкершілік сенуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).

2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы Жұмбақты тап. Айнымайды шыныдан, Қорқады тек жылыдан. - Бұл не? - Мұз. Қыста су мұзға айналады. Тегіс мұзда жүгіру және сырғанау, коньки тебу, хоккей ойнау өте қызықты. Бірақ бұл қауіпті: мұз қатты көрінеді, бірақ кез келген сәтте сынуы мүмкін. - Балалар, бұлай болмас үшін нені білу керек? (Мұздағы қауіпсіздік ережелерін білу керек). - Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Мұздағы қауіптер).

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау - Енді біз «Смешарики» анимациялық сериясынан «Жұқа мұз» мультфильмін көреміз (көру).

4. Бастапқы білімді игеру және оны тексеру Ең қауіпті жерлер 1. Мұз әдетте саяз және жұқа жерлерде болады. Бұтақтар, тақталар және басқа заттар, сондай-ақ бұталардың, ағаштардың және қамыстың жанында қатып қалады. 2. Мұз зауыттар мен фабрикалардың жанындағы су төгетін жерлерге жақын жерде, сондай-ақ ағындар қосылған жерлерде немесе бұлақтар маңында жұқа болады. 3. Қар басқан немесе қар үйінділері басқан жерлерден аулақ болу керек, өйткені қар астындағы мұз әрқашан жұқа болады. 4. Мұз жағаға іргелес жатқан жерлерде өте сақ болу керек. 5. Мұз әсіресе еріген кезде қауіпті, себебі ол ериді және оның үстінде жарықтар пайда болады. Сонымен, қыста мұз үстінде мүлдем жүрмеген дұрыс па? Сенбесеңіз, бармаңыз! Мұз үстінде жүру ережелері. 1. Мұзға аяқ баспас бұрын, жақын жерде төселген соқпақ немесе жаңа іздер бар жоғын қараңыз. - Неге деп ойлайсыз? (Бұл жолды біреу сынап көрді) 2. Егер іздер болмаса, мұз жұқа болуы мүмкін жерлерден аулақ болу үшін мұқият қарап, маршрутыңызды белгілеу керек. 3. Сіз өзіңізбен бірге күшті таяқ алып, оның көмегімен мұздың беріктігін тексеруіңіз керек. Егер мұзға таяқпен соғылғаннан кейін жарықшақ немесе су пайда болса, сіз дереу жағаға өз ізіңізбен оралуыңыз керек. Сонымен қатар табаныңызды мұздан шығармай, аяғыңызды сырғытуға тырысыңыз. - Бұл не сияқты? 4. Шынында да, шаңғымен тоғаннан өту қауіпсіз. Неге? (Мұзға қысым аз.) Ал қауіпті жерлерде және шаңғыда абай болу керек. Қажет болса, оларды тез тастау үшін шаңғы бекіткіштерін ашу немесе босату керек. Шаңғы таяқшаларын қолдарыңызға ілмектер салмай ұстаңыз.

5. Топпен мұз үстінде қозғалу кезінде бір-бірінен кемінде 4-5 метр қашықтықты сақтау қажет. Өзін-өзі құтқару жолдары 1. Сіз дүрбелеңге салынбаңыз. 2. Мұзға шығу үшін. Біз кенеттен қозғалыстар жасамай, кеудемізбен мұзға мүмкіндігінше сырғып кетуге тырысуымыз керек, содан кейін бір аяқты мұздан тартып, содан кейін екіншісін алуымыз керек. 3. Судан мұзға шыққаннан кейін, ешқандай жағдайда сіз бірден аяғыңызға тұра алмайсыз. Сіз қайдан келгеніңізге қарап және мұз тексерілген жерге қарай жылжуыңыз керек. Тек жағаға аяқ басып, жылы жерге тезірек жету керек. 5. Сабақты бекіту - Ал енді ойын арқылы қауіпсіздік ережелерін қалай меңгергеніңді тексереміз. «Иә немесе жоқ» ойыны. 6. Қорытынды - Бүгін сабақта не туралы әңгімелестік? Мұздың қалыңдығын қалай анықтауға болады? Қандай мұз бір адамның салмағын көтере алады? Ал топ ше? 7.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бейнефильм көреді.









Ойын : Иә,жоқ

сұрақ

жауап

Мұз басқан көлдер мен өзендерге жалғыз баруға бола ма? Еріп жатқан мұз үстінде ойнауға бола ма? Мұзға секіруге бола ма? Мұз бетіне бірнеше адам болып жиналуға бола ма? Аяқ астынан мұз жарылып, құлап кетсең айғайлап көмекке шақыру керек пе?



Рефлексия «Синквейн» 1-жол – тақырып (бір зат есім); – Мұз 2- жол – заттың сипаттамасы (екі сын есім); – тайғақ, қатты. 3- жол – қимылды сипаттау (үш етістік); – ериді, жарылады, қатады. 4- жол – пәнге қатынасты білдіретін сөз тіркесі; – судың қатты күйі. 5-жол – бір сөз – қауіпті.




https://www.youtube.com/watch?v=zuriFnOV




















https://youtu.be/ISV3IiXdcOU?si=M7QN8NxhtC7KXnzy


Соңы

5 мин

-Балалар, енді бүгінгі сынып сағатынан қандай ой түйдіңдер?

1-оқушы:

Мен Тәуелсіз Қазақстанның жас ұланымын. Болашақта еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматымын.

2-оқушы: Мен бақытты елдің ұрпағымын. Өйткені дербес елім, кең байтақ жерім, қасиетті қазынам ана тілім бар.

3-оқушы:

Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеймін, заңдарын бұлжытпай орындаймын.

4-оқушы:

Біз жаңа заман түлектеріміз. Отанымыздың дүниежүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті,өркениетті ел болуы үшін аянбай еңбек етеміз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі