«Тәуелсіздік-ел бақыты» мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік-ел бақыты» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
5-11 сынып оқушылары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

«Тәуелсіздік-ел бақыты»

«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың

қасиетті жеріміздің әрбір қадамын

қорғау үшін төгілген өлшеусіз

қаны мен терінің өтеуі......»

Н.Ә.Назарбаев



Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл толып отыр. Мемлекетіміз осындай қысқа уақыт ішінде талай жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлде қайда алда. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның негізгі стратегиялық бағыттары: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикамыздың дамуы болып табылады.

Халқымыздың тәуелсіздікті аңсап, талай қиыншылықтарды бастан кешіргені тарих беттерінде қашап жазылған. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады.

Біз –бақытты ұрпақпыз. Себебі, ата-бабамыз көргенді жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін ерекше қасиетті күн. Ол мереке бірліктің, татулықтың, ынтымақтастықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсізігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып, бақытты өмір сүріп жатқан баршы қазақстандықтарды Тәуелсіз мемлекетіміздің 29 жылдығымен шың жүректен құттықтаймын.


Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы,

Қ.Оспанова атындағы №3

жалпы білім беру мектебінің

тарих пәні мұғалімі: Алетаева З.Б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2020
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі