Материалдар / Тәуелсіздік ел тірегі ашық сағат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіздік ел тірегі ашық сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дайындалған шара сценарийі,барлық әлеуметтік желілерден жинақталған материалдар, Тәуелсіздіктің ұрпақ үшін маңызды екендігін оқушыларға ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2022
178
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«С.Әшімбаев атындағы орта мектебі» КММ





«Бекітемін»

С.Әшімбаев атындағы орта

мектебінің директоры

Ж.Б.Үсенов

_____________








Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын (концерттік бағдарлама)

















Орындаған: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Нұрғожа













2021 жыл

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Салтанатты жиынның барысы: ҚР Мемлекеттік әнұраны
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші: 
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! – дей келе жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

1 - жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Алғашқы құттықтау сөзді Жамбыл ауылдық округ әкімі Роман Бекзадаұлына беріледі

Келесі құттықтау сөз ауылымыздың ақсақалдар алқасының мүшесі, зейнеткер, Райымбек ауданының құрметті азаматы Айыпжан Есқожаұлына беріледі

Рахмет Айыпжан Есқожаұлы!

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Жақсылық Бүтінбайұлына беріледі

Ауылымыздың гүлдеп, өркендеуіне үлес қосып жүрген ауыл азаматы, қоғамдық кеңес төрағасы Мұратбеков Еркін мырзаның құттықтауына назар салайық

Келесі сөз сөйлеу кезегіне жастардың басын біріктіріп, бейбітшілікке,бірлікке ұмтылдырып жүрген, ауылымыздың белсенді азаматы Тоқбаев Ерсінді ортаға шақырамын

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

2 - жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Жамбыл ауылдық округі әкімінің мақтау қағазын табыстау рәсімі
Құрметті қонақтар бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариалаймыз.
«ҚР гимні»





1 - жүргізуші: ҚР Тәуелсіздігіне 30жыл! Айтулы мереке! Отыз жылда Қазақстан халқы дамып көптеген жетістіктерге қол жеткіздік!
Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан. – дей келе Мерекелік жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

«Байынқол» әжелер ансамблі «Айналдым сені» әні

«Егеменді ел» әні

1 - жүргізуші: 
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
«Тәуелсіз Қазақ елі» Әмерханов Ерсіннің орындауында

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық, - дей келе «Көш-Керуен» Бауыржан Мерейдің домбыра шашуын қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
4 сынып оқушыларының орындауында «Тәуелсіздік - Ел ұраны»

«Егемен Қазақстан» әні
1 - жүргізуші:  «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 


Ән: «Жақсы адамдарым» Жақсылық Маржан

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші: 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Ән: «Сауатты әнұран» 4 сынып оқушылары
2 сынып оқушылары «Біз бақытты баламыз»
2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
1 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!