Материалдар / Тәуелсіздік теңдігім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік теңдігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!


Жүргізушілер:

1-жүрг.Абыл: Құрметті ұстаздар,оқушылар,бүгінгі кештің қонақтары. Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.


2-жүрг.Жұлдыз: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Соның бірі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ғаламат тарихи оқиғалардың бірі. 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минуттың ішінде елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметтен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.


1-жүрг.Абыл: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 

2-жүрг.Жұлдыз:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

1-жүрг.Абыл: Желтоқсан –1986, ызғарлы күн

Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.

Өттің де астан- кестең ойда жоқта

Артыңда ұмытылмас із қалдырдың – деп Ақұштап Бақтыгереева апамыз жырлағандай Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі. 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрліктің, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қасіретті күн еді.


Алмат: Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.

Еліме тәуелсіздік келеп жетті,

Мың жылдық күрестердің арқасында.

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Ел үшін мәңгілікке жалғасады,

Ақыл ой,ар намыстың күрестері.


Ұлжан : Ұлан ғайыр далам менің кеңдігім,

Ұзақ күтті-ау елім менің теңдігін

Ата бабам армандаған, аңсаған

Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.

Тәуелсіздік көптен күткен бақытым,

Әзер жеткен баға бермес жақұтым,

Өркендей бер, пейілі кең қазағым,

Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.


Хор:Туған жер әні


Қазақ биі:


Інжу: (күй ойнап тұрады)

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер,жебеп жүрер арқада.

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы айбыны

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр,салт-санасы,тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

Еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқт төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Тамысыздық басы қайда қалмаған,

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да,бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.



Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай, ышқынып,

Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!


Сұранбады, жалынбады тік тұрды,

Барлық жендет қорықты одан тіксінді,

Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,

Қанышерлер айналада көптін-ді.... 



Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,

Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,

Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,

Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

2-жүрг. Жұлдыз: 1986 жылы желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толды. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ляззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.


1-жүрг.Абыл: Егемен елім десем сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік,

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймыз қасиетіңді төгілдіріп.

Алаштың ерлері бар асыл өткен,

Арманым болмас еді туған елім,

Гүл жайнап қазақ болып тасып өтсем!


Қайран қазағым,ұзақ уақыт «мен қазақпын мың өліп мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұқсақ та ашып айта алмадық. Айту үшін тарихқа бойлау керек. Ол сөздің салмағын, маңызын егемендікке қол жеткенде түсіне бастадық.


2-жүрг.Жұлдыз: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт: Жел кірді көңіліме жиырма бірде, Айдады ерікке қоймай сол несібе. Желпілдеп, желдім екен несіне, Түседі адасқаным енді есіме, - деп қатты торыққан, қайсар рухты Қазақ жігіті орысша қазақша судай жігерлі, отты жігіт еді. Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.


1-жүрг.Абыл: қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы осы ұлы отан соғысы жылдарында аянбай шайқасты. Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алайық.


Көрініс: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп қосылды.

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды. Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар! Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды. Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар. Осы кезде залда әскери команда беріледі. Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура! Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті – аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі. - Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.


2-жүрг.Жұлдыз:: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ляззат Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ляззаттың да алаңда болғаны анықталды.

Көрініс:

(Күңіренген жәй музыка ойнап тұрады) темір тор.қайрат ауыр ой үстінде.

милиционер келіп айыпкер Рысқұлбеков кездесуге.қолыңды артыңа ұста.

Жүр дейді.(сахна ортасында стол. Екінші беттен жылап анасы шығады. Екеуін бір-біріне жақындатпайды. Столдың екі басында отырады.

Анасы жылап:-қарағым ау,балапаным-ау,не күйге душар болғансың,балам-ау.

Қайрат: -мама жылама.менің еш кінәм жоқ.маған тергеуші 4 мың сом берсең ісіңді жеңілдетемін дейді.мен сіздерден босқа ақша айналып қиналдырғым келмейді.

Анасы: балам-ау,оны білмей отыр дисің бе. Жанымды шүберекке түйіп осы кездесуге әрең жеттім емес пе. Мойыма, шындық жеңеді деп сен.

Қайрат: мама,сол шындыққа жете алмай кетем бе деп қорқамын. Жасамаған қылмысымды мойында деп қорлық көрсетіп ұрып соғуда. Сау жерім қалмады.

(сөзін аяқтатпай милиционер:) –кездесу аяқталды.камераға жүр дейді.(кетіп бара жатырып Қайрат)

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.


1-жүрг.Абыл: Қасиетті Қазақстан мекенім

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


Хор: желтоқсан желі


2-жүрг.Жұлдыз: бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр,

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр... Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар-асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз-(хормен) Қазақстан!

Туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.


1-жүрг.Абыл: тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтиежесі деп президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы,қайқа қара қылышты Бауыржан арқылы,уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.


2-жүрг.Жұлдыз:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

ән:елім ай


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!