400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Тәуелсіздік құрдастарына арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
1991жылы туған Тәуелсіздікпен бірге дүние есігін ашқан ұстаздарға арналады. Тәуелсіздік алғанымызға аттай 30 жыл толғанын, жеткен жетістігімізді мақтан ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік құрдастарына арнау

Құтты болсын, Тәуелсіздік мерекеміз,

Жарасқан ынтымақ пен берекеміз.

Артқа тастап кешегі зар заманды

Бүгінде әлем таныр ел екенбіз.



Бойларына ерекше қуат жиған

Кеудеге қуаныш пен шабыт сыйған.

Ортамызда Тәуелсіздік құрдастары

Бақыт таңы күнімен бірге туған.



Біз сендермен әрқашан мақтанамыз,

Өмірлерің өрлеу мен жатқан аңыз.

Тәуелсіздік мерекесін тойлағанда

Сендер сыйға тартқандай шаттанамыз.



Көпке сыйлы майталман жас ұстазым,

Үлгі болар сабыр менен ұстамың.

Фархат сенің құтты болсын мерекең

Сәттілікке бастай берсін қыс-жазың.



Өзің де жассың, тірегі елдің ертеңі

Арманың асқақ, болашағың болсын ертегі.

30-да бұзсаң, орданы күшпен игеріп

Мәңгілік өмір Тәуелсіздік күйін шертесің.



Ф.Әбілмажиновичке

Көгімде тұрса, байрағым менің желбіреп,

Тәуелсіздік деп жүрегім соғар елжіреп.

Себебі мен де құрдасымын осы датаның

Бабаларымның арманы бүгін келді деп.



Бейбіт өмірді елім бар менің таңдаған

Ұлт пен ұлыс достықтарына таң қалам.

Ұстазбын менде ұрпаққа үлес қосатын

Сол қырандардың көруім мақсат самғаған.



Өзім де жаспын тірегі елдің ертеңі,

Арманым асқақ, болашақ болса ертегі.

30-да бұзсам, орданы күшпен игеріп

Мәңгілік өмір Тәуелсіздік күйін шертемін.





















Гүлден Мұратханқызына

Қазақстаным, бірліктің бүгін мекені,

Осы шығар-ау, тәуелсіздіктің не екені.

Тәуелсіз күні өмірге келгем іңгәлап

Алысқа шырқап, тек шыңдарға жетемін.



Тәуелсіз елдің бақыты жанған қызымын,

Көріп келемін еркіндігімнің қызығын.

Тілімді сүйіп, ұрпақты бастау арманым

Елім деп өтем, қаншаға жетсе ғұмырым.



Мереке сайын қуанам, жылда шаттанам,

Өмірдің мына құндылықтарымен баптанам.

Әлемге бүгін даңқымен таныс ел болдық

Осы үшін мен де бір қызы болып мақтанам.

Н.Жумабековна, 2021жыл,16желтоқсан.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.12.2021
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі