Тәуелсіздік тарихы пікірсайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік тарихы пікірсайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тарихы пікірсайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік тарихы»

10-сыныптар арасында пікірсайы

Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;

-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;

-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;

-Оқушының қоғамға  деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;

Тәуелсіздік тарихы» тақырыбында ой қозғату;

-Еліміздегі тәуелсіздік жылдарындағы мәселесіне назар аударту;

Түрі: Дебат (пікірсайыс)

Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.

Өту барысы :

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің тарихы туралы танымдары қалыптасады. Ұлттық сана сезімі, саяси сауаттылығы оянады. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екенін біледі -

дей отырып, бүгінгі пікірсайысымызды бастаймыз.

Әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:

Әділ-қазылар мүшелері: тарих – география пән мұғалімдері.

Бұл пікірталасқа 10 ә, д сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.

Жақтаушы тобы: Аманат тобы

Қарары: «Тәуелсіздік тарихы»

Даттаушы тобы: Мәңгілік ел тобы

Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:

  1. Дебат ережесін сақтау

  2. Тақырыптан ауытқымау.

  3. Сөйлеу шеберлігі

  4. Жоғары мәдениеттілік

  5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы

Пікірталас ойын шарттары

  1. Әр топ өзін таныстыру.

  2. Екі топ өз ойларын ортаға салады

  3. Регламент сақтау

  4. Екі топ өзара сұрақ алмасады

  5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары






«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері және даму мәселелері»

  1. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы еді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің бізге берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы болды. Қазіргі таңда мемлекетіміз тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына отыз жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт - дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Елдің әл—ауқатын көтеру үшін қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша дамыды.

Қазақстан Республикасының рәміздері жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің айқын көрінісі болды. Мемлекет рәміздері - оның егемендiгi мен тәуелсіздігі, халық бiрлiгi мен билiктiң куәсі . Олар мемлекеттiлiктiң қалыптасқанын және ұттық жалпыадамзаттық құндылықты білдіреді .

1992 жылы 4 маусымда Қазақ елі өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие болды. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойды

Мемлекеттік тәуелсіздіктің айқын көрінісі – сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардағы дербестігі. Мемлекет бірінші кезекте басқа да тәуелсіз мемелекеттердің тең құқылы әріптесі болған кезде тәуелсіз деп танылады.

ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының басында Қазақстан мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының беделді, мойындалған қатысушысы болды. Ел азаматтары Қазақстанның осындай мәртебесін оның адамзаттық, интеллектуалды және ресурстық әулетіне толықтай сәйкес келеді деп қабылдады.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ - на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды. 1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-

экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

Осыдан отыз жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік — экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады.

Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шет елдермен екі арадағы шекараны дәйектілікпен бекітті. «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» заңына сәйкес 1999 жылы мемлекет басшылары шекаралық мәселелерді толық реттеп, құжатқа қол қойды .

Елімізде индустриялдық — инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы әрі ұлттық жетістігіміз—Астана қаласы бой көтерді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасын және оның Елордасы—Астананы бүкіл әлемге паш етті. Елордамыз—республиканың бас қаласы—Астана күннен—күнге көркейіп қанат жайып келеді. Оның бүгінгі бейнесінің өзі—ақ көз алдымызға Еуразияның келешектегі жұртқа мәшһүр шаһарын елестетеді.



  1. Тәуелсіздік кезеңі басты жетістігінің бірі қазақ мәдениетінің қайта жаңғыруы және Қазақстанды мекендейтін этностардың мәдениеті мен дәстүрін дамыту болып табылады. 1990-2000 жылдары қазақ мәдениетінің тарихында жаңа үдірістер орын алады. Байырға Наурыз мерекесі мен айтыс өнері қайта жаңғырды. Бұл кезең Қазақстан мәдениеті жаңа сапасының қалыптасуы мен анықталады. Тәуелсіздік алған соң Наурыз ұлттық мереке ретінде тойлана бастады. Наурыз – Шығыс халқына ортақ бірлік пен көктем, құт-береке мерекесі саналады. Елдегі барлық ұлттар өз дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамытуға мүмкіндік алды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша 1995 жылы мәдени-ағарту мекемелері 180 мыңға жуық әр түрлі мәдени шаралар өткізген .

Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін. Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр. Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрдің айғағы. Мәңгілік Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛДАРЫ ҒАРЫШҚА ҰШТЫ

1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ал 1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Осы жылдың шілдесінде ғарышқа екінші қазақ Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды. Сонымен бірге, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен Астана уақыты бойынша 10:38-де 10 күнге ғарышқа ұшты.  

1999 жылы Қазақстанда алғашқы халық санағы өтті. Оған сәйкес, республикада 14 миллион 953 мың адам тұрған. Бұдан он жыл бұрын өткен бүкілодақтық санақ кезінде 16 миллион 400 мың адам тіркелген. Осылайша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халықтың саны азайды. Алайда қазақтардың үлесі арта түсті. Шетелдегі қандастар да көп келді. Осы уақытқа дейін миллионнан астам этникалық қазақ атамекеніне оралды. 


Биыл елемізде тәуелсіздік алғалы бергі үшінші санақ өтті. Оның бір ерекшелігі - алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды. 

1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлығы шықты. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге айналды. Ал 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады. 










  1. 1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.

Ал 1998 жылдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Алайда, 2006 жылдан бері елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні кеңінен аталып өтуде

1998 жылдың 6 мамырында ҚР президентінің жарлығы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстанның жаңа елордасына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы мен медалі табысталды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында бірқатар шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен өтті.

Қазақстан Қысқы Азия ойындарын қабылдаған төртінші мемлекет. Бұған дейін төртжылдықтың ең ірі форумы Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореяда өтетін еді. Сонымен қоса, Қазақстандағы ойындардан бастап Азиаданың меншікті алау оты пайда болды. Ең бастысы, Азияның шартарабынан жиналған үміткерлер бүгінгі заман талабына жауап беретін тамаша спорт кешендерінде сайысқа түсті. Ашылу салтанаты ұйымдастырылған “Астана Арена” стадионы, “Алау” мұзайдыны, “Қазақстан” спорт сарайы, республикалық велотрек, Алматыдағы Балуан Шолақ сарайы, таудағы әйгілі “Медеу”, халықаралық трамплиндер кешені, “Шымбұлақ”тау базасы, “Табаған” , Сарбаздар сайындағы шаңғы-биатлон кешені бүгінде қазақ халқының иігілігіне айналды. Спорттың 11 түрін қамтыған Ақ Азиада ойындарының телекөрсетілімін 500 миллион көрермен тамашалады. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.

30 жылдың ішінде Қазақстанда экономика, мәдениет пен руханиятты дамытуға арналған біраз мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Алдымен "Қазақстан - 2030" стратегиясы басшылыққа алынды. Ал 2012 жылы "Қазақстан-2050" стратегиясы жарияланды. Соның аясында салалық бағдарламалар қабылдана бастады. Жалпы, тәуелсіздік жылдары біраз құжаттар қабылданды. 

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

"МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫ

"НҰРЛЫ ЖЕР" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ; 

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН 

"НҰРЛЫ ЖОЛ" ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАҒАРЛАМАСЫ

"ЕҢБЕК" БАҒДАРЛАМАСЫ

2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осылайша, Жастар жылы аясында жас қазақстандықтарға жеңілдікпен баспана алуға мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар кәсіп ашып, үкімет тарапынан түрлі гранттық бағдарламалар ұсынылды.

Ірі қалаларда жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру туралы шешім қабылданды. Жалға алу құны айына – 15 мың теңге

5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Алдағы үш жыл ішінде олардың саны 30 мыңға дейін артады. 10 мың жас кәсіпкер шағын несиенің арқасында өз өндірісін кеңейтті

Ауылды дамытуға үлес қосқысы келетін жастарға 6 мыңнан астам жәрдемақы, баспана алу үшін 4 мыңға жуық несие бөлінді

Құрылыс отрядтары жанданып, 2 мыңдай студент жұмыспен қамтылды. Университет спартакиадаларының қозғалысы қайта жаңғыртылды

"Жас кәсіпкер" және "Жас маман" жобалары "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, қажетті қаржы бөлінді


  1. 2019 жылы 19 наурызда Қазақстанды 28 жыл бойына басқарған еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент ретінде өкілеттігін тоқтатты. Сөйтіп, Орта Азиядағы тақтан өз еркімен бас тартқан тұңғыш президент атанды. Дегенмен, ол Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне, бұдан бөлек елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі.

2019 жылдың 20 наурызы сағат 12-12-де Тәуелсіз Қазақстан тариxында тұңғыш рет "Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев"-деп жазылды. Наурыз мерекесі - Жаңа жылда Жаңа дәуір басталды!

2019 жылы 9 маусымда елімізде кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып сайланды.  

2022 жыл «Қасіретті қаңтар» оқиғалары қазақ еліне сын болды. Әділеттің өріне, шын­дық­тың шыңына ұмтылған мұң-наласы мол қаймана халықты қалқан етіп, залым күштер зұлым ниетін іске асыруға ты­рыс­ты. Қалаларды қиратты, қарсы кездес­кен­ді жайратты, қан төкті, елді үрейге бөкті. Қазақстанымыздың бейбіт аспанын қара бұлт торлады. Елдік пен тәуелсіздікке тірек болған асқаралы арман, асыл мұ­раттар адыра қалғандай болды. Ұлт тағ­дыры, ұрпақ болашағы тал­қығ­а түскен тарихи сәтте бейбіт халқы­мыз­дың бай­сал­дылығы, ел басшылығының батыл қа­дамдары елдікті сақтап, мемлеке­тімізді тұрақты қалыпқа қайтарды. «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялаған болатын.

Биылғы 20 қарашада кезектен тыс президенттік сайлау өтті. ОСК төрағасының айтуынша, Қ.Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. Осылайша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев 7 жыл мерзімге сайланды. Кез келген тәуелсіз ел секілді Қазақстан да халқының өмір сүру жағдайының жақсаруына, заманауи технологияларды дамытуға, дамыған экономиканы қалыстастыруға сонымен қатар сыртқы саясатта да тең құқылы қарым-қатынас орнатуға ұмтылуда. Бүгінде Қазақстанды күллі әлем таниды. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше, егемен ел атанған Қазақстан үшін киелі де қасиетті мереке - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз. Мереке құтты болсын! Қазақтың көк байрағы мәңгі желбіресін!


























  1. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы өнеркәсіптің даму тарихы - бұл жеңілістер мен жеңістер тарихы. 90-шы жылдары Қазақстанның өнеркәсібі өлместің күнін көріп жатты. Зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды, себебі шикізат жетіспеді. Ал тәуелсіздік алған жас мемлекет сол кезде КСРО-дан мұраға қалған дүниені қайта жандандырып қана қоймай, жаңасын салу туралы шешім қабылдады. Орасан зор жоспарлар жай ғана құрылған жоқ. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Жеңіл өнеркәсіп саласы азық-түлік тауарларын тұтынудан кейінгі екінші орында. Дүние жүзінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын елдердің басында Үндістан, Қытай елдері тұр. Бұл елдердің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасы қандай шараларды жүзеге асыру керек және де қандай белестерді бағындыру қажет деген, сияқты ой қандай кәсіпорындарда болмасын көкей тесті сұрақ екендегігі мәлім. Сондай-ақ қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп экономикада әлі күнге дейін шешімін таппаған салалардың бірі болып есептелінеді
    2017жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша елімізге шет мемлекеттен 144,3 млн. доллардың киімі әкелінген. Бұлардың ең көбі Қытай мен Түркиядан, Ресей мен Қырғызстаннан әкелінген . Бұл жерде айта кетерлігі, ҚР-сы 85 % дерлік шетел киімін тұтынады. Әр жаңа оқу жылы сайын Қазақстан құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын мектеп формасын сатып алады екен. Бұл формалардың 7% ғана отандық өнім болып табылады. Соңғы алты айда Қазақстанға шет мемлекеттен 144 млн. доллардың киімі әкелінген. Бүгінге дейін елімізге 144 млн. доллардың тауары енді. Импорт арқылы 108 млн. доллардың аяқ киімі кіргізілді. Нарығымыздың 80%-ын Түркия, Қытай, Италия, Бангладеш мемлекеттерінің тауары басты. Түркиядан келген тауар 37,2 млн., Қытайдан келген тауар 33 млн., Бангладештен келген тауар 22 млн., ал Италия брэнді 10,8 млн. долларды құрады. Қазақстандағы тігіншілер ішкі қажеттіліктің 8%-ын ғана өтеп отыр. Көрші Қырғызстан жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша бізден озық тұр. Мұнда жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 30%-ға жуықтаған. Бүгінгі таңда қырғыздар бір жылда шамамен 190 млн. доллардың өнімін өндіреді. Озық технологияға иек артқан Жапония, Корея мемлекеттерінің өзі жеңіл өнеркәсіптен қол үзген емес. Бұл елдерде жеңіл өнеркәсіп саласының өнімі ішкі нарықтың 80%-ын қамтиды. Қазақстанға барлығы сырттан тасымалданады. Елімізде терінің 15% ғана игеріледі, ал жүн мүлде тапшы. Өйткені Ресей мен Қытайдан келген алыпсатарлар жүннің барлығын шетел асырып жатыр. Бұған еліміздегі жүн өңдеу орталықтарының санаулы болуы және жүнге сұраныстың жоқтығы бірден бір себеп болуда. Бізде жүн шикізат ретінде бағаланбайды. Былтыр жеңіл өнеркәсіп саласында тері өңдеу ісі тығырыққа тірелген. Тері өнімін өндіру 13%-ға, ал дайын киім шығару 0,8%-ға қысқарған. Бұған қоса белсенді өндірушілердің 27%-ы тоқырауға ұшыраған. ҚР-сында бір жылда өндірілетін шикізат көлемі: - 400-450 мың тонна мақта; - 15-27 мың тонна жүн; - 7,5 млн тері. Яғни, мұнда қарап отырсақ Қазақстандағы шикізат көлемі толықтай ішкі жетіспеушілікті шикізатпен қамтуға жетіп артылады. Бірақ ең өкініштісі осы шикізаттар шикі күйінде шетелге асады екен, өйткені бұл шикізаттарды өңдеп дайын өнім шығаратын фабрика Қазақстанда жоқтың қасы. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 маусымында елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында 933 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның басым бөлігі, 58% тігін кәсіпорындары, ал 31% – тоқыма бұйымдарын шығарса, 11% былғары және осыған жататын өнімдерді дайындайды. Жалпы көрсеткіштің 95% шағын бизнесте жұмыс істейді. Кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істеуге құлықсыз. Себебі мұнда бірден пайда табу мүмкін емес. Мақта өсіру, былғары мен теріні өңдеу, пішіндеу, киім, аяқ киім тігу секілді жұмыстардың сауда немесе қызмет көрсету салаларына қарағанда ұзақ уақыт пен төзімділікті қажет етеді . Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп орындары 39-ы тоқыма өндірісімен, 32 -сі киім тігумен, 5-уі тері өңдеумен айналысады. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындар жоқ емес жоғарыда атап көрсеткеніміздей жеткілікті дәрежеде бар, бірақта бұл кәсіпорындардың көбісі шетелден келетін тауарлардың тасасында қалып қоюда.

