Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік-тұғырым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақырын күй ойнап тұрады:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!
2-жүргізуші: Армысыздар ағайын!
1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсай да күткен
бұл күнім.
Жасай бер, жаса,асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін.
2-жүргізуші: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
Әрине тарих үшін 27 жыл түгіл,
Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.
1-жүргізуші: ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Сабыржан Мержанұлы және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Сырымқызына беріледі.
2 - жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші. 1 - жүргізуші: Қазақ елі - сонау Алтайдан Атырауға шейін билік еткен Едігенің елі. Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египед еліне билік жүргізген Бейбарыстың елі.
2-жүргізуші: Қазақ халқы-жауынгер халық.
Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп-ақ ұлан-ғайыр жерді бізге
мұра етіп қалдырды емес пе?! Жер болғанда қандай жер! Қазба
байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер, сұлу
айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз, көз
тартарлық табиғат байлығы – осы Қазақстан
жерінде!
1-
жүргізуші:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
Көрініс: Қазақ хандығының құрылуы
Керей хан – қазақ хандығын 1458 жылдан бастап биледі. Шыңғыс ханның ұрпағы. Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген.
Күй «Қазақби күйі » Еслям Ақжан. Шангерей Шұғыла
2-жүргізуші:
Иә, қайран қазағым, ұзақ уақыт «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұқсақ та, ашып айта алмадық. Айту үшін тарихқа бойлау керек. Ол сөздің салмағын, маңызын егемендікке қол жеткенде түсіне бастадық.
2-жүргізуші:
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз
көтерілістің бірі.
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі
қайғылы, әрі бақытты күн.
1-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне
қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық
уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол
жеткізді.
2-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш
көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік
сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз
басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин
ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған
еді.
1-жүргізуші:
Осыдан 29 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының
бірінің жатақханасыныңалдындағы оқиға.
Көрініс
- Қыздар, мен газет
әкелдім.
- Не жаңалық
шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты
алып, орнына
В.Колбинді
тағайындапты.
- Колбин деген кім
екен?
- Қайдан
келіпті?
- Колбин Ульяновтан
келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат
басқарсын!
- Біз демократияны талап
етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға
кетейік!
2- жүргізуші:
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескеңсің.
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең- жырымыз.
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
1 жүргізуші:
Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз тыныс аламыз.
Қақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Көрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз. Қолдарында конспект дәптерлері бар.)
Жүргізуші: 1986 жыл 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездеседі.
Жанар. Қайрат , сен естідің бе ? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Қайрат. Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Жанар. Кеше куратор ағайдан естідім . Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналысып жатыр дейді.
Қайрат. Неге? Неліктен?
Жанар. Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді . Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Қайрат. Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез
барайлық.
2 -Жүргізуші: Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
Әскери адам. Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция “Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов!
(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді құғындау басталады).
Перде жабылады.
1
-жүргізуші. Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”,
“бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылды.
Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ
жастарын ұрып-соғып, қорлап аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға
ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тықты. Барлығы 99 адам
сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты – 11 адамды,
Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына
келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан
айырылды. Қыз жігіттерді
аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды
жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін
үзді.
Көрініс. Сот залы.
Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң -
ға бардың ба?
Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.
Прокурор: - Не мақсатпен ?
Қайрат Рысқұлбеков Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас
қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.
Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?
Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.
Хатшы Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!
Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.
Қайрат Рысқұлбеков Жоқ, бұл әділдік емес
Апасы: Бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?
Қайрат: Бар.
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар
21-де жасым бар
Қасқамдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
ҚАЙРАТ деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар
Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін
Хош аман бол артымда,
Ағайын-туыс, азамат,
Артымда қалған ата-анам,
Ел жұртым саған аманат!
Анасы: Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!
ҚАЙРАТ Көтер ана, көтер ана басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
Арым үшін түстім, рас, араша
Араша!
1-жүргізуші: Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президентміздің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТты Қуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты !(қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады).
«міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым.
2- жүргізуші:
Жабулы қазан жабулы күйінде қала берер ме еді. Егер Мұхтар Шаханов СССР Халақ демократтарының І- съезінде қулық қолданып, демократиялық күштерді алғашқы жазалау жайын жайып салмағанда. Міне осыдан бастап жағдай басқаша бет бұра бастады. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиуымының Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанның 17 – 18- інде болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде комиссия құрылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сынды «құйынға түскен ғұмырлар» мен басқа жазықсыз қудаланған адамдар ақталып, оқуға не жұмысқа қайта кіруге мүмкіндік алды.
Аққа қанша күйе жаққанмен түбінде әділеттің жеңіп, салтанат құратыны ежелден белгілі қағида.
Иә, ақиқат жолы қашан да ауыр. Астана жастары бастап берген демократиялық жаңару жолы елдік пен егемендікке бастаған жол болғандығы күмансыз.
1 – жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
Қайрат Рысқұлов. Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асановаға арнаған өз жанынан шыққан өлеңдерімен ортаға 8-сынып оқушыларын шықырамыз.
Ән «Қазақ қыздары» орындайтын Мақсот Мейрам
2 - жүргізуші: Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Ән «Желтоқсан желі» Орындайтын
1-жүргізуші:
Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,
Сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке,- деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы халқымыз көптеген аңсаған Тәуелсіздіктің таңы да атты.
2 – жүргізуші: 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Президентінің жарлығы шықты.
1-жүргізуші: Ерлеріміз арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
2-жүргізуші: Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
ӘН: «Қазақстан» орындайтын Мақсот Мейрам
1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Би «Қазақ биі»
2-жүргізуші: Отаным менің кең байтақ – Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
Ән «Қазақ елі» орындайтын Жұмаш Нұрхат
1-жүргізуші : Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын Қойшыбай Артур
2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні – қазақ елінің тарихында ең атаулы күн.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні – алтын күн бедерленген көк байрақтың әлем биіктерінде желбіреген күні.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт күні.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні – қазақ халқының сан ғасырлық арманның орынлалған күні.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік күні – алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешуге мүмкіндік алған күн.
Хор: «Атамекен» Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі
-
жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздік қасиетті туы желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін!
-
Жүргізуші:Қазақ елі жасасын!
Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!