Тәуелсіздік –тәңірден
келген тәтті сый!
(композициялы сахналық
қойылым )
Жамбыл облысы Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Мұхтар Әуезов атындағы
мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі «Сахна өнері» үйірмесінің
жетекшісі
Иманкулова Асель
Тельжановна
Жер
Ана:Пай
,пай пай,кие мекен
жер! Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп терін төккен тер!Қаншама азаматтар шет кеткенде
таулар неге күңіренбеді дейсің? Адам әр кезде баласы соғысқа
құлшына түсе бастағанда қан төгісті доғарыңдар деп айтпаған кезім
жоқ.Уа жарық дүние адам баласы қаншама тарихтың куәсі
болдым.
Махамбет
Мен түсімде зорлық көрдім,
қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман- ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,
Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда
Тіршіліктен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың ем,
Едім әрі өлшемің.
Жан ашырың, жақының ем,
Және қайсар ақының ем мен сенің.
Туған елім - арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?
Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!
Туған елім,
Құдіретімсің аңсаған.
Алдан жарқын күн шыққанша,
Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар тұншыққанша,
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,
Жер астынан қарап жатам мен саған.
Жас ақын(Махамбет оқулары
байқауының жүлдегрі)
Ал мен едім , мен
едім,
Алаштан туған ер
едім.
Сендей батыр
бабама,
Жыр арнады
жүрегім.
Мен, мен едім, мен
едім,
Ұлт мұратын ту
еткен,
Махамбеттей
батырдың,
Ізін басқан ер
едім!
Дауыс музыкасыз
:
Кебін киген өледі ай
-ау
Кебенек киген келеді ай
-ау
Майданға көкем
кеткенде
Осылай бәрі деп еді ай
-ау
Әлди -әлди бөпем ай
-ау
Қай жерде қалды көкең ай
-ау
Кей кейде біздің
халықта
Өтірік айтады екен ай
ау
Сахнаға бес арысты
жетектеген солдаттар мен тергеуші
шығады
-Сендер халық
жауысындар.Атыңдар мыналарды!
Шәкәрім;-Тоқтат,тоқтат.Ажалым
сендердің қолдарыңнан болса соңғы сөзімді айтып
кетейін.Ахмет,Міржақып,Жүсіпбек,Мағжан егер менен қате кетсе
кешіріңдер.Мен сендерді кештім.
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
ТергеушІ-Қайсың
сөйлейсіңдер?
Ахмет
Байтұрсынов
Қырағы, қия жазбас
сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк етті, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру, жұрт
жарылмай.
-Мен өлсемде өлемін
жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өмір
менен. (Мылтық дауысы)
Мағжан
Жұмабаев
-Ей, тәккаппар
дүние!
Маған да бір
қарашы.
Танисың ба сен
мені,
Мен қазақтың баласы!(Мылтық
дауысы)
Тергеуші-Мағжан бірнәрсе айтасың
ба,әлде болды ма?
Мағжан
Жұмабаев:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн(Мылтық дауысы)
Тергеуші;- Сендер
малдайсыңдар.
Жүсіпбек
Аймауытов
Қазағым, қақтықпа,
қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті түн, атып таң, шығып күн,
Сал малды, сал жанды, аянба!
Ұраным, қорғаным, сен
Алаш!
Жолына кұрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.
Аллалап алға бас, ал
Алаш!!! -Мен өлемін елім деп,жерім
деп.Елім үшін өлсем арманым жоқ.(Мылтық
даусы)
-Сіз, Міржақып Дулатұлы не
дейсіз?Тыңдап тұрмын сізді.
Міржақып
Дулатұлы
Оян,
қазақ! Ойлан, қазақ! Бол,
қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Бір жанымды сауғалап,саудаға
салар мені кім деп едің? Қош,қош бауырларым,жолдасым!Алашым! Алашты
құдай оңдасын! Тәуелсіз азат болған, бақытты туар
күн!
Ән «Қара бауыр қасқалдақ»
Иманкулова Әсел
Өлең « Желтоқсан» Бейсенбай
Аружан
Ән « Желтоқсан желі »
Темірбек Қолғанат
Бұл күндер талай ғасыр болған
араман
Халқымыз бас билігін қолға
алған
Теңеліп терезесі көп
ұлттармен
Ел болдық бар мүддесін қорғай
алған
Көтеріп көк байрақты
аспанына
Бас иеді халқың сендей асқа
ұлға
Қорғаған ұлт намысын, ел
намысын
Желтоқсан қайсар қазақ
жастарына
Бауырым сен бұл күнді көре
алмадың,
Өзіңмен бірге кетті көп
арманың,
Таныды бүкіл әлем саған
қарап,
Қазақты еркіндікке жаралғанын
.мың өліп мың тірлген қайран қазақ,
Тарихта қаншама рет көрдің
азап,
Қаншама боздақтарың пида
болды,
Болсын деп егеменді елім
азат.
Айтыс
Оқушы:Мың өліп мың тірілген қайран
қазақ
Тарихта қаншама рет көрдің
азап
Қаншама боздақтарың пида
болды
Болсын деп егеменді елім
азат
Бүгін міне қканып
шаттанамыз
Жырлайды мақтанышпен біздей
ұрпақ
Ұл
бала
Ей
ағайын
Армысың Сарысудың жайсаң
елі,
Қашанда биік ұшқан
өрендері.
Ассалаумағалейкум
ұстаздарым,
Шәкіртпен еленетін
еңбектері.
Ей,
Сабина
Қазақтың армысың сұлу
қызы,
Қуаныштан төгейік әсем
жырды.
Бақыттың бесігінде
тербеліппіз.
Жырлайық егеменді
елімізді.
Қыз
бала
Халайық армысыздар айтыс
көрген,
Ұстазы өрендерін өнерлі
еткен.
Сөзбенен тіл шұрайын
кеселетіп,
Дәстүрін, ана тілін
дәріптеген.
Саған да қарсыласым сәлем
бердім.
Өзіңнен құнарлы ой мен
күтемін.
Бақытқа кенеліп сен
марқаясың,
Жеткізген осы күнге кім дер
едің.
Ұл
бала
Ей, жалынды
жас!
Сұрағыңа мүдірмей жауап
берем.
Алаш деп ұрандаған ерді
сүйем.
Кешегі желтоқсанның
ызғаранда,
Тәуелсіз ,болам деген ерді
сүйем.
Ұрпақпыз тарихты терең
білген,
Өтененін қастерлеген
дәріптеген.
Санама бар жақсыны құя
білген,
Әрине ұлағатты ұстаз дер
ем.
Қыз
бала
Бақытын шәкіртінен
аямайтын,
Тәрбие білім беріп
аялайтын.
Ұстаздар сіздермен кім
таласады,
Сіздерден ерлік, елдік
таралады.
Ұл
бала:Үйретті ұстаз елімізді
құрметтейді
Қыз
бала:Білдірді ұстаз өз тілінде сөз
сөйлеуді
Ұл
бала:Танытты ұстаз бар әлемге
даңқымызды
Бірге:Егемен қазақ деген
елімізді
Ән Биболатова Айдана «Қазақ
елі»