Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым – Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 25 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
1 - жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Хор: Мемлекеттік Әнұран
2 - жүргізуші:
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

1 - оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2 - оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
3 - оқушы:
Жалғыз Отан – адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
4 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
5 - оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
6 – оқушы:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
7 – оқушы:
Желтоқсан – қайсар, ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған –
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
8 – оқушы:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
1 - жүргізуші:
Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт – азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстың қолбасшысы ретінде тарихта қалған 1986 жылғы Алматы оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке жапқан жала:
Бірінші – 1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 11 - 00 ден бастап Бейбітшілік – Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасады.
Екінші – Савицкийді өлтірді
Үшінші – Ведельді ұрып жаралады
Төртінші – «Қазақстан» қонақ үйі алаңында милиция қызметкері А. Алмабековке қол жұмсады.
2 - жүргізуші:
Міне, осындай! Құдай – ау небәрі жиырма бір жастағы қаршадай жігіттің мойынына осынша қылмысты қалайша іліп қойған. Сот процесі 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін өтті. Не керек сот Қайрат Рысқұлбековті Қазақ ССР - і қылмыстық істер кодексі 173 – бабының 1 - тармағына сәйкес ату жазасына кесті. Ең ауыр жаза, кейін «ату жазасы» 20 жылға ауыстырылды. Солақай саясаттың құйтұрқы әрекетімен жас ғұмыр 1988 жылы 21 мамырда белгісіз жағдайда дүниеден өтті.
Ән. «Қасқалдақ». Орындайтындар: Оразбаев Б мен Әбдуалиева Ж
Көрініс.
1 - Жүргізуші:
Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.
9 - оқушы: Ләззаттың анасының жоқтауы:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді – ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді – ау
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Құлыным менің қор болды – ау?!
Заманың сенің зор болды – ау?!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды – ау?!
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықтай
Алшы тұрған боташым.
Дәл өзіңдей қыз туған
Менде арман бар ма екен?!

2 - Жүргізуші:
Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатақханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.
10 - оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Ән. «Желтоқсан желі» (Интерактивті тақтадан клипімен көрсетіледі)
1 - жүргізуші:
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18 - желтоқсанында кешкі сағат 20 00 – де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкеледі. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.
11 – оқушы «Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жағынан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмің,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп.
2 - жүргізуші:
1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17 - 18 - дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР - нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.
12 – оқушы:
Көзіңнен айналайын төңкерілген,
Көрікті қабағыңмен көмкерілген,
Жанарың алға ұмтылып атылып тұр
Сұмдардың өткеліндей өңменімен.
Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,
Үстінде топырақтан ба шатыр?
Жазықсыз, жас тәніңді қинағанда
Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?
Ақиық ақын болып кетер ме едің,
Туғаннан «Халқым» дедің «Ұлтым» дедің.
Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демің,
Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер
Жолыңа құрбан болып кетер едім.
13 – оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Би. «Отырардағы той» Биші қыздарымыз: Үсенова А мен Шерназар Н орындауында
14 – оқушы:
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды.
13 - оқушы:
1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30 - дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50 - ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
15 – оқушы:
Пай, пай!
Киелі неткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.
Ғашықтар бір – бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің Атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.
16 - оқушы:
Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз Қазақстан!
Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,
Нендей күйге жүрегімді бөледім,
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
1 - жүргізуші:
Ия, ежелден аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің биыл 20 жылдығы.
Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.
2 - Жүргізуші:
Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына 20 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 20 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.
Ән. «Егемен Қазақстан» Орындайтын: Әбілдаева Л
1 - Жүргізуші:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
2 - Жүргізуші:
Асқар тау да сенікі
Бақша – бауда сенікі
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
Хор:
Өзіңдікі туыңда
Отпен ауа, суыңда
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буында.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» кезеңін басынан өткерген шақта бір қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың – деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп, отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.
Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын!



































Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы»
Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер,

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. 
Бүгін сіздерді
 «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сагатымызды көруге шақырамыз.

ҚР әнұраны орындалсын!

1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Иә. Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алганына 22 жыл, ал желтоқсан оқигасына 27 жыл болды. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Слайд: Желтоқсаннын желі

1 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2-жүргізуші: Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Ендігі кезек оқушыларда Олар сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Ән:

1-оқушы

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

2- оқушы

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

3 оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

4 оқушы

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

5 оқушы

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

6 оқушы\

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

7 оқушы

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

8 оқушы

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

9 оқушы

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

Ән:

1-жүргізуші:   Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

   Көрініс:      «Қайраттың тұтқындалуы».

1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады.

1-жүргізуші: Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

2-жүргізуші:       слайд :  «16 Желтоқсан»

    1-жүргізуші:

Бақтыӊ құсы әр адамга қонып бір,

О, тәӊірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік агайын

Әр қазақтыӊ жүрегі боп согып тұр

2-жүргізуші:

Таӊғажайып атыӊ да дәл табылды

Табылды ды талай жұртқа танылды

Қазақ елі көкке жетті көк туыӊ

Сен –тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі

Бірге Өзініздікі- елін де

Өзіндікі –жерін де

Өзінді сезін бақытты

Тәуелсіздік төрінде

1-жүргізуші: 

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!























Тақырыбы: «Желтоқсан алауы -тәуелсіздік бастауы» тәрбие сағаты

МАҚСАТЫ:

     1.Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

     2.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, бейнефильм

 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті  де қастерлі тәуелсіздікке күні құтты болсын.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

1-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.

1-жүргізуші: Бұл  күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

   Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

1-жүргізуші: Рахмет

1-оқушы: ”Желтоқсан” өлеңін оқиды

Қанды қырғын-қалған іс,

Бейне теңіз сең соққан.

Жарқылдайды ар-намыс,

Алматы. Аяз. Желтоқсан.

Дүрсілдейді жүректер,

Сесі күшті  күшті қарудың.

Жүзіне мұң түнетті,

Үлбіреген арудың.

Арманы алда, сенім көп,

Оранды отқа үміттер.

Мұрты жаңа тебіңдеп,

Келе жатты жігіттер.

Жасамай ездік босқа айбат,

Намысымен от шайнап.

Халық үшін бас байлап,

Жанып та кетті жас Қайрат.

Қанды қырғын от өрген,

Жарқылдады ақыл-ой.

Бәрін соның көтерген,

Біздің халық батыр ғой!

2-жүргізуші: Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.

1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.

1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

2-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2-жүргізуші:

2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

4-оқушы: ”Желтоқсан желі” — ән.

1-жүргізуші:

3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

5-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

   1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем. 

1-жүргізуші:

5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?

6-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.

Cонымен бірге осы оқиғада Өскемендік Сабира Мұхаметжановада қаза тапқан еді.

 2-жүргізуші Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” –өлеңі.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысды жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы. 

 2-жүргізуші: Қара мынау ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа.

1-жүргізуші:   Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төріңде. Қорытынды.












Тақырыбы: Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы.

Мақсаты: 1.Оқушыларды Отаншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

2.Желтоқсан (1986 жыл.) оқиғасы туралы шындыққа қол жеткізу.

3.Желтоқсан жаңғырығы туралы және көтерілістің құрбандары туралы

мағлұмат беру.

Көрнекілігі: Ләззат Асанова мен Қайрат Рысқұлбековтың портреттері.



1. Хор «Желтоқсан желі»

Желтоқсан бірде

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ

Көрінді шын-ақ айбарлы.

Қайырмасы: Тоңдырлы мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Тоңдырды нұрды,

Көңілде мұңлы із қалды.

Шайқалды күйім,

Шайқалды миым,

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да келім,

Жаным да келіп,

Қинады берік жанымды.

Қайырмасы: Тоңдырлы мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Тоңдырды нұрды,

Көңілде мұңлы із қалды.

Мерлан: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр

сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның

желтоқсанына арналған: «Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы» атты

кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Гүлдана: Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы

тарихтың бір белгісі.

Мерлан: 16-желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі

жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.Бұл қасіретті күн Қайрат,

Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған

қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні

еді.Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың

рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқып ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз.

Тарылып жатса даламыз,

Қайтіп біз тыныс аламыз.

Қақымыз жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз?

Гүлдана:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батқасын.

Тоқырау таңын күйреттік,

Деп: «Теңдік күні батпасын».

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Радиодан төтенше хабардың белгісі беріледі.

Мерлан: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің

пленумында Д.Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты

Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы

міндетінен босатты.Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин

сайланды.Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды.

Гүлдана: Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқы мен санаспаушылық

болып табылады.Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде

наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Көрініс. Сахынаға екі студент шығады, бірі-жігіт, бірі-қыз.Қолдарында

конспекті дәптерлері бар.

Нұрсауле: Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты

дейді.

Асылхан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Нұрсауле: Кеше куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңында көп адам

жиналады.

Асылхан: Неге? Неліктен?

Нұрсауле: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді.Халық наразылық

білдіріп жатқан көрінеді.Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Асылхан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас.Жүр кеттік! Тез

барайық!

Мерлан: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер

«контрреволюционерлер» емес еді.Олардың ойы халықтың құқтары мен

проблемалары туралы сөз жүргізу еді.Алайда оларды бір қолында

шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер

қарсы алады.Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш

жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатыр.Үкімет Үйінде жастар шеруін

қуғындау үшін астыртын « Құйын-1986 » деген оперативті жоспар

құрылып жатты.Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, алаңсыз еді.

Көрініс. Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат.Қолдарында «Каждому народу-своего вождя», «Ленин идеясы жасасын!», «Қазақ ежелден еркіндік аңсаған!»,

« Қазақстан-қазақтардікі», «Ресейге қайт!» деген транспоранттар бар.Оларға Мақсат пен Айгүл қосылды.

Ербол: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Ленмар: Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы

әкелгені несі?

Гүлзада: Талап-тілекті айтамыз.Шықсын ортаға басшылар.

Осы кезге «Менің Қазақстаным» әні айтылады. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.

Прокурор (Нұрберген): Балалар! Уа,балалар! Мен Республика прокурорымын.

Тарқаңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш

қолданам! Үйге қайтыңдар.

Осы кезде залда әскери команда беріледі.

Әскери адам (Айбек): Первая рота!Слушайте мою команду!Производится

операция «Құйын».Немедленно разогнать экстремистов и

хулиганов! Первая рота, за мной! УРА!

Осы кезде залға сырттан қаруланған әскер адамдар-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды.Қаралы музыка баяу ойнап тұрады.Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқынып әкете бастайды.Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді.Қыз жұлқынып ,халыққа қарап ышқына сөйлейді:

Гүлзада: - Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпарымен ұрып қалады.Қыз сылқ етіп есінен танып түседі.

Гүлдана: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен

еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі

өлтірді деген өтірік жала жабылған еді.Тексере келе Ләззаттың да алаңда

болғаны анықталды.



Гүлдана:Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн

еді.Себебі, бұл түндеқаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды

ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді.Осындай қатігездікті көрген оларға

араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.

Мерлан: Иә, халық басына төнген осы бір қасіретті сәтті от тілді, қайсар ақын

Қайрат былай деп суреттейді:

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып.

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың!

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам

Арулап қолдан көмшесі-ай!

Гүлдана: Иә, қылышынан қан тамған осынау Колбин үстемдік қылған заманда-ақ:

Сөйлесең даусың жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға - деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан

жұлдызы жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы жаза – ату

жазасына іліккендердің бірі.

Мерлан: Әрбір тарихи кезең дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін

қалдырып отырады .

Ботагөз: Иә, Қайраттың балаң үнінен Махамбеттің арынан, Шәкәрімнің

қайғысын, Мағжанның махабатын, Мұқағалидің арман-сағынышын,

өкініш-күрсінісін сезгендей боласың, орталықтың қара түнегіндей

найзағай боп жарқылдап, жыр нөсермен күн шұғыласындай жалпақ

әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек нұрын шашқан. «Ұлы Қайрат,

ақын Қайрат, батыр алты алаштың арасы болған Қайрат кім еді?» деген

сауал еріксіз тіл ұшына үйріледі.

Айсұлу: Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм

ауданында дүниеге келген.Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен

сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новоащик

селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта

оқыды.Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы

болды.Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен

әуестенетін.

Дайана: Қайраттың ұстазы Асылбек аға былай деп сыр шертеді. « Жағылған

пышақтың сабы алтын » дегендік емес, Қайрат ерекше жаратылған бала

еді.Бала болып орынсыз елтең-селтеңге берілгенін көрген емеспін. Оқуын

тым жақсы оқыды.Төртінен бесі көп еді. Мінез құлқының тұрақтылығы,

ақыл-парасаттың айқындығы жағынан оқшау тұрды. Алды-артын болжап

өмірдің сыр-қырына үңіле алатын қасиеті бар еді.Отан алдындағы

борыщын өтеп келген соң, өз тіршілігімен Алматы құрылыс институтына

түсіп, студент атанды.

Гүлдана: Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң сәлем айт

Елдегі құрбы досыма, - деп мұңая жырлаған албырт жас ел Жаңа жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде отырғанда тұтқынға алынды.

Көрініс.Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырды.

Нағашысы: Қайрат-ау, тамақ алсаңшы! Студент болам деп бір ішек болып

қалыпсың-ау өзің.

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Нағашы (Талғат): Астан алыңқыра, Қайрат.Өзіңнің ептеп өлең жазатының

болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар

шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат: (Гүлмаржан) Иә, нағашы, бар ғой бар, бар! (Осы кезде есік қағылып, үш-

төрт милиция үйге келеді.)

Милиция (Дархан): Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты

тұтқылдауға келдік.Прокурордың санкциясы бар.Міне!

2 жігіт Қайратқа: Тез жинал, бізбен бірге кетесің!

Жеңгесі (Мирамгүл): Ойбай-ау, бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар

еді? Әке- шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-

қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?...

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.(Өте жүдеу).Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады.Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Құттыбек (Айдана): Енді біз бостандыққа сірә шыға алмаспыз, Қайрат.

Қайрат: «Құттыбек, ертең бәрібір шығамыз, бүгін бізді ұрып-соғып қорлағандар

әлі-ақ жауап береді заң алдында, ар алдында, Алла алдында!»

Кезекші (Гүлдана): Заключенный Рыскулбеков на допрос!(Қайратты алдына

салып, тергеу бөлмесіне әкеледі.)



Тергеуші (Айдар): Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде

жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Сенің ұрып жыққаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік, жала!

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще.

(Ұрып-соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады.)

Тергеуші: Әй, Рыскулбеков!Сен Савицкийді өлтірдім деп мойыныңа ала сал.Сонда

сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң,

әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де өлтіреміз.

Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой!Өлтірмеген адамды өтірік өлтірдім деп

қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргем жоқ қой.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков! Сен ақымақ болма! Савицкийді өлтірдім

деп мойында.Бұл-бір.Маған әкеңнің 4000 сом алып, мына менің жұмсақ

алақаныма сал, бұл-екі.Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін өзі әзер көріп отырған ата-анамды ақша

деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін?

Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде қасым бар.

Қасқалдақтай жаным бар

Бозторғайдай қаным бар.

Алам десең алындар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Сахна жабылады.

Аңсар: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау

алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі-

кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

Оған бағытталған оқ-кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген

қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси «теріс көзқарастағыларға» арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмерлі «ұлтшыл» атанып, осы кепті киуі ғажап емес-тін.

Анна: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген,

рухани езілген балаң жігіт:

Жел кірді көңіліме жиырма бірде

Айналды ерікке қоймай сол несібе.

Желпілдеп, желдім екен несіне,

Түседі адасқаным енді есіме,-деп қатты торыққан қайсар рухты қазақ жігіті орысша-қазақшаға судай жігерлі, отты жігіт еді.Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21-мамыр күні таңда өмірден өтті.Қанаты қайырылып, жарық күнмен мәңгі қоштасты.Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.

Маулет: Несібелді Иманованың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының жазықсыз құрбаны болып кеткен жас қыршын, балауса балғын Қайрат Рысқұлбековке арналған өлең шумақтары.

Жазықсыз Желтоқсанда, Қайратжаным,

Құрбаны болғаныңа қайнап қаным.

Өртеніп өкініштен өзек бүгін,

Атпады сені ойласам жайлап таңым.

Сойылмен соғып сені жайратқаны -

Қанымды сол емес пе қайнатқаны.

Көргенде ыза кернеп өн бойымды,

Тісімді қаршылдатып қайратқаны.



Әлдекім аңдып ағат басқаныңды,

Қинады-ау, отқа қарап жас жаныңды,

Шындықтың туын жығып желтоқсанда,

Жоныңнан қайыс алып, таспа тілді.



Жаралы арыстандай жатқаныңда,

Атпады арайланып ақ таңың да,

Дұшпандар былшылдайды сыртта жүріп,

Жүгіртіп неше қилы саққа мында.



Ұлдана: Татырмай дәуір дәмін таңдайына,

Тағдырдың басты сызын маңдайыңа.

Сөндіріп жастығыңның жалын отын,

Жолықтың жауыздардың қандайына.



Кездесіп қырсығы мол қилы заман,

Жендеттер қанды қақпан құрды саған.

Жас қыршын жаныңды ұрып кете бардың,

Кеудеңе сыймай жүрек ұрғылаған.



Жүрегің өрттей лаулап, шындықты айтып,

Сойылдан сескенбедің серттен тайқып.

Сонау бір қанды қырғын жексебідей,

Сезсең де оралғаның сұмдық қайтып.



Нашақор, маскүнем деп кіналаған,

Жалған сөз қатты батты мына маған.

Көтеріп желтоқсанда жастар ұран,

Әділет жасасын деп «уралаған».



Таңат: Жастардың шындық жолын бұрмалаған,

Кенеттен соққы болды бұл да жаман.

Алаңда жүрген жасты, ұл-қыздарды,

Қысымға ап, қанға бояп қудалаған.



Сенделіп өңкей өрім тұралаған,

Соққыдан жан қалмады құламаған.

Қызықтап тұрды сыртта қанішерлер,

Қылқитып мойындарын мұнарадан.



Жазықсыз жастарымды тектен, босқа,

Жазалап, жала жауып кеткен жоқ па?

Ұқсаған топырағы шөккен тасқа,

Көргенде көл тұрады төккен жасқа.



Жыртқызған жауыздыққа жағаларын,

Еске алды сонда жастар ағаларын.

Арманға жетпей кеткен боздақтарға,

Берді ғой бүгінгі ұрпақ бағаларын.



Мейірболат: Кең сарай кеудесіне құйып кетті,

Жазықсыз жалын жастар күйіп кетті.

Ұрпақтар жүрегіне жасын құйып,

Арманы ағалардың биіктетті.



Шалынған құрбандыққа қырандарым,

Сендерге жүрегімнен жыр арнадым.

Тұншыққан жыл бойы сергелдеңмен,

Бүгін қайта көтерілді ұрандарың.



Табаннан желтоқсанның ызғары өтіп,

Қалса да денелері мұзға бекіп.

Тайсалмай әділетпен шындық жолдан,

Жас жанын қиды жастар құрбан етіп.



Алаңға барғандарды адалдықпен,

Сойылға жыққан бәрін надандықпен.

Күйініп жаны ашып соған тіптен,

Күйзеліп аһ ұрады адам біткен.

Мерлан: Көшені бейбіт жолмен аралаған,

Қалайша жамандыққа барады адам.

Жазықсыз жастарыма кіна таққан,

Жандарды қарғыс атқыр қаралаған.



Күндерін айналдырып түнектерге,

Өмірден ерте кеткен түлектерге.

От кешіп жалын құшқан ерендердің,

Аттары қалды мәңгі жүректерде.



Қайратжан, өшпейді атың, мәңгі есте,

Ойылды мәрмәр тасқа сәнді кесте.

Бөлініп гүл шоғына ескерткішің,

Өріліп алау оты жанды кеште.



Халқымыз қасіреттің ішпей уын,

Биікке көтерілсін бейбіт туым.

Бірлік пен әділеттік мәңгі жасап,

Жалғайды аға жолын келер буын.

Осы өлең шумақтарымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1055
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі