Материалдар / "Тәуелсіздік қыраны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіздік қыраны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбиешілер мен педагогтарға ертеңгілік үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіздік қыраны» атты ертеңгіліктің сценарийі.

  1. жүргізуші:

2 – жүргізуші:

Тазша бала:

Батыр:


(Балалар қолдарына жалаушаларымен кіріп, музыка залына жартылай шеңберге тұрып, музыка ырғағымен қозғалып тұрады)


1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.

Мерейің құтты болсын

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, біз бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне қуанышты, жылы лебізбен жиналып отырмыз. Тәуелсіздік алған күніміз құтты болсын! Балалар, «тәуелсіздік» сөзін қалай түсінесіңдер?

Балалар: Өзіміздің бостандығымыз.

1-жүргізуші: Әрине, бұл деген еркіндік, бостандық, тәуелсіздік.

ҚР Әнұраны


1-жүргізуші: «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп бабамыз тегін айтпаған. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел болашағы.

Балалардың өлең шумақтары

1-бала

2-бала

3-бала

4-бала

5-бала

6-бала

7-бала


1-жүргізуші:

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Тәуелсіздік туыңды

Биік ұста жас ұлан!

(Залға қазақша күймен Тазша бала кіреді)

Тазша бала:

Сүйінші, сүйінші, бүгін бізде мереке, бүгін үлкен той. Барлық халық, барлық бала, қуаныңдар, шаттаныңдар!!!

1-жүргізуші:

Тазша бала, қандай қуанышты хабар алып келдің бізге?

Тазша бала:

Бүгін Тәуелсіздік күні, мереке құтты болсын!!!

1-жүргізуші:

Қуанышты хабарды әкелгенің үшін көп рахмет, Тазша! Дәстүр бойынша жақсы хабарды жеткізгенің үшін сыйлық береді. Біз саған қазақтың үкілеген домбырасын сыйға тартамыз. Ақын бол! Тазша бала, балалармен отырып, мерекелік ертеңгілігімізді тамашала, мерекені бізбен бірге қарсы ал.


1-жүргізуші:

Тазша бала:

Бәрекелді, қуана-қуана тамашалаймын. Мен де текке тұрмайын, бір ойынды бастаймын. Балалар енді біз сендермен «Жалаушалар»ойынын ойнайық. Сұрақтарға қай бала дұрыс жауап берсе сол жалауша алады. Кәне дайынсыңдар ма? Ал бастайық.

1-жүргізуші:

Балалар, Тазша баланың қызықты сұрақтарына жауап бересіңдер ме?

Балалар: иәә...

1.Біз қандай ел,қандай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел.
2. Осы біздің тәуелсіз елімізді басқарып отырған Елбасы кім деп ойлайсыңдар?
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
3. Балалар,әр елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болады. Біздің елдің рәміздерін кім айтады?
Әнұран,елтаңба,ту.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақ тілі.
5. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады? 
Орыс,неміс,татар,өзбек,қырғыз т.б 6.

6. Қазақстанның астанасы қай қала?
Астана.

Ойын: «Бәйтерек»

Тазша бала:Балалар, білетіндерің көп екен. Жарайсыңдар!

(Залға батыр кіреді)

Батыр: Тазша досым, сен қайда жүрсің, мен сені іздеп, сай-саланы аралап шаршадым ғой.

Тазша бала:Мен мерекеге келдім.

Батыр: Қандай мереке?

Тазша бала: Бүгін тәуелсіздік күні.

Батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар, құрметті қонақтар!? Мереке құтты болсын!

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Балалар, біздің Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Қанекей, ортаға шығып, өнер көрсетелік, ал біз бауырым екеуіміз отырып тамашалайық.

1-жүргізуші:

Отан туған еліміз

Отан туған жеріміз.

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән-күйіміз, дей отыра, Ересек тобының орйындауыдағы «Тұлпарым» биін тамашалаңыздар.

Би: «Тұлпарым»

1-жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Туған ел»

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ойын: «Шаңырақ»

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп баршаның.

Би: «Домбыра» (Ересек тобының қыздары)

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Отан

1-жүргізуші:

Мерекеміз құтты болсын

Отанымыз көркейе берсін.

Әр адамға бақыт қонсын

Елімізде бейбіт, тыныш заман болсын!

Би: «Домбыра» (Ортаңғы топ)

Батыр, Тазша бала: Көп рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзіп, жасай беріңдер. Ал бізге кететін уақыт болды. Сау болыңдар!


1-жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, балалар. Келесікездескеншесаусаламаттаболыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!