Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Тәуелсіздік тұғыры биікте”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!” Н.Ә. Назарбаев
Материалдың қысқаша нұсқасы




Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!”


Н.Ә. Назарбаев






Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын..

Құрметті оқушылармен ұстаздар бүгінгі» Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер.

  1. Тәрбие сағатының тақырыбы: “Тәуелсіздік тұғыры биікте”

Тәрбие сағатының мақсаты

  • Білімділік:а)Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау

Дамытушылық: Білім алушыларды тәуелсіздік алғаннан кейінгі Жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейтеу.

Тәрбиелік: Елін, жерін қорғап, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанның өркендеуіне өз үлесітерін қосатын азаматтарды

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!”

Н.Ә. Назарбаев

  1. Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт- дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп білемін.
    Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып, қол жеткізеді.

  2. Үнтаспа тындау.

  3. Желтоқсанда құрбан болған ата-әжелерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
    Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік


5 «А» сынып оқушысы Құнанбай Мамырбекті «Ләззатқа арнауөлеңімен» ортаға шақырамыз .

1986 ж. Желтоқсанда отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы

1 )

1991ж. 1 желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1991 ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қасиетті құжат.


Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді айта бергім

2)

Тәуелсіздік шежіресі.

1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т. Әубакіров ғарышқа самғады.

1993ж. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.

3)

1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030

жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.

1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.

1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.

2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.

2002ж. Денсаулық жылы.

2003-2005ж. Ауыл жылда

4)

2003-2005ж. Ауыл жылдары.

2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.

2008ж. Астанаға 10 жыл.

2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы.

2010ж. ЕҚЫҰ самммиті.


Сұрақтар:

  1. 1991 жылы 1 желтоқсанда не өтілді ? Жалпы халықтық сайлау өтілді.

  2. 1991 жылы 16 желтоқсанда не қабылданды ? Қазақстан республикасының тәуелсіздік туралы заң қабылданды. .

  3. 1992 жылы не бекітілді ? Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Сол жылдың қазан айында ғарышкер Т. Әубакірова ғарышқа самғады.

  4. 1993 жылы не қабылданды? Тұңғыш Конституция қабылданды және сол жылы 12 қарашада төл тенгеміз дүниеге келді.

  5. 1994 жылы 30 маусымда 2-мәрте аспан көгіне кім самғады? Т. Мұсабаев аспани көгіне көтерілді.

  6. Қай жылы ата заң қабылданды?1995 жылы ата заң қабылданды.






















ЖPicture 12 елтоқсан құрбаны- Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті.1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.1988 жылғы мамырда-қайтыс болды.1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Қайрат

Рұсқұлбеков

1966-1988 ж.ж





















Балалық шағы Қайраттың студенттік шағы Әскердегі кезі



Қайраттың отбасы















Picture 8 Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы

Жаркент ауданына қарасты

Айдарлы ауылында дүниеге келген.

Жастайынан зерек өскен бала

орта мектепті үздік бітіріп,

Алматыдағы Чайковский

атындағы музыка училищесіне

өз талантымен оқуға түсті.





Ләззат

12 жаста 1982 ж Ләззат бауырларымен бірге





Ләззат 10 жаста

1980 жыл Ләззат музыкалық училищенің

студенті болған кезінде 1986 жыл








Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат

Асанова мен Ербол Сыпатаевқа қойылған ескерткіш


Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Алматыдағы Республика алаңында

қызының рухына тағзым етуде.

17 желтоқсан. 2007











Тәрбие сағатын қорытындылау.

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан- жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!















































Тәуелсіздік тұғыры биікте

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12