Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесі.

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесі.Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері

Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінін аумағы жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді. «Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 31 жыл да өте шықты. Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін. Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр. Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы. Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!

Тәуелсіздік алған уақыт ішінде еліміздің әл-ауқаты көтерілді. Төл мәдениетіміз дамыды. Тіл мәдениетіміз жаңғырды. Қазірде елімізде ғылым, білім, денсаулық, спорт салалары даму үстінде. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан жылдар аралығында қоғамның барлық салаларында дерлік ілгерілеу байқалды. Оның ішінде қоғам өмірінің маңызды бөлшегі, ел болашағының тірегі болып отырған білім және ғылым саласы. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, біздің алдымызда ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсаты тұрған болатын. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті. Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. 1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасып, білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді. Жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі беріліп, үш тілде оқыту жүйесі енгізілді және кредиттік жүйе мен тегін оқу гранттары жыл сайын көптеп бөлінуде. Экономикамыз тұрақтана бастаған сәтте Мемлекет басшысының тапсырмасымен балабақшаларды салу және қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұрынырақ жекенің қолына өтіп кеткен немесе жалға берілген балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған қоса, жаңадан ашылған жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтардың саны артты. Осындай жұмыстардың, қабылданған іс-шаралардың арқасында балаларды мектепке дейінгі тәлім-тәрбиемен және біліммен қамту көрсеткіші ұлғайды. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту ісіне де айрықша мән беріліп келеді.  Заңнамалық тұрғыда мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы енгізіліп, балабақшаларды лицензиялау рәсімі жеңілдетілді. «Балбөлек», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» сынды отандық бағдарламалар жүзеге асырылды. 2016 жылдан мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен білім берудің үлгілі бағдарламасы қолданыла бастады. Онда мектеп жасына толмаған сәбилердің бойында болуы тиіс базалық дағдылар айқындалды. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Елбасы тапсырмасына сәйкес, балаларды ерте жастан дамыту бағдарламсы қолға алынды. Бұл 3 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік әрі өз бетімен оқу дағдыларын дамытуға, педагогтар мен ата-аналардың құзіреттілік деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен білімді дамытудың толыққанды моделі әзірленіп, балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту көрсеткіші артты. Қалалар мен аудан орталықтарындағы мектепке дейінгі ұйымдардың орындарын бөлу ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін балабақшаларға жолдама беру автоматтандырылды. Бұл процедура білім беру органдарының қатысуынсыз жүргізіледі және ата-ана балабақшаларды өздігінен таңдауға мүмкіндігі бар. Бүгінде еліміздегі балабақшалар 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Орта білім ұйымдарының желісі жеке мектептермен, лицейлермен, гимназиялармен, дарынды балаларға арналған арнаулы мектептермен толықты. Барлық сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшірілді. Білім мазмұны жаңартылған 20 Назарбаев зияткерлік мектебі құрылды. Қазіргі уақытта дәл осы мектептердің тәжірибесі еліміздің бүкіл білім жүйесіне енгізіліп жатыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. Сонымен қатар елімізде педагогтерді қызметіне кірмейтін жұмыстарға тартуға заңмен тыйым салынған. Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында мемлекетіміздің даму барысын, ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарын айқындап беріп отырады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Әрбір елдің жадынамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыр шешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің  арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» - атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, «Мәңгілік ел» болуға бет бұрғанын атап өтті. Сол себепті қазақ елі мәңгі жасауы тиіс. Қазақ елінің төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк  туымыз желбіреп, кең далада гимн шырқалып ойнағанда, менің халқымнан асқан бақытты ел бар ма? десеңші?! «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Елбасымыздың жүргізіп отырған парасаты мен көреген саясатының жемісі деп білемін. Олай болса дің келешегі, Қазақстанның болашағы өз қолымызда. Жаңғыру кезеңде  қазақ елі, Еліміз мәңгі жарқырай берсін!





















































42 "Айналайын" МКҚК











"Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері"

















Тәрбиеші: Токкожина.М.Ж













Ақтөбе 2025жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
69
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі