400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік күніне толғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне орай толғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік күніне толғау


Жігерді,мейлі,құм қылып

Жасытқын мені

Ем таба алмай жан жарасына

Тоқтаусыз төпеп тұрса да уақыттың желі.

Риза боп мәңгі өтер ем,шіркін

Жалғанда мына

Мұң толы қасіреттің де ішінен

Сезілер болса жылт етіп бақыттың лебі.

Азаттық үшін

Шежіре жібін тарқатып бір сәт,

Ширатып шығам шыр айналдырып азаптың ұшын.

Ғажап күн үшін

Шақшадай басым шара боп, шыдам бітсе де

Шарқ ұрып тіпті, шарлап шығар ем тозақтың ішін!


Алты да қарыс азуын айға да білеп,

Ерліктің туы көк аспанымда құлаш ұрды да

Құшаққа қысып, аймалады кеп.

Бостандық үшін барымды берем, тілерім жалғыз —

Тастасын елді бодандық дейтін құрсаудан алып

Басқасын енді ойлама, жүрек!


Егемендігім—

Биік боп мәңгі,

Тең болып тұрса өзге жұртпенен терезең бүгін,

Арманың бар ма өмірде басқа?

Тәуелсіз елдің рухына тәу етші одан да

Танытып нағыз қайсар халықтың көрегендігін!


Төтеп бергенде асау өткелдің ағысына да,

Таусылмай демі, төзе де білді

Тағдырдың талай сүрлеуінде өткен шабысына да.

Ызғарын шашып, жел соқса бірге естілетіндей

Еміс те еміс бабаларымның қан кешкен дауысы ғана.


Қарыпбаева Бағжан Айдарқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.03.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі