Материалдар / «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
521
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты кешімізді бастаймыз.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

1-жүргізуші:

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.

Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

2-жүргізуші:

Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

Осыдан он тоғыз жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

1-жүргізуші: Желтоқсан айы…

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.

Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігернлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кеін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы.

Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалары…

Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар

Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Дауыс: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Көрініс

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың…

Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр.

Қайраттың туыс – бауырларына арналған өлеңдерінен үзінді

Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар!



Айналайын, қарындасым, қарғым,

Қолда кісен, мен айдау да барамын.

Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным ,қандай жанға баладың?



Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауда, құлыным!

Көрініс.

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!



Ән: «Қарабауыр Қасқалдақ»



Би: «Жұмыр қылыш»

Қайраттың рухына.

(Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке)

Азаматтық айбарымен еркіңнің,

Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.

Алаңдағы әділетсіз дауылға

Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.





Жапа шегіп жатсаңдағы жаланың,

Жарамады арашаға жан адам.

Желтоқсанның желбіретті жалауын,

Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.



Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,

Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.

Көк байрағым сені еске сап тұрады,

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.



Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,

Айналар атың әлі неше өлеңге.

Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!



Қарындасқа қалқан болған өренім,

Қалың жасқа пана болған терегім.

Жалын жырға арқау болған тереңім,

Өлтіре алмас сені өлім!

Алмас жүзді беренім!



Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!



Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.



Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.



Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Ән: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!

2-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.

1-жүргізуші:

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

2-жүргізуші:

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым » атты іс-шарамызды аяқтаймыз

Ән: «Атамекен»















































« Білім көзі- кітапта»

 

5,6  сынып оқушыларымен өткізілетін танымдық сағат.

Жүргізуші: Бүгінгі «Білім көзі — кітапта» танымдық сағатымыздың мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімділікке тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге және қадірлеуге баулу.

 

Кіріспе:

 

Кітап-адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал.

Ол- адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.Халқымыз кітапты аса құрметтейді.Сондықтанда «кітапсыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ», «кітап- білім бұлағы,білім-өмір шырағы» дейді.

Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі «білім көзі –кітапта» танымдық сағатын Ахмет Байтұрсын ұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )

 

Кітап: ( Қуанышбек) Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар,мен сіздерге үлкен  қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз.

( кітапты төрге отырғызу)

Жүргізуші: Балалар, мен бүгінгі танымдық сағатымызды жұмбақ айтудан бастаймын.

  1. Үндемес серік,ақылы берік.( кітап)

  2. Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.( кітап)

  3. Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем десең міні жоқ.( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)

Жүргізуші: Құрметті балалар,мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын.Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ.Кім біледі,балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан.Қандай мағына береді.

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

Жүргізущі: Жоқ,балалар жауап берсін.

1-оқушы: Назерке 6 сын.. Кітап-арабтың « жазу» деген сөзі.Кітап рухани қазына,өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Конфуция», парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл», араб тілінде «Құран» шыққан.

2-Оқушы: Гүлзат 6 сынып. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болған.Европада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнер тапқышы Гутенберг баспа станогын жасап шығарды.Русте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван  Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

3-Оқушы: 5 сынып Асел.  Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама», ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітаптары болды. 1800 жылы қазақша кітаптар шығарыла бастады.

( Балалар,кітаптың пайда болу тарихын айтады)

Кітап. Қуанышбек 5 сынып. Ой,бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер.Міне ,мен осылай өмірге келдім. Мнеің атыма сай ішкі мәнімде өзгерді.Мен сендерге ақын аға-апаларыңның көңіл күйін, ішкі сезімін жеткіземін.

Жүргізуші: Оқушылар кітап жөнінде тақпақ айтады.

  • Оқушы : Құндыз 6 сын.. Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы,өмір сыры,ақын жыры

Басылған таңба болып өзіңде осы.

2-оқушы: Салтанат 5 сын.

Кітап-менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе» алып бастағам

Кітап оқып, жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын,жас қалам!

 

Кітап-менің асыл,жақұт сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым

Жалықпаймын,жалықпаймын оқуға

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

3-оқушы: Нұржан6 сын.. Кітап

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы

Ашқанда өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

  • оқушы: Фариза 5 сын.

Тұрады басын құрап әріп неден

Басталған білім басы әліппеден

Қарасақ шалқар теңіз,түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып неден.

5-оқушы: Тұрлыхан 6 сын..

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп

Молайтып ақылыңды сан еселеп

Береді білім нәрін кітап көптеп

6-оқушы: Бақыткүл 5 сын.

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Жүргізуші:

Рахмет балалар!

Жүргізуші: Жаңа айтқан өлең жолдарында біз не туралы жырладық.

-Әрине кітап туралы.Егер кітап болмаса,сен рухани бай болмас едің.

Олай болса, балалар!Кітап –білім бұлағы бөлімі.

Дейді оқушылар «кітап-білім бұлағы»

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп,көп оқыған баланың

Анықтағы білімпаз боп шығары.

Ендеше балалар өзі оқыған кітаптарынан түсінік айтады ( екі оқушы 5,6 сыныбынан шығады)

1.5 сын.

2.6 сын.

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Дана халқымыздың көне де,көркем мәдени мұрасы мақал мен мәтел сөздер.Мақал-сөз мәйегі бөлімі.Мен сендерге мақалдың бірінші жартысын айтамын,сендер мақалды аяқтауларың керек.

1-оқушыға:

  1. Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті)

  2. Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.(ерте әйелдің бір ісі артық)

  3. Оқу-білім азығы ( білім- ырыс қазығы)

  4. Оқу-инемен (құдық қазғандай)

  5. Бірлік болмай (тірлік болмас)

2-оқушыға:

  1. Білекті бірді жығады(білімді мыңды жығады)

  2. Жақсыдан үйрен( жаманнан жирен)

  3. Төртеу түгел болса,(төбедегі келеді )

  4. Еңбек-ерлікке (жеткізеді)

  5. Ақылды қария ( ағып жатқан дария)

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші:Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі,көркемде кестелі тілдердің бірі. « Өткірдің жүзі,кестенің бізі,өрнегін сендей сала алмас» деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен осы тіліміз.Келесі бөліміміз «Өлең- сөздің патшасы». Олай болса, ақын жазушылардың білім,ғылым жөнінде өлеңдер дайындап келген балаларға берейік.

  1. Абай Құнанбаевтың өлеңі «Әсемпаз болма әрнеге» 6 сын. Салтанат

  2. Ыбырай Алтынсарин « Өнер-білім бар жұрттар» 6 сын. Құндыз.

  3. Шәкарім Құдайбердіұлы « Сен ғылымға» 5 сын. Фариза.

  4. Сұлтанмахмут Торайғыров « Оқу» 5 сын. Шәкарім.

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі бөлімі жұмбақтар шешу.  ( екі оқушы 5,6 сыныбынан шығады.

 

1-оқушы.

  1. Болсада көкте мекені

Кездеспейді екеуі ( Ай мен күн)

  1. Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін ( Кітап)

  1. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпенде

Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,

Басынан сипамайды аяп пенде.(доп)

  1. Бірде орақ,бірде доп,

Бірде барда,бірде жоқ.( Ай )

2-оқушы:

  1. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды ( Күнбағыс )

  1. Белі бүкір,алысқа түкір ( мылтық )

  2. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар

Қорек қып пайдаланалар тамам халык ( Кітап )

  1. Бір құтыда екі түрлі су жатады,

Қайнатсаң мұз боп қатады ( Жұмыртқа )

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз « Білім көзі-кітапта» Сұрақтарға жауап беру

Қойылатын сұрақтар.

1-оқушыға:

  1. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата.

( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова )

  1. Бірінші маусым қандай мереке ( балаларды қорғау күні )

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата

( сөзі: Жұмекен Нәжмәдиновтікі. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі )

  1. Қазақтың үш биін ата ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )

  2. « Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім.( Ы. Алтынсарин )

6.Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим )

2-оқушыға:

  1. 22 қыркүйек қандай мереке? ( Тілдер мерекесі)

  2. Қазақстан Мемлекетінің Рәміздерін ата. ( Ту, Елтаңба,Әнұран )

3.Жыл атауынан құр қалған жануар ( Түйе )

  1. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдерін білесің.

( қыс, жаз,жазғытұры,қарашамен, желтоқсан,сол бір екі ай)

  1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің, атап бер.  ( Көкпар,тоғызқұмалақ,қыз қуу,теңге алу )

  2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана )

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі бөліміміз үй тапсырмасына кез – келген жанрдан көрініс

Бірінші 5 сын.,сосын 6 оқушылары  көрініс көрсетеді.

5 сынып оқушылары

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Келесі бөлім балалар « Ойлан, тап» Кітапхана сөзіне сөз құрау.5,6 сыныбынан екі оқушы шығады.

Кітап, тап, ана, тана, пана, тапа, ат, ах, апа.

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші : Ақын Өтебай Тұрманжановтың «Кітапты сүй балалар» өлеңі

                                                                                               Зарина, Дәулет

Кітап. Қуанышбек 5 сын. Бәрекелді балалар! Барша әлемді ұлан- ғайыр білімімен таңқалдырған ғұламалар балалық балғын шағынан, өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.Мені басқа елдердегі жанашыр достарым күтіп жатыр. Енді соларға бет алмақпын.

Балалар! Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Ал,жақсы балалар. ( Кітап кетіп қалады )

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар!

Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Ал, енді бүгінгі тәрбие сағатымыздың қорытынды сөзін мектебіміздің бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Ержанова Сарқыт апайға береміз.

Апай қортындыда 5,6 сынып оқушыларын білімділігімен, қабілеттілігіне қарай « Белсенді оқырман сыныбы», «Тапқыр оқырман сыныбы» номинациясы бойынша марапатталады.












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!