    2. Біздің ойымызша, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе кәсібін жаңадан бастағандарға бағыт-бағдар беру үшін мейілінше көптеген жеңілдіктер қарастырылуы қажет. Атап айтар болсақ, ең бірінші мәселе оқыту дер едік, яғни қазіргі таңда белгілі сұранысқа ие мамандарды даярлау. Қазір жеңіл өнеркәсіпте жұмыс атқаратын адамдардың көбі зейнет жасына таяғандар, бұл дегеніміз бұл мамандарда жастардың үлесі жоқтың қасы дегенді білдіреді. Тоқыма тоқу, сапалы киім тігу, аяқ киім тігу, мата жасап шығару, жүн жуумен айналысу, жеңіл өнеркәсіпке сараптама жүргізу, шикізатты шикі күйінде шетелге экспорттап кейін дайын өнім ретінде елге қайтадан импорттап кіргізудің орнына ешқандайда экспорттамай өз елімізде дайын өнімге айналдыра алатын мамандар тағайындалатын болса жеңіл өнеркәсіптің дамуына өзіндік зор үлесін тигізері анық. Бұл жерде айта кетерлігі мұның барлығы ешқандайда төменгі сатылы мамандық емес екендігін, және де бүгінгі таңда керісінше, ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында екендігін жастарға ұғындыру қажет. Бүгінгі күннің жастары, ертеңгі елдің болашағы екені барлығымызға аян.
    1991 -1996 жылдары еліміз экономикасының  нарықтық қатынастарға көшуіне,  бұрынғы қалыптасқан экономикалық  байланыстардың үзілуіне байланысты  отандық ауыр өнеркәсіп елеулі  қиындықтарды басынан өткізді.  Бастапқы жылдардағы еңбекақының  өсуі, айналым қаражаттарының жетіспеуі,  ақшаның құнсыздануы, қаржыландыру  тәртібінің өзгеруі, қажетті ресурстарға  бағаның шексіз өсуі ауыр өнеркәсіп  кәсіпорындарын дағдартып тастады.  Қазақстан үкіметі шұғыл түрде  кәсіпорындарды мемлекет иелігінен  алу, жекешелендіру, шетелдік  кәсіпкерлер мен инвесторлар  қаржылары көмегімен оларды қайта 

жарақтандыру бағытында экономикалық  жобалар тізбегін жасап ұсынды. 5000 жұмысшысы бар өнеркәсіп орындарының  саны 129 болып, олар жеке жобалар  арқылы жекешелендіруге көшірілді. 1995 - 1996 жылдары түсті және қара  металлургия, тау-кен және химия  өнеркәсібінің 50-ге тарта белді  кәсіпорындары шетелдік басқаруға  берілді. 

Сонымен қатар қазіргі кездегі маңызды проблемалар қазақ тілінің, әрі мәдениетіміздің құлдырауы, себебі жылдан-жылға салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмытылуда және шет елдердің ғаламтор арқылы әсерінен жаһандану жүруде, дегенмен ұлттық ерекшелігіміздің осы жаһандану үрдісінің әсерінен жоғалуы мәселесі туындауда.
Екіншіден, ақыл ойдың ағылуы, себебі көптеген жастар өз Отанынан кетіп, шет елдерге біржолата көшуі, әсіресе олардың ішінде басымы білікті, білімі жоғары жастар, әрине бұның нәтижесінде елімізде білікті маманды жастар азайып, болашақта еліміздің дамуы төмендейді, осымен қоса жастар азайғандықтан болашақта қарттар үлесі көбейіп, еңбекке жарамды халық үлесі төмендеп, бұл қайтадан экономикаға кері әсерін тигізеді және нәтижесінде ұлттың қартаюы деп аталатын үрдіс туындауы мүмкін.
Және бір мәселе
коррупцияның жоғарғы деңгейі, ақшадан өлгендей одан басқа құндылықты көрмеу әлі де елімізде кездеседі (әсіресе жоғарғы органдарда), әрине ақшаның халыққа емес өзіндің мақсаттарға кетуі халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуына әкеледі. Халықта ақша жағдайымен мәселелер болғандықтан, халық материалды да, рухани да дамый алмайды.
Отандық өнімнің болмауынан біз әлемдік аренада бәсекелестік деңгейіміз төмен, әрі экономикамыз тек пайдалы қазбаларға ғана тәуелді, дегенмен бұл ресурстар сарқылуда, сондықтан егер осылай жалғаса берсе, болашақта инфляция мен экономикалық кризис туындауы әбден мүмкін, әрине пайдалы қазбаларды  зауыттарда қолдану экологиялық мәселелерге әкелуде, мысалы атмосфера ластануы, су ресурстарының зауыт қалдықтарымен ластануы, ауыз судың жетіспеушілігі, автомобиль жолдарының сапасыздығы. Сонымен қатар, мемлекетімізде басқа да экологиялық мәселелер бар.

  1. Туризм – бүкіл әлемдегі табысы жоғары салалардың бірі болып саналады. Туризімнің елдегі халықтың тұрмысын жақсартудағы, экономикалық қуатты арттырып, жұмыссыздықты азайтуға деген тигізетін үлесі ерекше зор. Қазақстан Республикасын табиғаты керемет қалалар мен қорықтарға толы. Мемлекетеміз жер аумағы бойынша әлем елдерінің арасынан 9 - орынды алады. Сонау кең-байтақ жердің барлығы табиғатқа өте бай. Қазақстанның әр өңірінде туристтерді баурап алатын табиғаты керемет жерлер- таулар, жазық далалар, ормандар, өзендер мен көлдер бар. Археология, тарих және сәулет ескерткіштері Қазақстанда көптеп кездеседі. Жалпы Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар. Негізінен, елімізде туристтік сала 20 – ғасырдан бастап пайда болған. Сонымен қатар, Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін де өте лайықты болып саналады. Оның себебі табиғи емдік ресурстарды белсенді қолдануында дей аламыз. Ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, климат секілді ресурстар арқылы кеңінен танылған. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар бар. Қазақстан Дүние жүзі туристік ұйымының мүшелігіне 1993 жылы енген болатын. Жалпы туризімнің салалары көп болып саналады. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға жағдай толығымен қамтамасыз етілген. Қазақстанның әр өңірінің ауа райы бір-бірінен өзгеше болып келеді және бұл жағдай  Қазақстанда жыл бойы туризм шаруашылығын жүргізуге өте тиімді. Қазақстан аумағында Бурабай, Баянауыл, Марқакөл, Катонқарағай, Қарқаралы, Алатау, Хан Тəңірі баурайы, Түлкібас, Шарын шатқалы, Сақ қорғаны, Маңғыстау түбегі сияқты ғажайып жерлер де, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша бибі, Арыстан баб кесенесі сияқты тарихи мұралары да көп. Шыңға шыққысы келетін немесе тауға өрмелеуді қалайтын туристтерді қамтамасыз етуге Қазақстанның мүмкіндігі мол. Мәдениет, салт-дәстүр тұрғысынан, қазақ ұлтының бай салт-санасымен, дәстүрімен, ұлттық ойындарымен де қонақтарға керемет әсер қалдыруға болады. Алайда Қазақстанда туризм саласы лайықты даму деңгейіне жете алмай отыр. Үкімет басшылары туризмді дамытудың түрлі жоспарын жасағанымен, еліміздегі туристік орындардың біразының жағдайы аса керемет емес. Сонымен қатар, елімізде саяхатшыларға туристік орындарды таныстыратын мағлұматтар көп емес. Жалпы алғанда халқымыздың азаматтары көбінесе ішкі туризімді қолдамайды. Барынша шет елге шығып демалғанды дұрыс деп есептейді. Мұның өзі туризімнің аса дамымауына үлкен себеп болып табылады.














  1. Қазіргі қазақ қоғамы қатыгездік, тойым­сыздық, зорлық-зом­бы­лық дей­тін қауіпті ұғымдарды қалыпты қабыл­дай­тын жағдайға жет­ті.

«Жаһандану» дәуірінен сақтанудың қа­мын қам­дап, «жұмсақ күш­тер» экс­пан­сиясына қарсы ұлт жана­шыр­лары­ның жанайқайы жиі шы­ғып тұратын. Қоғам аталы сөзге тоқ­таушы еді.
Тәуелсіздіктің алғаш­қы онжыл­дығы саясатта қай­шы­лықтарға толы болды да, күнкөріс қа­мын­да жүр­ген қарапайым ха­лық не берсе со­ны талғамай жұтты. Шетел­ден келген түр­лі идео­логиялық ағымдар, діндер, ұсақ мәдениеттер, саяси тү­сініктер осын­дай ұрымтал сәтті пайдалана біл­ді. Ақпараттық кеңістік ұлт­тық қауіп­сіздік мүддесіне мүлде сай келмеді. Белгісіз «уағызшылар» пай­да болып, кү­мәнді «көсемдер» ел ішін лаңдай бас­тады. Қай орта­ғ­а, қай дастарқанға бар­саң да саяси салғыласу, діни дау-дамай үрдіс­ке ай­нал­ды. Төріңдегі теле­дидар эфирінде азғындықа жол ашыл­ды. Оны отбасы­мен, бала-шағаңмен қосылып көру жәй қа­лыпқа айналды.
Ең үлкен қасірет «алтын-күміс тас екен» деп қарайтын қазақ ара­сында дүние үшін жарыс басталып кет­ті. Ел қамын жейтін Едігелер емес, өз қамын ойлайтын «ездер» шықты. «Бә­­секеге қабілеттілік» дейтін ұран әуел­ден қате ме әлде бізге қате түсін­дір­ді ме, бәсекелес, бақталас, күндес се­кілді құлқынға қызмет ететін сөз «ал­дымен экономика» деген қате сая­сат­тың жалауындай желбіреді де тұр­ды. Қалай байысаң солай байы, әйтеуір бауырыңнан, досыңнан, туысыңнан бәрі­нен басып оз, ішін күйдір, шап! Ала­­көз ағайын, бәсекелескен әкім-қара, қайшыласқан кландарды басқару да оңай болса керек… Нәтижесінде қа­­­­тыгездік, аяқтан шалу, есең кетсе өш алу, қарапайым ғана көшеде біреуге жол беру деген мейірімділіктің оты сө­­не бастады. Осылайша, билік жүйесі аң­дысумен күнелткен, өз еліне жаны ашымайтын шенеуніктерді шығарды. Аяқтан шалу, блогерлерге талату әдет­тегі іс болды. Бір діннің ішінде 70 ағым, бір ұлттың ішінде түрлі мә­де­ниет, басы бірікпейтін әлеуметтік топтар пайда бол­ды. Ең сорақысы, «ауыл итінің аузы ала болса да, жау келгенде бір болады» дей­тін тәмсілге де жарамай қалды. Мы­­салы, әлемді екі өкпесінен қабы­н­дыр­­ған індет келгенде, жабылып қарсы тұрудың орнына жаңағы опа­сыз­дар қыл үстінде тұрған жаннан пай­да тапқысы келді. Дәрі-дәрмектің де­фицитін қолдан ұйымдастырып, баға­сын шарықтатып жіберді. Бұл – қыл­мыс! Қазақ байлықпен жарысса, енді азғындықпен бәсекелесетін бол­ды. Қыста қар құрсауында қалған жо­лау­шыға 100 теңге тұратын нанның баға­сын 1000-ға сатып, қаңтардың қан­ды күндерінде өз бауырына үтік бас­ты, азаптады. Осыған қалай жеттік? Ба­тыр майданда сыналса, би алқалы топ­та сыналады дегендей, ақ жүрек­ті­лік­ке бастайтын би мен батыр қайда?!

Азаматтық қоғам ар-ұждан сұра­ны­сына жауап бере ала ма?
Қасым-Жомарт Кемелұлы нау­рыз­дағы Жолдауында төрт сая­си реформа ұсынғанын, оның ішін­де мықты азаматтық қоғам құру қа­жет­тігін баса айтты. «Мықты» деп неге ны­ғарлады екен? Жалпы, азаматтық қо­ғам өз міндетін толық атқара алмай отыр­ғаны белгілі. Карл Поппердің ашық қоғам құру арқылы азамат­тар­дың дауысын билікке естіртіп, мем­ле­кет соған жүгінуімен әділдік орнайды де­ген идеясы да ХХІ ғасырда сынға ұшы­рады. Уақыт тезіне төтеп бере ал­май жатыр. Маркс пен Лениннің со­циа­лизмі сияқты ескірді. Қоғамдағы пі­кір қайшылығы демократияға емес, адам­дардың кез келген мәселеде тым сая­силанып кетуіне тартып барады. Тіп­ті, әлемдік саясатты өз қолымен жа­сап, тұтастай бір мемлекеттің суве­ре­нитетіне нұқсан келтіретін кепке ұрын­дырды (Батыс болсын, Шығыс бол­сын). Кейде ашық қоғам идеясын құры­ғы ұзын қаржылық топтар немесе өз қара басын ғана ойлайтын «тұл­ға­лар» (жекелеген мүдделер) қолшоқпар қы­лып алды.
Пікір қайшылығы саяси теке­тірес­ке ұласты. Рас, азаматтық қо­ғамды желеулеткен белсенділер өз қия­лындағы мемлекетті аңсап, қоғам­да тым көп пікір қайшылығын қалып­тас­тырып жіберді. Қазақ «әр кәллада бір қиял» дейді мұндайды. Әркімнің ойын­дағы қиял шынайы дамуға, мә­селе шешуге арналса құба-құп еді… Олай болмады. Бұған азаматтық қо­ғам­ның белсенділері мен көпке пікір қа­лыптастырып жүрген тұлғалардың өзі жауап бере алмаса керек.
Алда саяси партиялар көптеп құ­ры­ла бастайды. Ұлттық құрылтай өмір­ге келеді. Бірақ оны ел мүддесіне қа­рай жүзеге асыратын сапалы маман, ар­лы жетекшілер бар ма қоғамда? Біз қо­ғамдық институттардың жұмы­сы­мен немесе оның лидерлерімен бүгін ға­на танысып жатқан жоқпыз ғой. Олар­дың шама-шарқы белгілі ғой. Мем­лекеттік қаншама жобалар халық сы­нына ұшыраса, отыз жылда Аза­мат­тық қоғам соншалықты шешімді жо­балар ұсына алды ма? Бәрін жоққа шы­ғарудан аулақпыз. Тек айтпағымыз: ұлт мүддесіне келгенде біз қайшы пікіршіл, тек сынай ғана білетін емес, ке­шегі Жолдауда айтылған жал­пыұлт­тық тұтастыққа бәріміз мүдделі болуы­мыз қажет! Президент айтқан рефор­ма­ларды жүзеге асыратын сапалы, ар­лы, мейірімді жастар қалыптастыру рухани интеллектуал адамдардың ен­ші­сінде. Мінеки, сол механизмді ретке кел­­тірмей адам сапасы артпайды! Мә­се­ленің барлығын жасанды интеллект емес, адамның ішкі дүниесі шешетінін, тіпті сол Илон Масктің өзі мойындап, ағы­нан жарылған жоқ па? Мемлекет тара­пынан қазір Жаңа Қазақстан үшін не жасалса да, отыз жылғыны қайталу болып көріне беретіні содан.

Осының арқасында Ұлы даламыз халықаралық лаңкестік топтардың тартыс алаңына, майдан дала­сына айналудан аман қалды. Бірақ сол елең-алаң шақта ел-жұрт оқиғалардың қалай өрбитінінен бейхабар еді, беймаза күйге енді.

Жаңа Қазақстанды құру үшін шикізатқа тәуелді мемлекеттен трансформацияланған, яғни басқа да салалары пайда әкелетін мемлекетке көшу жоспарын жасауымыз керек. Біз 1 жыл болмасын, 5 жылға болмасын жоспарларымыздың барлығын мұнайдың нарықтағы бағасымен есептейміз. Экономиканың әлі де дамымай жатқан салаларына назар аудару қажет. Біз бұдан өтіп, ауыл шаруашылығы, туризм саласы, жеңіл өнеркәсіп, автоөнеркәсіп салаларына қаражат бөліп, одан түсетін табысты болашағымызбен байланыстыруымыз қажет. Осы төрт сала мұнайдан түсетін табыстың орнын баса алады. Табыс түсірмейді дейтін салалардың барлығына реформа жасау арқылы кластер құрып, табыс түсіретін салаға айналдыруымыз керек. Елдің болашағы жастар. Мен жастарға сенемін.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
150
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі