Материалдар / Тәуелсіздік күніне ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік күніне ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы алаңға шыққан желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2024
150
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың

Мақсаты :

Оқушыларға тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды оқушылардын бойына дарыту.

Құндылықтар :

  • Тәуелсіздік және отаншылдық

 

 (Әнұран орындалады)

( Ұл балалар бір- бірден шығып оқиды)

Республикам менің

Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,

Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.

Мерейі үстем мерекең болсын құтты,

Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.



Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,

Күмбірледі күй болып шертілді үнің.

Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,

Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.



Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз,

Бүгінімен басталды ертеңіміз.

Аспаныма арайлап нұр қаптады,

Өзіңдікі өзге емес өз төріміз.



Өткен күндер өгейсіп көп тілеген,

Аласармас арманым көк тіреген.

Тілім, дінім, ділім де қайта оралған,

Өмірімнің өзегі деп білемін.







Ата баба мұраты орындалып,

«Қазақстан» құжаты қолында нық.

Келер күнге құшағым айқара ашық,

Қаймықпадық, қайтпадық, қорынбадық.



Көгілдір Ту шырқау шың шаңырағым,

Әлдилеп тұр әуелеп Әнұраным.

Босағада талай бір боздап қалған.

Төрге шықты Елтаңбам, Әнұраным.



Тұлғасы бол, қазағым, бар биіктің,

Ән шырқасын әр күнің жаңғырып тым.

Иегері бола бер, Қазақстан,

Таңдандырар өзін де мәңгіліктің!



1-жүргізуші :

Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні.


2- жүргізуші:


Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген құрметті ұстаздар мен оқушылар, мереке құтты болсын!


1-жүргізуші :

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


2- жүргізуші:


1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз ел болдық. Міне бүгін тәуелсіз ел болғанымызға 33 жыл толып отыр. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.







1-жүргізуші :

Тәуелсіздіктің түп – тамыры осыдан 35 жыл бұрын болған « Желтоқсан оқиғасына» тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. 1986-шы жылдың 16-желтоқсанында Дінмұхамбет Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Генадий Колбин сайланды. 

2- жүргізуші :


Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың намысты жігіттері мен өрімдей қыздары шықты.

Көрініс: қабырғада желтоқсан көтерілісі болған алаң суреті

( Желтоқсан оқиғасына қатысқан кейіпкер және бүлдіршін бала )


Желтоқсан алаңы 

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.


Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға алакөк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.



Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.


Жоқ!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.


Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.

..Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.

Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

Мұхтар Шаханов







1-жүргізуші :

Желтоқсанның басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

2-жүргізуші :


Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат, Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.



Оқушы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.



Оқушы:
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.



Оқушы:
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.



Қойылым:

(Абақты іші Қайрат хат жазып отыр.)

Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегінді жаралап
Кесір болды-ау біз секілді масылдар

Айналайын, қарындасым, қарағым
Қолда кісен мен айдауға барамын
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын ,інішегім ,құлыным
Сені ойласам үзіледі жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға, құлыным

Қалдырып жаны мәңгі жас ұлынды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам ,қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын жасырыңды

Қайран анам, күзеткенің түгелме?
Көктеректе жазықсыз екенімді білеме?
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің,жұртың күле ме?

(Осы сәтте абақты ішіне тергеушілер кіріп келеді.)

Тергеуші : Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып отырмысың? Сен 18 желтоқсан күні сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат : Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Тергеуші: Жоқ сен өтірік айтпа. Сен Савиицкиді өлтірдің. Сен оның өліміне кінәлісің.

Қайрат: Мен ешкімді өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Мойында!Мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Қайрат: Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын? Бұл жала ғой.

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де…

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савицкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ

Милиционер : Бұдан ешқандай пайда жоқ, оданда ісін сотқа түсірейік.


Жүргізуші : (дауыс сырттан )

Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күн де жетті.

(Дауыс) : Тұрыңыздар ! Сот келеді.

( Сот): (орнынан тұрып оқиды) :

1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті Қайрат Рысқұлбеков - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша -3 жылға, 65-бабы бойынша -15 жылға, бас бостандығынан айырылсын,

173- бабы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі - өлім жазасына кесілсін.

Айыпкер, ақтық сөзіңді айт!

(Қайрат) : Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін

.Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!



Сот : « Алып кетіңдер мынаны » .

(Милиционерлер алып кетеді.)



1-жүргізуші :

Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары: Қайрат Рұсқылбеков, Ләзат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбылбек Тайжұмаев , Ертай Көпесбаев және осы уақытқа дейін аты бізге беймәлім ержүрек, ұлтжанды батырларымызды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз!

2-жүргізуші:

1986ж. желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. Ендеше халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына бас иеміз.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, (Оқушы)
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен. (Оқушы)
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.
Бәлки қайсақ, бәлки бір ғұннан тудым. (Оқушы)
Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».
Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.

Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай. ( Оқушы)
Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,
Жаза алатын, ғылымды қаза алатын, (Оқушы)
Жаза алатын дүниелік дастандарды,
Жаза алатын тарихқа қазақ атын.



Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.
Мен – бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын, (Оқушы)
Оң-солымды туды енді абайлар күн.



Мен – қазақпын, жан Отан, бел балаңмын.
Махаббаты сенікі жер – даламның.
Ана сүйсе бір жүрек, менше сүйсін, ( Оқушы)
Кешір мені, аса айтсам – мен де адаммын.



( ХОР : « Мен қазақпын » )

Оқушы:

Келді міне, отыз жыл! Тойла қазақ!

Келді міне, отыз жыл! Тойла қазақ,
Азаттықтың ақ таңы қуандырып.
Биле, биле шаттана, тойда қазақ,
Өлеңдете, «отыз жыл» жыр қалдырып!

Пейіліміз қазағым тарылмасын,
Ағын судай жарқырап арындасын!
Қазағымды ең мықты ел ретінде,
Бүкіл әлем бас иіп қабылдасын!

Шаттандырған қуантып — отыз жылдық,
Мақтан қылған жырлатып — отыз жылдық.
Тәуелсіздік мерейтой құтты болып,
Отыз жылды Алла берсін жүз жыл қылып



Оқушы:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «ОтанІ» - деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем (Мұқағали Мақатаев ОТАН ТУРАЛЫ )



БАРЛЫҒЫ:

Тәуелсіз елдің ұлы өжет, 1-оқушы
Қызы – қайратты, 
2- оқушы

Халқы – қаһарман 3-оқушы


Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, 4-оқушы

Баландай мәпеле, 5 - оқушы
Құдайдай
құрметте! 6- оқушы


Тәуелсіздік үшін тәніңді де,  7-оқушы
Қаныңды да 8-оқушы

Жаныңды да аяма! 9-оқушы



Ән – ұранымыз әуенді 10-оқушы
Асқақ
бола түссін! 11-оқушы

Елтаңбамыз ажарлы 12-оқушы
Елдігіміздің белгісі
Көгілдір туымыз
әрқашан желбірей берсін!!! 13-оқушы

  1. жүргізуші :



Тәуелсіздіктің 33-жылдық мерей тойы құтты болсын!!!!




2-жүргізуші :

ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІ ЖАСАЙ БЕРСІН !!!!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!