жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым" атты іс-шара
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік күнін атап өту.Тәуелсіздік тарихына шолу жасау арқылы оқушылардың танымдылық қабілетін жетілдіру.Олардың өз бетімен ізденісін шығармашылығын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтей білуге ,ұлттық патриотизмге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
Әнұран айтылады
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, құрметті ұстаздар және мектеп оқушылары! «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 28 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай,Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыңыштығын сақтады.
1-жүргізуші: Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізуге Желтоқсан көтерілісініңде маңызы өте зор. Бұл көтерілістің құрбандары: Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира атты азаматтардың ерлігімен қайғыға толы тағдыры туралы ұмытпағанымыз жөн.
Ән «Отан» Табиғат,Айзере
2- жүргізуші: 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бекітілді.
Қатар жатқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған жаза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
1-жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
Тәуелсіздік- еркіндігім, елдігім,
Елім дербес, өзге елдермен тең бүгін.
Тәуелсіздік-азаттығым, арманым,
Алдағы арман, қуанышым сол менің.
Тәуелсіздік тәу етемін бір саған,
Бабаларым талай ғасыр аңсаған.
Ұраны боп мәңгілікке азат күн,
Тарландары қыршын кеткен қазақтың.
Ән: «Мәңгілік ел –жастары!» 3-сынып оқушылары
2-жүргізуші: Мектеп оқушыларының өлең жолдарын қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілсе, 2006 жылдың қараша айынан бастап жанарған теңгеміз айналымға кірді.
2-жүргізуші: 1995 жылдың 30 тамызы Қазақстан Республикасының Конституция күні.
1-жүргізуші: Ел, халық, мемлекет- Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.Елі мен жеріне тұтастай ие халық, тілі мен дініне тастай берік халық қана мемлекет құрады.
2-жүргізуші : қазақ биі 5- сынып оқушылары
Ән : «Туған жер» 4-сынып оқушылары
1-жүргізуші: Осымен «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты ертеңгілігіміз соңына жетті.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
2-жүргізуші: Мереке құтты болсын!
ХОР: «Тәуелсіз елім» 5-сынып
1-оқушы:
Қалмады жалын жастық басқа амалы,
Шалқайды империя тас қамалы.
Қазақтың тәуелсіздік алған күні.
Ызғарлы желтоқсаннан басталады.
2-оқушы:
Желтоқсанның мұзға жанған алауы,
Қайсар рухты ұл-қыздардың қалауы.
Сағым болып ерліктерге шақырды
Көз ұшында тәуелсіз ел жалауы.
Күн шыққанда түнерген бұлт астынан,
Қанат қақты қияларға жас қыран.
Шықты алаңға бейбіт шеру жасауға
«Туған жерім,Қазақстан!» боп ұран.
Мұз жастантып, ұрды, соқты, сабады,
«Ұлтшылдар» деп түрмелерге қамады.
Ерліктерін батырлардың Қайраттар,
Ербол, Ләззат, Сәбиралар жалғады.
3-оқушы:
Тәуелсіздік деп соққан ел жүрегі
Көптен күткен қабыл боп ел тілегі.
Отаң тігіп оңаша ер қазағым.
Көк байрағым тағыда желбіреді.
Ермек:
Тәуелсіздігі –қазақтығы қазақтың,
Тәуелсіздік -жойылуы азаптың.
Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,
Өркендей түс , аяқталды тозақ күн.
Жерімнің жаңарды да бас қаласы,
Көркейді кербез сұлу- Астанасы.
5 -оқушы:
Ерлік , елдік, бірлік , қайрат, бақ, ардың.
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасы бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз-бабам тілі ,сен қалдың!
6-оқушы:
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген