Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тәуелсіздік белестері"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Тәуелсіздік белестері" тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын білуге үйрету. Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2011 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар, буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Өтілу барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
а) психологиялық дайындық
- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
- Елімізді кім басқарады?
- Еліміздің рәміздерін білеміз бе?
- Басқада елімізде болып жатқан қандай айтулы күндерді білеміз?
- Биылғы жыл несімен ерекше?
- Осындай еліміздегі жақсылықтарға ненің арқасында қол жеткіздік?
ә) Ой бөлісу
Әдісі: Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөздің мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.
|
ІІ Кіріспе.
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік алған 1991 жыл тарихымыздың беттеріне алтын әріптермен жазылды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын.
ІІ Негізгі бөлім.
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. .Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1991
жыл.
1991 жылы желтоқсанның
16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Оның тұңғыш
Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
1992 жыл
1992 жылы 4
–маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,
Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойып,
Республиканың жаңа мемлекеттік
Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков,
Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман
Уәлиханов .
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік
алғашқы Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар
Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева.
Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф
Хамиди (1944ж.ж нұсқасы
сақталды)
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
Қазақстан 1992 жылғы 2
наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі.
Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық
халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы
қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
.
1993
жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан
Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4
бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында
«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң
қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің
кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған
азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған
тарихтың қателігін түзеді
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл
шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға
түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту
басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары
астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім
қабылдады.
1995
жыл.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы
қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен
ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА)
сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында
бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл
қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың
желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000
жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум
өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін
ұзартуды қолдады.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл
негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен
мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік
топтарына тиісті мәселелерді шешу
ескертілді.
1996 жыл
Л.Н. Гумилев атындағы Ақмола
университеті ҰЕУ университет болып
өзгерді.
1997 жыл.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі
және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының
жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары
көрсетілген.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың
келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел
болады
1998 жыл.
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға
Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми
тұсаукесері болып өтті.
1999 жыл.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның
«Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта
сайлайды.
2000 жыл
Қалың жұртшылықты Қазақстан
халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру
мақсатында 2000 жылы Қазақстан
Республикасы Президенттік мәдениет орталығы
құрылды.
2001
жыл.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық
магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі
жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен
Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен»
Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын
мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес.
Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар.
Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия,
Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген
«Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының
макеттері қойылған.
2002
жыл.
2002 жылы Евразияның кіндігі —
Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың
символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның
биіктігі 97 метр.
2003
жыл.
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап
жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен
Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық
тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы
тәрізді.
2004
жыл.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің
Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент
Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей
марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына
ұсынылып отыр.
2005
жыл
2005 жылы желтоқсан айының
төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы
жеті жылға сайланды.
2006 жыл.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Ж. Нәжмеденов, Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2006 жылдың 1 қыркүйегінде
ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы —
Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы
ғимарат.
2008
жыл.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар
қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы —
Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі
91метр.
2010
жыл.
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің
басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті
өтті. ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық
етті.Осы саммитте Астана декларациясы
қабылданды. Сондықтан бұл ірі халықаралық
ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің
әрбір азаматы үшін де басты оқиға
болды.
2011 жыл.
Қысқы Азиада ойыны өтті.
ІІІ Бекіту.
Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада
қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз
Біз кімбіз?
Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін
өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз
жастармыз.
Біз Тәуелсіздік тірегіміз.
Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,
жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.
Қазақстан қандай
мемлекет?
құқықты көпұлтты
әлеуметті біртұтас
ІV Қорытынды.
Еліміздің тәуелсіздігі - ата-бабамыздын асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қаншама қиындықты бастан өткерседе, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсідікке қол жеткізу болатын. Біздің мемлекет сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз. Ұлы байтақ жері бар сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата- бабадан қалған ұлан- ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға. Ол ата – бабаларымыздың қанымен, ерлігімен, қайратымен, қуғын – сүргіндерде арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен апайларымыздың рухымен қолымыз жеткен Тәуелсіздік, оны күнделікті қорғау, қолдау қажет. . Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз елдің болашағы мына сендердің қолдарында.
.
Тәуелсіз Қазақстан:20 жыл даму жолында
.
Еліміздің тәуелсіздігі - ата-бабамыздын асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Қаншама қиындықты бастан өткерседе, еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсідікке қол жеткізу болатын. Сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз. Азаматтыққа XX ғасырдың соңғы он жылдығында ғана әрең қолын жеткізді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаналықтар қоса кірді. Ұлы байтақ жері бар сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата- бабадан қалған ұлан- ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз. Б үгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым – қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан – байтақ жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шортқа қол қойылды. Т әуелсіздік алып келген жетістік те, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Соның бірі – Астана. Елордамыз Алатау баурайындағы әсем ару Алматыдан Арқа төсіндегі жаңа ақорда Астанаға келіп орнықты. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Бас қала, орман қала – жас қаламыз өнер – білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда. Жаңа астанамыз бүгінгі күн өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, ел болғандығының арқасында әлем оралысына шығуы. Б иылғы жылы елімізде ЕҚЫҰ саммиттің өтуі дүниежүзіне қазақ елін танытты. Қысқы азияда ойындарының өтуі біздер үшін үлкен жеңіс болды. Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға. Ол ата – бабаларымыздың қанымен, ерлігімен, қайратымен, қуғын – сүргіндерде арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен апайларымыздың рухымен қолымыз жеткен Тәуелсіздік, оны күнделікті қорғау, қолдау қажет. Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!
|
|