«Тәуелсіздік-тірегім »

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәуелсіздік-тірегім »

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік-тірегім »
Материалдың қысқаша нұсқасы

АPicture 6 қмола облысы

Целиноград ауданы

3 Талапкер орта мектебі

Калиева А.К

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тірегім »


Мақсаты:

Оқушыларды отан сүйгіштікке ,елжандылыққа тәрбиелеу.

Елінің байлығын қорғауға , болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру.

Түрі :

Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты .

 Көрнекілігі:

Нақыл сөздер, Желтоқсан көтерілісіне қатысқан халық қаһармандары, мультипроектор,дербес компьютер.Қ.Р –ның рәміздері. Слайд,баяндама,шығарма.

Барысы: 


Мұғалім:

Қүрметті Ұстаздар,мектеп оқушылары және қонақтар ! 16 желтоқсан Қазахстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тірегім » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 


Әнұранмен ашылу сәті


Мұғалім:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті







БPicture 6 аяндама



«Тәуелсіздік-тірегім »

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды . 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Ел тірегі ,арман мүддесі –тәуелсіздік .Еркіндік жолында еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары күрес жүргізді. «Көп ащыдан кейін бір тұщы дегендей», солардың ерен еңбегінің арқасында азаттыққа қол жеткіздік . Ол азаттық оңайлықпен келген жоқ.Осы азаттық жолда мыңдаған боздақтар қаза тапты , аштан қырылды, шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен ұлттың мәдениетінен айырылуға айналды.Осындай шақта жеткен тәуелсіздік еді бұл.

Бабаларымыздың қолы жетпеген арманына біздің қолымыз жетіп ,азат болдық. Бұл біздің ХХ ғасырдағы тарихтың баға жетпес сыйы еді.

Бүкіл әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытатын ,еліме тәуелсіздіктің туын желбірететін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымыз ұлан-теңіз. Еркіндік –ежелден ата-бабаларымыздан бастап ұрпаққа дейінгі арман тілегіміз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік , халқымыздың еңсесі биік , егемендігіміз баянды болсын !



Орындаған: Сағынбек Аяжан



(слайд) «Тәуелсіздік-тірегім »





Шығарма

Тәуелсіздік – Ел бағыты

Еркіндігім,
Қасиетім,
Қастерлім,
Өзің барда өзегімде жоқ шер, мұң!
Қалқаман Сарин

Бабаларымыздың кей кездері орындалмастай болған, бес ғасырдан бері аңсап келген бейбітшілік аспанындағы тәуелсіз, азат елде өмір сүру арманы күні бүгін, міне, көз алдымызда орындалғандай. Шіркін, сол қиын заманда тәуелсіздікті аңсаған жандар қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан жерінде бақытты өмір кешсе, бір ғанибет болар еді. Өмірінің соңына дейін тәуелсіздікті аңсап, соңына дейін көре алмай кеткен Исатайлар, Мағжандар, Сәкендер мен Ахметтер қалың қара қазақ халықының бүгінгі қалпын көргенде, кім біледі, бақыттан басы айналып, көзіне жас келерме еді? Әйтсе де, осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, көптеген қиындықтарды бастан кешіп, соңына дейін күрестік.

1991 жыл. Еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, жиырма бес жыл да зырғып өтті. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие болды. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қан мен тер арқылы қол жеткізді. Қазақстан жас мемлекет болса да, көптеген елдерден әлдеқайда алда келеді. Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет тарапынан халыққа барынша қолдау көрсетіліп, қамқорлық жасалып келеді. Түрлі реформалар мен өзгерістер қаншама! Елді дамытуда түрлі стратегиялар орындалуда және де ең бастысы - тіл мәселесі.. Тәуелсіздік алысымен қазақ елінде мемлекеттік тіл жарияланды, ол - Қазақ тілі. “Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт” - дегендей, тілге көп мән берудің сыры осында. Тіл болмаса, Қазақ елі де болмас еді. Осы кезден бастап көптеген жоғарғы оқу орындары, мектептер ашылып, ондағы оқытылған тіл - Қазақ тілі болды. Бұл дербес мемлекетіміздің ең басты жетістігі еді. Келесі жетістіктерінің бірі ол- біздің Ата Заң. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Кейінірек ұлттық валютамыз - теңге пайда болып, әлемдік нарыққа шыға бастадық.

Қорыта келгенде, тәуелсіздігімізді жарияланғаннан бері мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік күні - халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаштың туған күні, мерей тойы. Жаһандану заманында еліміздің әлемдік деңгейден көрінуі үшін біз, жастар, бар күш-жігерімізді аямай еңбек етеміз. Өйткені Тәуелсіздік – Ел бағыты.

Орындаған: Калиева Дильнәз



Қорытынды:



Бүкіл әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытатын ,еліме тәуелсіздіктің туын желбірететін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымыз ұлан-теңіз. Аяулы Отаным Қазақстан туралы айтарымыз да ,мақтанарымыз да көп-ақ Осының барлығын өмірлі етіп, туған жердің тұғырын нық орнатар бүгінгі бір ғана біз . 
Еркіндік –ежелден ата-бабаларымыздан бастап ұрпаққа дейінгі арман тілегіміз.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
865
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі