жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіздік ел - тірегі" 1 сынып
Тәрбие сағатының
тақырыбы:
«Тәуелсіздік –
ел тірегі».
Мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің
қадір-қасиетін түсіну.
Тәрбиелігі:
Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай
білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында
күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым
есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл
байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл
бөлу, дикциясы мен интонациясын
дамыту.
Көрнекілігі:
Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат,
Сәбира, Ербол), шарлар, нақыл
сөздер.
1.Оқушы
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
Мұғалім
Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.
Мұғалім.
1986 жылы 17 — желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шекккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеге өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
Жауыздар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да -Желтоқсан
Мұғалім. Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы — 31 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған-
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік. Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Ляззат Асанова жайлы айтып өтсек. Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ляззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз. Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті. Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол — Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иемізТарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды. Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді. Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алаты Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.
Хор: «Атамекен»
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік ел тірегі»— атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген