Материалдар / Тәуелсіздік күніне

Тәуелсіздік күніне

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға менің дайын сценарийлерім
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткел
іктерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Әнұран

Нұрболдың орындауында « Жаса, Қазақстан!»әні


1-оқушы: Ризагүл. 
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. 
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған 
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. 
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма 
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. 
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, 
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 
2-оқушы: Диас. 
Жас арудың жанарында – Желтоқсан, 
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. 
Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 
Қара тұман қабағында – Желтоқсан. 
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, 
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. 
Жазықсыздың көз жасына жуынып, 
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. 
Намысымның шырағы да – Желтоқсан, 
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. 
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, 
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 



3-оқушы:  Омар

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр 
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. 
Колбин деген кім екен, қайдан келген? 
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? 

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, 
Бізге оны ешкім аяп бермейді. 
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, 
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. 
4-оқушы:  Аухат.
Өмір бойы жолым болып көрмеді, 
Жылап келем бұл дүниеге келгелі. 
Қайғы шаңы басты менің денемді, 
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. 
Жолдаған сәлемімді дос алмады, 
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. 
Айта берем, айта берем қайбірін, 
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. 
Тағдыр мені аямады, қорлады, 
Жалынсам да, жыласамда болмады. 
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, 
Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 
5-оқушы:  Данагуль

Тұрса да биік өр басын, 
Қазаққа бақыт орнасын. 
Сексен алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан желі болмасын! 
Күн кешіп лапылдаған жастарым, 
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. 
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін 
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.  
6-оқушы : Гаухар

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім. 
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін 
Бас иемін ата баба рухына. 
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап 
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап 
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 
1 - жүргізуші:
Бүгінгі мерекемізге аудан әкімшілігінен келген қонағымызға сөз береміз,

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Садвакасов Алтай Нөгербекұлына беріледі.

2-жүргізуші: 
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ   халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің  бірі.  
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Желтоқсан оқиғасында құрбан болған ағаларымыз бен апаларымызға бір минут үнсіздік

1 - жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда «Еркеназ » бишілер тобының орындауында «Қамажай»


2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2-жүргізіші

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Назира мен Айгүлдің орындауындағы « Қазақстан таңы » әнін қабыл алыңыздар

1 - жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Алдарыңызда «Еркеназ » бишілер тобының орындауында «Көңіл күй»

2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Сүйіндік пен Азаматтың орындауында «Туған жер» әнің қабыл алыңыздар
1 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Диастың орындауында «Көк тудың желбірегені » әнін қабыл алыңыздар


2 - жүргізуші: 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

ёАрсен мен Нұржигиттің орындауында ән: Атамекен


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі