Тәуелсіздік күніне орай өтілген іс-шаралар туралы мәлімет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік күніне орай өтілген іс-шаралар туралы мәлімет

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тасөткел орта мектебінде 2018-2019 оқу жылындағы «Тәуелсіздік – елімінің шамшырағы» атты апталықтың өтілуі туралы

Анықтама

Тасөткел орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай 10-14 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік-елімнің шамшырағы» атты апталық жоспарланып, жоспар аясында түрлі іс-шаралар өтілді.

Кітапханашы Елеусізова Т.М «Тәңір сыйы - Тәуелсіздік» атты тақырыпта кітап көрмесін жасақтады.

10 желтоқсан күні «Тәуелсіз ел – Қазақстан» тақырыбында 2 сыныпта ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіліп, балаларға Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігі түсіндіріліп айтылды. Сынып жетекшісі Талапбаева Қ.Т

1-11 сынып оқушылары«Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды.

11 желтоқсан күні «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырында даярлық тобы мен 1 класс оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өтілді. Мәнерлеп оқу қорытындысы бойынша даярлық тобынан оза шықан оқушылар Рүстем Әділет, Алмасұлы Дәулет, Төрехан Арслан, Төрехан Арслан, Құлынтай Мансұр. 1 сыныптан Утегенов Ануар, Қалжан Рамазан, Әділгерей Әсия, Бисенбі Ару болды.

Жетекшілері: Қосанова М.Т, Аблаева Д.Б

Picture 9

12 желтоқсан күні «Тәуелсіз елім - тірегім!» атты тақырыпта 3-4 сынып оқушылары арасында ұлттық ойын тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарыс қызықты әрі тартысты болды. Жарыс қорытындысы бойынша 3 сыныптан І орынды Тағыбергенова Алиса, ІІ орынды Жаңбырбай Альбина, ІІІ орынды Айтуған Аймира мен Ерланқызы Жансая иеленді.

Ал ұлдар арасынан 4 сыныптан І орынды Шаймардан Назар, ІІ орынды Мұханбетжан Нұржан, ІІІ орынды Спат Мақсат иеленді.

Жетекшісі: Абдирова М.Т

13 желтоқсан күні «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында ТОЛАҒАЙ отбасылық сайысы өтілді. Толағай отбасылық сайысына 5 топ қатысты. Олар:

  1. Медеубаевтар отбасы

  2. Жолымовтар отбасы

  3. Нұрғалиевтар отбасы

  4. Кенжебаевтар отбасы

5.Азербаевтар отбасы

Сайыс ҚР мемлекеттік Гимнімен бастау алып, мектеп директоры Жолдыбаева Г.М құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс өте қызықты және көңілді болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Азербаевтар отбасы алса, ІІ орынды Медеубаевтар отбасы, ІІІ орынды Жолымовтар отбасы мен Кенжебавтар отбасы, ал ІV орынды Нұрғаливтер отбасы алды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Тасөткел орта мектебінде 14 желтоқсан күні 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай «Біз – Тәуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан» атты тақырыпта Републикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 2 сынып оқушыларын «Жас қыранға» және 5 сынып оқушыларын «Жас Ұланға» қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиында Қазақстан Респубикасының мемлекеттік Гимні орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы Қартбай Гүлмираның орындауындағы «Тәуелсіз Қазақстан» әнімен бастау алды. Жиынға қатысушыларды мектеп директоры Жолдыбаева Г.М құттықтады. Жиынға барлық сынып оқушылары түгел қатысты. Оқушыларға арнайы төс белгі және туымыз түстес көгілдір галстук тағылды.

Picture 12

14 желтоқсан күні мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік сазды бағдарлама өз деңгейінде өтілді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
3189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі