400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік бәрінен қымбат – Қазақстанның болашағына жол сілтер басты бағдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде «Біз біргеміз» шарасы ұйымдастырылды. Шара туралы толық ақпаратты kaznu.kz сайтынан біле аласыз. Әлемді өзінің үрейлі дақпыртымен, ауыр зардабымен шырқ үйірген тәжвирусы кезінде еліміз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұдырық боп жұмылып бірге індетке қарсы әрекет етіп жатыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік бәрінен қымбат – Қазақстанның болашағына жол сілтер басты бағдар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты бастамасы жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында ұстаздар ұыжымы арасында 6 қаңтар күні пікір сайысы (бұл жайында мәліметті www.kaznu.kz сайтынан толығырақ біле аласыздар) ұйымдастырылды. Президент өз мақаласында Тәуелсіздік алғанымызға ағымдағы жылы отыз толатынын, осы жылдар ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сәт болғанымен, біздің еліміз үшін тәуелсіздік тұғырын тұрақтандырған, ұлттық құндылықтарымызды саралап қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала, азаттықтың отыз жылын тұтас дәуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі. Әрбір онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап, алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күшткріміз құрылған, саяси-экономикалық аренада алыс және таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия, Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатып, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны туралы және бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңыздылығы болғандығын талдап көрсетеді. Елбасының көрегенділігімен қабылданған «Қазақстан -2030» стратегиясы еліміздің Нарықтық экономикаға көшуіне, тағдырдың тәлкегімен, тоталитарлық жүйенің теперешінен әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының атамекеніне қайта оралуына кеңінен жол ашқан Ұлы көштің бастауы болғанын және бұл Ұлы көш жоғалтқанымызды тауып, жоғымызды қайта тапқанғ ұлттық рухымызды көтеріп ел еңсенін тіктеген маңызды белес екенін баяндады. Келесі онжылдықтың тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін нақты да маңызды шара – құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, халқымыздың асыл қазынасы, ата-баба мұратын, аманатын, тарихымызды қастерлейтін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, еліміздің басты экологоиялық мәселелеріне басты назар аударылып, кепкен Арал теңізін қалпына келтіру шарасы қолға алынып, еліміздің экономикасы нығайғанын атап өтті.

Үшінші онжылдықтағы «Қазақстан -2050» стратегиясы, әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол» «100 нақты қадам»секілді көлемді игі шаралардың жүзегесыралаып, рухани жаңғырудың жаңа кезеңі басталған маңызды кезең екендігіне тоқталып, басты бағдарламалар мен жобаларды «мақаланың «бағда мен белес» атты тарауды нақты атап көрсетті. Президентіміздің бұл мақаласы халқымыздың өткені мен бүгініне нақты баға берген, болашағына бағдар беріп, «Жоңғар шапқыншылығы кезінде «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» басынан кешкен, патшалық Ресейдің боданы болған, коммунисттік тоталитарлық жүйенің де «ашаршылық» пен репрессиясын, Ұлы Отан соғысын –талай қиын кезеңін басынан кешкен Тәуелсіздіктің біздің ел үшін маңызы зор екендігін, Тәуелсіздіктің тұғырының берік болуы Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен береке-бірлігінде атап көрсеткен, халқымызды болашақ ұрпағыны жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырған әлеуметтік-тәрбиелік саяси мәні зор мақала болды..

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі