400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік жырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік - еліміздің көкбайрағы. Тәуелсіздік - ата-бабамыздың салған сара жолы. Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай шәкіртерім де қалам тартып, өз қаламдарынан шерткен өлеңдерін сіздерге ұсынып отырмын. Бұл оқушыларым - ақындық жолды таңдап отырған өнерпаздарым. Теңізге тамған тамшыдай кішкене болса да, Тәуелсіздікке қосқан үлестері деп қабыл алыңыздар. Шәкірттерімнің қаламынан әлі де талай жыр жолдары жазылады деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Қазақстан – мәңгілік ел

Үмітіміз жанған күн,

Тәуелсіздік алған күн,

Он алтыншы желтоқсан –

Мәңгілік болып қалған күн.



Тәуелсіздік алған кім?

Лаулап жалын жанған күн.

Қайрат, Ләззат батырлар

Танып , мақтап айтқан күн.



Қазағыма жыр жазамын,

Сатқындықтан мен тазамын.

Дайынмын мен әрқашанда

Тартпас үшін жау азабын.



Қызылорда қаласы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп –лицейінің

6 «Б» сынып оқушысы Ахметбек Абылайхан

















Тәуелсіздік

Тәуелсіздік алдық біз,

Тарихтарға салдақ із.

Егемен ел жарасқан,

Тәуелсіз боп қалдық біз.

Тәуелсіздік алғызған,

Ата-баба рухына.

Қазақ атты ұлтына

Алғысын ел жаудырып.

Тәуелсіз ел жаңғырып,

Жасай берсін мәңгілік.

Батыр болған тарихта

Мәншүк атты қызымыз.

Әлия берді жемісін,

Алды енді жеңісін.

Қан төгісті ел үшін,

Батырларым ел үшін.

Қан төгісті жер үшін.

Аянбастан Отанды

Қорғап шықты ел үшін.



Қызылорда қаласы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп –лицейінің

5«Г» сынып оқушысы Нұртай Абылайхан











Тәуелсіздік

Еңбек , бірлік, ынтымақ – татулықтың айбыны,

Татулықтай теңіздің жарқырап тұр айдыны.

Пейілі кең, жері байтақ, ынтымақшыл елміз – біз,

Тәуелсіздік күніміз ұмыттырар қайғыны.

Тәуелсіздік – еркіндігім, азаттығым, тілегім,

Тек тыныштық болса екен , осы – менің тілерім.

Боздақтардың ерлігі еске түскенде,

Кеудедегі шымырлайды жұмыр етім –жүрегім.

Тәуелсіздік – тұғырым, арқа сүйер тірегім,

Тарих бетін жаңартқан күн екенін білемін.

Батырлықта сыналған тұс бұл нағыз,

Батыр ағам бар екен деп қуана мен күлемін.

Тәуелсіздік – халыққа қасиетті мереке,

Берік әрі нық болсын шаңырақ пен кереге.

Тыныштығым тұмар болып тағылсын,

Сарқылмасын қазағымда бақыт пенен береке.

Желтоқсанның ылаңы мен ызғарын ұмытпадым,

Қайрат атта ағамды мен енді ұлықтадым.

Қыздарды ұрды, аямады, аяусыз тепкіледі,

Осылайша келді азаттық кетіп өмір құлдықтағы.

Алаш, Қазақ, Тәуелсіздік – бір мағына емес пе?

Өттік біздер қиын әрі өте үлкен белестен.

Әлиханның Бөкейханы, Ахмет ағамқұрды Алаш партиясын,

Түп мақсаты – қазақ евлін әкелу ғой азаттық пен дербеске.

Қызылорда қаласы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп –лицейінің

5«Д» сынып оқушысы Мәдениет Асхат



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2019
945
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі