400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік-рухани дамудың кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада артымыздан ерген жастарға тәуелсіздік киелі ұғым екендігін түсіндіре өттік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – рухани дамудың кепілі


Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақстан көне мәдениетпен, бай тарихпен және ерекше табиғатпен ерекшеленетін ұлы мемлекет. Бурабайдың қатты қарағайлары, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлығы менің туған еліме тән. Ғасырлар бойы ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен елімізді, жерімізді сыртқы жаудан қорғап келді. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көрген қайғы-қасіреттер.

«Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы» - деп Мұхтар Шаханов жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?»- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдады. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары: «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді»,- деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ. Студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз Қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Орталық партия комитетіндегілер Қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тентектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды.

Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына 29 жыл болады. Қазақстан көпұлтты мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» деген сөз менің еліме арналып атылғандай. Себебі, Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп, тату-тәтті өмір сүруде. Туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. «Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді, жерімді қорғаймын»,-деген ерлердің осындай байтақ та, бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас»-деп қыздарға арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп, жауға шапқан, ержүрек батыр қыздардың қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді. Біз сол аға-әпкелерімізбен мақтанамыз, ерліктеріне сүйсінеміз.

Қазіргі Қазақстан – егеменді, тәуелсіз, зайырлы, демократиялық, құқықты мемлекет. Әрине, бізге әлі ұмтылу керек. Ғылымды дамыту, ауылдарға демеу, жемқорлықты жою керек. Бірақ барлық Қазақстан жетістіктері әлі алда болады. Қазақстан 29 жылдың ішінде талай жетістіктерге жетіп, елордамыз Астана қаласы көркеюде. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өзінің мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, тәуелсіздікті көрсетеді. Қазірде байтақ Қазақстанымыз шет елдермен терезесі теңесуде. Елбасымыздың жолдаулары бойынша елімізде көптеген істер атқарылып, ауруханалар, мектеп, балабақша, спорт алаңдарының іргетасын қалауда. Қазақстан ТМД ұйымынан топ жарып шығып, Еуропадағы ең ықпалды ұйым ЕҚЫҰ-ға басшылық етті. Саммит, Азиада өтті. Мәртебемізді асқақтатқан, туымызды желбіреткен Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан осындай жетістіктерге қол жетіп, биік белестерді бағындыруда. Әлі де талай асулардан өтеді. Мен сенемін. Мен осындай елдің азаматы болғаныма қуанамын. Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәулсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз ұшан теңіз. Ол айды аспанға шығарған дүниеге бір-ақ келетін дара да кесек тұлға.

Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанымызды қорғау керек. Себебі, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, өз Отанымыз. Әрбір адам тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық» - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз еліңде, бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін. Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, білім алып жүрген ерікті елдің қызымын. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Мен Қазақстанның ұланымын.

Сенде бар дархандық, сенде бар құдірет,

Сен үшін соғады кеудемде жұмыр ет.

Шарықта, қалықта сүйікті Отаным,

Төгілсін аспаннан Аллаһтың нұры кеп.

Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны – мен үшін шексіз қуаныш. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз жасампаз халықпыз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі