400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тәуелсіздік және Т.Рысқұлов

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік үшін күрескен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік және Т.Рысқұлов

Ж.М.Манарбек

.



Алаш зиялыларының арманы болған тәуелсіздіктің орнағанына 28 жыл тол-ды. Осы жолда қазақ халқынаң экономикасы, мәдениеті, оқу-ағарту саласында және автономия туралы өзіндік көзқарасы болған Т.Рысқұловтың еңбегі мол.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың 20 жылдан астам уақытқа созылған саяси өмірі мен оның қарапайым халықтың мүддесі үшін жүргізген күресін және көрнекті қайраткердің тарихи және әдеби мұраларын зерттеудің қажеттілігі естен шығармағанымыз абзал. Тұрартанудың тарих-намасына көз жүгіртсек, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметіне араласқан 4-5 жылы, Түркістан қазақ әжептәуір зерттелгенін байқаймыз. Т.Рысқұловтың ортамыздағы қызметіне байланысты зерттеу жұмысы өз зерттеушілерін күтуде.

Бүкіл түркі халықтарына ортақ тұлға, халықаралық дәрежедегі ірі қабілеткер Т.Рысқұлов өзінің қырық жылға жуық өмірінің жартысын халық мүддесі жолындағы күреске арнады. Осы күрес оны өз замандастарының арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерді. Т.Рысқұлов 1922 жылдың 13 желтоқсанында құрылған мәдени ағартушылық бағыттағы «Талап» ұйымын құруға ат салысқан, Ә.Бөкейхановты себепсіз қамауға алған кезде де Т.Рысқұлов пен С.Қошанов И.В.Сталинге хат жазған болатын. Сол кезде ол қостаған түрлі бюролардың қызметін ашық сынап, халықтың мүддесін жоғары қол берді. Ол әрқайсысы өзінше бір бөлек әлем болып жататын орта азиялық мемлекеттердің, әсіресе, сол кездегі Түркістан республикасы мен Қазақстан республикасы, Орта Азияның батыс бөлігі мен орта бөлігінің бір-бірімен экономикалық қарым-қатынас орнатып, байланысқа түсуіне ықпал жасаған бірден-бір тұлға да Т.Рысқұлов. Ұлттық тұрғыда республикалар мен олардың алыс аймақтарының экономика, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуына, минералдарды ашу мен пайдалану, универси-теттерді құру, Магнитогорск пен Кузнецк металлургия зауыттарын, Шымкент қорғасын зауыты, Сталиноград, Челябі зауыттарын, Балқаш мыс қорыту зауыт-тарын, Қарағанды және Кузбасс көмір бассейндері секілді өнеркәсіп ошақтарын ашу мен дамытуға үлкен үлес қосқан. Сонымен қатар, ел экономикасын дамы-тудың ең тиімді тәсілдерін ұсынып, нарықтық қатынастарды еңгізу, орта және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, салықтық қаржылық операцияларды жүзеге асыру, акционерлік қоғам құру барысында іргелі жұмыстар жасады. Ол әркез өнер-кәсіптің барлық салаларын өнеркәсіптік жүйеге көшіру кереметтігін айтты. Қытайда көп жылдар бойы қолданып келген шаруашылық есептің төркіні Рыков пен Рысқұловтың экономикалық саясатында жатқанын біреу білсе біреу білмес. Бұл факты Т.Рысқұловтың тек саясаткер ғана емес, әлемдік дәрежедегі экономист екенін көрсетсе керек.

Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде қазақ халқының мүддесі үшін күрескен азаматтың бүгінгі күнде аты ауызға алынбай кетті. Оның реформаторлық еңбегі әлі де болса өз бағасын алған жоқ. Тек қазақ халқы ғана емес бүкіл Орта Азия, Ресей Федерациясы, тіпті Еуразияның азаттық қозғалыстарының алдында Рысқұловтың еңбегі ерен.

Бүгінде кейбір тарихшылар мен филологтар қатысы жоқ деген пікірлер айтып жүр. Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының маңызы көптеген пікір таластарға арқау болғаны белгілі. Осы арада көптеген қоғам қайраткерлерінің еңбегі еленбей қалды. Солардың ішінде С.Сейфуллин, С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, У.Қабылов, С.Мұқановтар бар.

М.Шоқай тұтас Түркістан идеясын ұстанса, Т.Рысқұлов екі ірі империяның ортасында түрік тілді халықтарының конференциясын құрғысы келді. Бірақ оған тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді. Оның бүкіл түркі жұртына жасаған қызметін саналап өтпей-ақ, кейбір маңызды деген идеялары мен қызметтерін атап өтуді парыз деп білеміз.

Ең бірінші, экономикаға тоқталып кетелік. Ол ең алғашқылардың бірі болып, металды өңдеу туралы, екінші, Жетісу темір жолы, үшінші, Орта экономикалық одаққа сол кездегі Түркістан, Хорезм, Бұхара республикалары мен Түркістан республикасының арасында кедендік одақ құру мәселесін жолға қойған.

1920 жылы Түркістан республикасы мен Қазақстан республикасы арасына экономикалық байланыс орнату жолында қызмет атқарған. Өткен ғасырдың 80-жылдары Т.Рысқұловтың әйелімен «Лениндік саяси бюро мен Сталиндік саяси бюрода жұмыс істеген адамдардың қандай айырмашылығы болды?» - деп сұрағанда, ол кісі: «Ең бірінші:Лениндік саяси бюро мүшелері, Троцкий болсын, Свердлов болсын, Рыков болсын, Дзержинский, Каменев, Куйбышев, Фрунзе, Луначарский, Кржижановский, Чичерин болсын, бұлардың барлығы мамандар еді. Өмірлік тәжіибесі мол, жан-жақты, теориялық білімі зор, өзіндік пікірі бар азаматтар еді»,-деп жауап берген. Ал «Сталиндік бюро құлщылдық, жағымпаздық, бірін-бірі мадақтау, реформаторлық ой-өрісі төмен Ворошилов , Кағанович, Молотовтар»,-деген [1].

Осы екі бюроның кезінде қызмет атқарған алты алашқа аты әйгілі қазақ азаматтарының бірі де, бірегейі де – Т.Рысқұлов. Ол РСФСР Совпаркомында жүріп, алты Алашты басқарған.

Ол саяси қайраткер ретінде көп іс тындырды. Т.Рысқұлов 1919 жылы 11 наурызда Түркістан компартиясы орталық комитеті жанынан Мұсылман бюросын құрды. Аз уақыт ішінде осы бюроның беделі көтеріліп, билігіне елеу-лі ықпал етті. Түркістан республикасындағы күрделі мәселелер Мұсылман бюросының қарауына қосылып, шешіліп жатты. Ол осында да экономика, мәдениет, қаржы, әскер, тіл, шекара, сот жүйесінен бастап, басқа да өзекті мәсе-лелерді қарап, шешуді қамти бастады. Жергілікті ұлт өкілдерін басшылыққа тартты. Түркістан компартиясы орталық компариясы орталық комитетін Түркістан атқару комитетін Мұсылма бюросымен санасатын жағдайға жеткізді. Егер, Т.Рысқұлов басшы болмаса, Мұсылман бюросы сондай халықтық билік дәрежесіне жетпес еді. Т.Рысқұлов мұсылмандар мүддесі тұрғысынан қараған-дықтан, сол кездің өзінде-ақ оған «Ұлтшыл», «Панисламшыл» деген айыптау-лар тағылды. Оның ұлтшылдығы езгіге түскен түркі халықтарын қорғап, шын жанашырлық көрсетіп, өз жерлерін билеп, өзгеге есе жібермеуі туралы айтқадығы байқалды..

Т.Рысқұлов қай жерде басшылықта жүрмесін, жауапты орындарға кадрларды жергілікті ұлт өкілдерінен тартып жүрді. Оның Түркістан республикасындағы рөлі мен ықпалы ерекше еді. Ол әр кез халықтық идеяны ұстанған, Т.Рысқұлов – М.Тынышбаев. Х.Досмұхамедов, К.Жалелов, М.Әуезов, М.Жұмабаев іспетті Алаш зиялыларын, Ташкент шаһарына шоғырландырып, 1922 жылы желтоқ-санда «Талап» атты ғылыми қоғам құрды. 1934 жылы желтоқсанда Қ.И.Сатпаев пен К.Орджоникидзені кездестіріп, Жезқазған мыс кеніне қаржы бөлгізуі – ұлтына, ұлттық интелекцияға қамқорлығының айқын көрінісі. Бекболат есімді кісіні Бай баласы оқып жүр деген арызы ізімен институттан Д.А.Қонаевты шығармақшы болғанда. Т.Рысқұлов А.В.Луначарский арқылы,оны оқуға қайта қабылдатқан, Н.Нұрмақовты ВЦИК-ке орналастырса, С.Мендешев Тұрардың арқасында 1926-1930 жж. Мәскеуде қызмет атқарған. Ж.Домұхамедов Өзбекстаннан, Қазақстаннан қуылған соң, оны Мәскеуде жұмысқа орналас-тырды. Түркістан университеті медицина факультетінің студенті кезінде Аққағаз Досжановаға шәкіртақы да бергізген. Т.Рысқұлов Геллерді орнынан алып, С.Асфендияровты Түркістан Республикасында денсаулық сақтау министрі етіп тағайындап, М.Жұмабаевты Ташкентке шақыртып, қамқорлығы-на алған. Диваевті зейнетақы баспанамен қамтамасыз еткен, Ташкенттегі абақтыдан шығып келгенде, денсаулығы нашаарлаған М.Әуезовты 1932 жылы шипажайға орналастырған. Қырғызстаннан қуылған Қырғызсубпаркомының төрағасы Ж.Абдрахмановты Самара облысында атқару комитетінің орынба-сары, Оренбург облысында ауыл шаруашылық саласын басқаруына дейін себепкер болған. М.Тынышбаевты Қоқан автономиясына жұмысқа орналастыр-ған С.Қожанов екеуі И.В.Сталинге жедел хат жіберіп, Ә.Бөкейхановты абақтыдан босатқызған.[2]

Сталинмен келісіп, Нұрмақовты ВЦИК-тегі ұлттар бөлімінің бастығының орнына отырғызса, Бауыржан Момышұлының Ленинградтағы Қаржы акаде-миясында білім теңізінен сусындауына тікелей ықпал еткен. Ш.Айтматовтың әкесі Төреқұлды Т.Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкнтке оқуға түсір-ген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы « Халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т.Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған. [3]

Т. Рысқұлов – ұлт-азаттық көтерілісті басқарушы, өзі де оған тікелей қаты-сушы адам. Әулиеата уезін басқарып, қазақтың революциялық жастар ұйымын құруға мұрындық болған. Сталиннің саяси репрессиясына 1923 жылы ең бірін-ші қарсы тұрған адам. Бүкіл көшпелі республикаларда мал шаруашылығын кеңінен дамыту керектігін айтқан. Алайда, 1928 жылы ұсынған тың жерді игеру мәселесі тек 1954 жылы ғана іске асты. Түркістан мемлекетінде қазақ халқы қалыптассын деген игі ниетпен Жетісу облысынан көшіп кеткен адамдарды қайтадан қайтару комиссиясын басқарған.

Жеке-дара күрескер ретінде қанаушылықтты ол сынды ұлттық саясатты ашық айтып, сынаған Тұрардай күрескер жоқ. Үндістан үшін – Неру, Түркия үшін – Ататүрік, Қытай үшін – Сунь- Ят Сен қандай болса біз үшін Тұрар да – сондай биік тұлға.

Сонымен өткен тарихымызға зер сала қарасақ. Алаш қозғалысының тарихы мен еліміздің бүгіні арасында өзара байланыс пен сабақтастық бар. Бұл сабақ-тастықтың өзегі – ұлттық мемлекеттік мәселесі. Алашордашылар ұлтжандылық танытып ұлт мүддесін қорғады. Қазақ елінің болашақ тағдыры жолында аянбай күресті. Алаш жетекшілері көрсетіп кеткен бағыт-бағдар еліміздің егеміндік алып, тәуелсіз мемлекет болған кезде де , өз маңызын жоймай, қазақ қоғамын әлемдік өркениетпен ұштастыруға жол сілтеп отырды.

ХХ ғасыр басында Ә. Бөкейханов бастаған ұлт қайраткерлерінің алаш атын партияға да, үкіметке де беруі тарихқа адалдықтың, сол күнге және болашақ бағдарды анықтаудың жолы.

Қазір біз – азат елміз. Зиялы қауым ұсынысын ескерген Үкімет 2008 жылы «Алаш қозғалысы» туралы арнайы Қаулы қабылдады. Бұл – қуанышты нәрсе, әрине. Бірақ, іс мұнымен бітпек емес. Себебі, қазақта «Тегін білмеген – тексіз» деген сөз бар. Мемлекет басшысының өзі Алаш қайраткерлерінің «Абайдан кейінгі тыныстар», Алаш қозғалысын – «Мемлекетінің бастауы» деп отырса, билік буынындағы жауапты қызметкерлер білім мен мәдениет жүйесіндегі мамандар зиялы, сабырлы іс иесі демократия жолында ұлт тұлғаларының еңбегін лайықты зерделеп, байыптап, насихаттауы тиіс. Ұлттың алдағы жолын осы арқылы өрістетпек. Өз заманының патриоты, тарихи тұлға, қазақ елінің ғана емес жалпы түркі халықтарының азаттығын ойлаған Т.Рысқұлов туралы зерттеулер әлі де жалғаса береді.

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі