Материалдар / Тәуелсіздік бәрінен биік

Тәуелсіздік бәрінен биік

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттылыққа шақыратын мақала. Мақала барысында оқырман тәуелсіздіктің маңызды екенін, оның қандай ауыр жолмен келгенін біле алады. Өзіндік ой пікір қалыптастыра алады. Өзіндік ойларын жеткізе алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2022
318
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәуелсіздік бәрінен қымбат.

Тәуелсіздік-барлық ел өміріндегі ең ғажап, ең қасиетті сөз. Ата бабаларымыз осы азаттыққа, бейбітшілікке жету жолында көп тер төкті. Жас ұрпақ еркін өссін деген ниетте қаншама алып жерлерді бізге мұра еткен.. Тек алып жерімізді ғана емес, сонымен қатар азаттықты, салт дәстүрлерімізді және кіршіксіз таза тәрбие негіздерін ұрпаққа өсиет мұра етіп қалдырған. Осындай мұрасы бар халық бақытты халық.Қазіргі таңда ұлттық мұра біздің халыққа үлкен септігін тигізіп отыр. Біздің ең үлкен бақытымыз десекте артық кеткендік емес. Себебі,көп жастарымыз осы негізді ұстана отырып тәрбиені,ұқыптылықпен әдептілікті үйренеді.

Мен өзімнің Тәуелсіз қазақ елінде туғанымды мақтан етемін сонымен қатар ары қарай дамуына өзімнің үлесімді қосатын боламын. Осындай әсем әрі керемет елде тұрған әрбір жанның бақыты екі еселі. Өмірдегі барлық жақсылықтар осы Тәуелсіздіктің арқасында орын алып отыр.Сол себептен біз Тәуелсіздікті бәрінен қымбат дейміз.Елдігімнің, теңдігімнің нәтижесі болып қарастырылған бұл азаттықтың әрбіріміздің жүрегімізден алар орны ерекше. Еліміздің бейбітшілігін нығайту әрбір ұрпақтың басты міндеті әрі парызы болып саналады. Шынымен де, өз халқымыздың, жеріміздің тәуелсіздігін біз-жас ұрпақ көтермегенде кім көтереді? Отанын сүйген, елін сүйген жас ұрпақтың арқасында ғана біз атақты да өзге елдерге белгілі халық бола аламыз. Тек белгілі болып ғана қоймай, өзге елге үлгі бола білеміз. Қаншама халық қаншама жандар осы әлемнен тәуелсіздігін ала алмай жоғалып кетті. Ал біз осындай ғажап азаттықты сыйлаған ата бабаларымызға алғыс айта білуіміз қажет.Тәуелсіздікдің діңгегі біздің бірлігімізде және татулығымызда. Осы құндылықтар өмірге ерекше бөлек көзқараспен қарауға,оны сезінуге итермелейді. Бірлігі мен татулығы бар ғаламда тәуелсіздік кең ауқымда орын алары сөзсіз.

Қорыта келе, Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Оны бағалау біздің әрбіріміздің міндетімізде.Осы міндеттімізді жастарға насихаттай білсек өмірде бәрі әр нәрсенің қадірін білетін еді. Ұлттың негізі-тіл. Ал тілімізді құрметтеу арқылы Тәуелсіздікті нығайта түсеміз. Менің ойымша, біз ең алдымен Тәуелсіздігімізді сақтау үшін бірлікке, ынтымақтастыққа, татулық негізіне жәнеде ана тілімізді құрметтеуге ұмтылып, үлкен мән бере білуіміз керек деп. Сонда ғана елдігі мен теңдігі жарасқан Тәуелсіздігі мен татулығы астарласқан ел бола аламыз.

2) Күн өткен сайын қазақ елі көркейіп жаңғырып жәнеде даму үстінде. Әрине бұның бәрі Тәуелсіздігіміз бен Елбасымыздың арқасында.Арманынан мақсаты басым біздің елде,әр адамның айқын көрінісі орын алады.Әрбір тұлға өзінің орнын ғаламнан ойып тұрып алған.Біздің ел Тәуелсіздіктен кейін толығымен өзгеріске ұшырады.Жерлеріміз бен халықтарымыз өзгеріп,өздерін еркін сезіне бастады.Әр елден өзіміздің туған қандастарымыз оралды.Жүректері қазақ деп соққан бұл адамдар,Тәуелсіздікке қол жеткізген кезде,қуаныштары іштеріне сыймағаны анық.Сөйтіп,еліміз жан-жақты жандана бастады.Қазақ аты кеңейіп,елбасымызбен бірге түрлі жетістіктерге қадам бастық.Егер бұрынғы Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырсақ,айырмашылығы жермен көктей.Себебі, елбасымыз халқымен бірге армандап, мақсат құрып, жоспарлап үлкен істерге қол созып,бастаған істерін аяқтаған.

Тәуелсіз елді Қазақстан,

Достығы да жарасқан.

Сан түрлі керек біліммен,

Қазақстанды дамытқан. Осы әңгімені жазып отырып,осы өлең шумақтары ойымнан құрылып кетті.Тіпті Тәуелсіздікке жазылған әрбір мақала болсын әңгіме болсын,мен үшін ерекше бір сезімге толы болып табылады.

Не дегенмен осы азаттықты әрі қарай дамыту біздің,яғни жастардың қолында. Әрбір сәтті халқына арнап,ұлттық мұраны жаңғырту бізге мұрат болып қалары белгілі.

Қаншама сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақ деп аталатын еліміз бар.

Сол елде өсіп өнген жас ұрпақтар,

Рухани жаңғыруды мақсат қылар.

Жаңғыру бар әлемге керек мақсат,

Сол үшінде салт-дәстүрді дәріптеу хақ.

Ата-бабаң аңсап өткен туған жерді,

Көркейтіп,бір жаңғырту бізге сауап—осы өлең шумақтары әңгімені жазу барысында шабыттан шығып жатқан тәрізді.Шіркін, Тәуелсіздіктің белгісі бәріне осындай шабыт бергенде,біз өте керемет ел бола алатын едік.

Қорыта келе,Бейбіт,тәуелсіз елде барлығымыз елімізді дамытып,ынтымақтастықта өмір сүре білейік.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