Президенттің «Тәуелсіздік
бәрінен қымбат» атты мақаласы
Тәуелсіздік – Қазақ үшін
ғажап құт
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көптеген игі
мәселелерді назарға алды . Халық,ел, ұлт,мемлекет болып қалыптасу
үшін ең қажетті алғы шарттардың бірде бір бірегейі –оның егемендігі
,өзге жұрттан тәуелсіз , даралығы,халықтың бостандығы екенін
білеміз. Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып,ұрпағына қашан да
бірлік,елдік,ерлік жайында насихаттаудан тынған емес. Ендеше
еліміздің сан қилы тарих қатпарларынан қол бұлғағанын қанды қырғын
мен небір зұлмат соғыстар , түрлі шайқастар мен қантөгістер , небір
боздақтардың жаны қиылған оқиғалар – бір ғана мақсатты, бір ғана
мүддені көздегенін көреміз. Ол ата-бабаларымыздың армандаған
Тәуелсіздік – біздің құндылығымыз. Оның маңызын сараптап , қадірлей
алу біздің ұлттық парызымыз.
Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау
және нығайту –әрбір Қазақстан азаматының және саяси күштердің
абыройлы міндеті екенін атап өтті. Біздің біртұтас мақсатымыз
–Тәуелсіздіктің баянды болуы үшін мемлекет мәңгілік ел
құндылықтарын қастерлеп оны болашаққа аманаттаймыз. Президенттің
мақаласын ерекше көңілмен қабылдай отырып,кең кесілген байтақ
жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және
барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан
береке-бірлігіміз бен Елбасының саясатын толық
қолдаймыз.
Шынында мақалада еліміздің
өткені мен қазіргісі , болашағы жайлы айтылған. Адам баласы дүниеге
патриот болып келмейді,білім мен тәрбие алып әлеуметтік ортамен
араласып , азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа
айналады. Өзінің мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп ,елінің
дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан жүрегімен сезінген адам
нағыз бақытқа кенеледі. Халқымыздың біртуар перзенті Алихан
Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес ,мінезден деген. Біз
шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, Қасиетті Тәуелсіздігімізді
одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Мемлекет
басшысы осы жайында- біздің мақсатымыз келер ұрпаққа Қазақстанды
тұғыры мығым, экономикасы қуатты,рухы асқақ мемлекет ретінде
табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын
жасампаз ұрпақ тәрбиелеу»-деген еді. Менде еліміздің күннен күнге
нығайып,дамуына әрбір Қазақстандық аянбай еңбек ететін жас ұрпақ
тәрбиелей білуіміз керек деп есептеймін.
Қазақтың жері ешбір шетелдің
меншігіне берілмейтінін ешқашан сатылмайтынын қолдаймыз.Қоғамды
мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап
бердіңіз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін
бұл он екі ай толымды істерге толы болды. «Бағдар мен белес»- деп
аталып, осы күнге дейін елімізде атқарылған дүниелер , Қазақстан
іргетасын алғашқы онжылдықта қаласа,екіншісінде керегесін кеңейтіп
,тарихын түгендеуге , шекарасын шегендеп ,инфроқұрылымдық жобаларға
аса мән бердіңіз. Ендігі мәселеде қуатты елдің иесі және кемел
қалық болып қалыптасуы біздің қолымызда. Кез-келген істе әділдік
пен қағидатын басшылыққа алсақ , бұған қол жеткіземіз.
Мысалы,тұрғындардың жұмысын жақсарта түспесек ,еліміздің
жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Біз
халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар ,барлық азаматтардың
мүддесін бірдей қорғаймыз.Тәуелсіздігіміздің халықты бірлік пен
татулыққа бастаған мақалаңыз отандастарымызға жігер береді.
Тілімізді қастерлеу, ана тілімізді соның ішінде қазақ тілімізді
білу әрбір отандасымыздың парызы. Қазақ тілін меңгерген адамзат
басқа өзге тілді де меңгере алатыны айқын. Ең бастысы ынталандыру
керек. Бұл сөздеріміз еліміздің ертеңі қазақ тілімен тығыз
байланысты екенін жақсы ұғынатын әрбір саналы азамат толық келіседі
деп білемін. Президент азаматтық ақ таңы оңай келмегенін айта келе,
осы құндылықты бағалай алу үшін барлық маңызды оқиғаларды шолып
өтті. Оның ішінде елімізде болып жатқан пандемияда адамдарды бей
жай қалдырмады. Көптеген елдер , мемлекеттер, дүниежүзілік ауыр
мәселе болды .Сонымен бірге еліміз өз дәрежесінде мақсаты айқын,
күш – жігері жарқын болуын қамтамасыз етуіміз керек. Білікті
мамандарымыз жүйелі зерттеумен айрықша көңіл бөлді.Біздің халқымыз
басқа мемлекеттерді сыни пікірлеріне қарамастан бір шаңырақ астына
біріктіре алды. Қазіргі кезде еліміздің ұлтаралық келісім саясаты
әлемге танылды.
Демек , біздің еліміздегі бейбітшілік пен достықты сақтау-бұл
мемлекеттік құрылымдардың ғана емес,бүкіл қоғамның парызы деп
білемін.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы
елдің бейбіт өмір сүруіне салауатты және дана мемлекеттік саясаттың
жүргізілуіне ,табысты экономикалық дамуына және жетілдіруіне ,қазақ
жеріндегі бейбітшілік , бірлік пен келісімге 30 жыл толды . Ел
Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік ,ең
басты бұл – ұлтаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін
сақтау болып табылады. 30жыл көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт.
Осы жылдарда елімізде талай белестерді бағындырып ,алдымызға жаңа
мақсаттар қоя білдік.
Тәуелсіздік-халқымыздың
мақтандысы,
Тәуелсіздік –еліміздің
жаттандысы.
Тәуелсіздік-ұлтымыздың
азаттығы,
Тәуелсіздік –жеріміздің
ғажаптығы.
Пандемия салдарынан көптеген
қиыншылықтарға тап болды. Дегенмен қазақстандықтар бұл қиын
сәттерде ауызбіршілік ,жанашырлық танытып, бір-біріне қолдан
келгенше көмектерін аямады. Расымен , бірлік пен ынтымақ рухани
құндылықтарды сақтап, қоғамдағы тұрғылықты қамтамасыз ету үшін аса
қажет , сондықтан қазіргі заманда бұл әрбір қазақстандықтың парызы
болуы тиіс деп санаймын.Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және
жауапкершілікпен қарауымыз керек. Қолымыздан қайрат ,санамыздан
ақыл кетпесе,жақсылыққа жетеріміз хақ. Пандемияны жеңіп , ең
бақытты, ең білімді , ең ақылды ел болайық!
Тәуелсіз Қазақстанды нығайтып,
асқақтату әрбір азаматтарының борышы. Елді,
халықты,тарихты,әдет-ғұрыпты , салт – дәстүрді қастерлей отырып,
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,рухымыз асқақтай берсін.
*Барлық
жиекті толтыру міндетті
|
Тегі,
Аты, Әкесінің
аты
|
Есалиева Гүлмира
Сұлтанбайқызы
|
Ғылыми атағы, ғылыми
дәрежесі, лауазымы
|
Бастауыш сынып
мұғалімі
|
Жұмыс орны (толық,
қысқартылған)
|
Жамбыл атындағы
мектеп-лицейі
|
Жұмыс мекен-жайы
(қала, аудан, ауыл)
|
Отырар ауданы,Шәуілдір
ауылы
|
Мемлекет
|
Қазақстан
|
Телефон
нөмірі
|
87718820693
|
E-mail
|
Yesaliyev93@bk.ru
|
Баяндаманың
тақырыбы
|
Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап
құт
|
Өтінімді толтырған
күні/төленген күні
|
27.06.2021
|