Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік төрімде

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәуелсіздік алғанымызды ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу ауданы

176 бөбекжай-балабақшасы



























«Тәуелсіздік төрімде»

(мектепалды даярлық тобы)











Тәрбиеші: Ахметжанова Ш.Т















































Алматы - 2018ж





«Тәуелсіздік төрімде»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіккүніне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы терең мағлұмат беру;

Елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу;

Туған жерге, Отанға деген  сүйіспеншілігін арттыру;
Көрнекілігі:«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты слайд көрсетіледі,балалардың суретінен көрме ұйымдастыру,еліміздің рәміздері т.б.

Зал іші тақырыпқа сәйкес суреттермен, көрнекіліктермен безендіріледі.

«Қазақ елі» әні (А.Жүнісбеков) орындалып, балалар кіріп, белгіленген орындарға тұрады.

Ағахан: Елдің елдігі,

Ердің ерлігі-

Әнұран!

Әннің асылы,

Ұранның басымы-

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Гимні шырқалсын!

КР Гимні орындалады.

Құрметті қонақтар, бүгінгі үлкен мерекемі зҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады!16-шы желтоқсан күні барша халқымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтеді.

Ағахан: Сен дегенде Қазақстан

Жүректен от лаулап ұшқан

Гүлдей жайнап, құлпыра бер

Егемен ел Қазақстан!

Бала:Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі Райан

Бала:Қазақстан –туған өлкем,

Жер көппе, сендей көркем,

Көрсін деп күллі әлемге,

Көк туыңды желбіретем! Асхат

Бала:Қазақ елі, байтақ ел,

Қайтпайтын ел, қайсар ел!

Туған елім, туған жерім,

Сүйемін мен қазақ елін! Юсуф

Ән «Егеменді Қазақстан»(Балалар отырады)

Слайд «Менің Тәуелсіз Қазақстаным»көрсетіледі. Тәрбиеші әңгімелеп, түсінік береді.

Жүргізуші: Біздің Қазақстанымыз кең байтақ жері, әдемі биік таулары, өзен-көлдері бар үлкен тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз өз рәміздері бар егеменді ел. Қандай рәміздерімізді білесіңдер, айтып жіберіңдерші. (ту, елтаңба, әнұранға сипаттама беру;)

Бала:Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады. Ақбота



Бала:Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды. Әсем

Бала:Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Көмкерген оны қос пырақ,

Төбесінде жұлдызы, Адина

Тұр ғой әне, жарқырап!

Бала: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте! Аспандияр

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің еліміз әнұранымызбен айбатты, елтаңбамызбен еңселі, желбіреген көк туымызбен қайратты. Біз әрқашан рәмәздерімізді қастерлеп биікке іліп қоямыз.

Жүргізуші: «Мерекелік шашу» биі



Бала:Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз Сағинұр


Бала:Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы. Бегарыс


Бала:Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге! Әділ

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз елі, туған жері үшін жасап жатқан еңбегі өте зор.



Әуен ойналып апа кіреді.

1 тапсырма -Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз. (камзол, бүрмелі көйлек, сәукеле, шапан, бөрік т.б.)

2тапсырма- Қыздарға арналған қандай әшекей бұйымдарды білесіз? (сақина, білезік, шашбау, жүзік, моншақ, алқа т.б.)Балалар, Қазақстанда қандай қалалар бар? Біздің елордамыз қандай қала?

3тапсырма- Астана қаласы қандай өзеннің жағасында орналасқан екен?

4 тапсырма -Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

3тапсырма- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? («Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Теңге алу», «Аударыспақ» т.б.)

Ойындар: «Ою –өрнек», «Арқан тартыс»

Ән: «О, туған елім» қыздар айтады

Бала: Тәуелсіздік бұл бақыт

Сарқылмайтын шаттық қой

Көздің жасын құрғатып

Келген бізге бақыт қой! Еламан

Бала: Ылғи өрге өрлеген

Бақыты бұл халықтың

Мейірімен тербеген

Тәуелсіздік жарық күн Аружан

Бала: Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келеді ме өлең

Көк туыңа басымды ием

Көгімізде желбіреген Дастан

Бала: Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп ел өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтын елі еседі. Мағжан


Бала: Желтоқсанның ызғары ай

Кірпікке қатқан мұздар ай

«Елім ай» деп егілген

ҚаҺарман ұлдар, қыздар-ай. Адия



Бала: Өзіңдікі - елің де,

Өзіңдікі – жерің де!

Өзіңді-өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде! Хамзина Айзере



Жүргізуші: Әрине, балалардың бүгінгі мерекеге арнаған өнерлері көп.

Жабырқауды білмейміз

Жалқау болып жүрмейміз.

Ән де шырқап бәріміз

Көңілді би билейміз.

« Жастар биі »



Ағахан: Отан- деген атамекен,

Отан - деген туған жер.

Отан - ана, Отан - өлкем,

Бәрі:Қазақстан - туған ел!

Ағахан: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы.

Ардақты атамекенім-

Бәрі: Отаным-Қазақстаным

Ән: «Қазақстан»

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік төрінде»атты мерекеміз аяқталды. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін!Қош сау болыныздар!



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
555
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12