жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тәуелсіздік-тұғырым!»
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұғырым!»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі жайлы мағлұмат беру,ұлттық ойындарды ұйымдастыра, салт-дәстүрмен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалыптастыру. Балалардың дене мүшелерін, бұлшықетттерін жетілдіру, ептілік, төзімділік, күш қасиеттерін дамыту. Бауырмалдыққа, достыққа баулу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балалардың мерекелік іс-шарадан жағымды әсер алып, қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құрал-жабдықтар: теледидар,қоржын, магниттік тақта,арқан жіп, гимнастикалық орындық,жалауша, шығыршықтар.
Барысы: Балалар залға марш әуенімен саппен кіреді. Балалар маршпен жүріп бір саптан екі сапқа бөлінеді. Ара қашықтық сақтай отырып тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Залға домбыра тартып, қоржынын асынып Алдар көсе келеді.
Жүргізуші: Қош келдіңіз! Алдар көсе, жоғары шығыңыз.
Алдар көсе: Ассалаумағалейкүм, мен Алдар көсемін, Тәуелсіздік мерекесін өздеріңмен бірге тойлағалы арнайы келдім. Қазақ елі азат, тәуелсіз болуы үшін батырлар аянып қалмаған. Сендерде бүгін сайысқа түсіп күш сынасып көріңдер. Міне, қазір бүлдіршіндерім, Отанымыз, Қазақстан елі тәуелсіздігін алып, көркейіп келеді. Олай болса болашақта көк туымызды биікте желбіретер өздеріңсіңдер! Жүргізуші: Әрине, Алдар көсе, бүгінгі 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырып отырған жарысымызға қатысып, әділ бағасын беріңіз, балаларымыздың ептілігін, шапшаңдығын, батырлығын бақылаңыз.
Балалар теледидардан видео тамашалайды.
Жүргізуші балаларды екі командаға бөліп, ұлттық ойындардан құралған эстафеталық жарыс ұйымдастырады. Командаларға «Қыран» және «Барыс» деп ат қойылады. Командалардың тапсырманы бірінші орындауына байланысты саты бойымен жалауша жоғары көтеріліп отырады. Қай топтың жалауы ең биігіне көтерілсе, сол команда жеңімпаз болмақ.
Жүргізуші:
Тіл жете ме, Республикам, көркіңе,
Тәуелсіздік шипа болды дертіме,
Күн де туды, көк байрағым желбіреп,
Қазақпын деп айта алатын желпіне.
Жүргізуші: Командаларға сәттілік тілеймін! Сайысымызды бастайық.
1-сайыс: «Теңге алу». Балалар үлкен доптарға отырып секіріп барып едендегі теңгелерді алып қоржынға салу керек.
2-сайыс: «Жалаушаға дейін жет»
Командалар жолында келесі кедергілер бар: шығыршық, гимнастикалық таяқша, гимнастикалық орындық, соңында жалауша қойылған орындық. Балалар кедергілерден өту керек, яғни- шеңбердің ішінен, таяшадан секіріп, гимнастикалық орындықтың үстімен өту керек, соңында орындық үстіндегіжалаушаны көтеру, қайту.
Жүргізуші: Алдар көсе, көрдіңізбе, біздің балалар жолда кездескен қиындықтарды жеңе отырып, мықты да, шапшаң екендіктерін көрсетті.
Алдар көсе: Иа, жарайсыңдар балалар, ойындарыңды көріп қуанып тұрмын.
3-сайыс: «Әрқашан күн сөнбесін!». Балалар түсті қатты қағаздардан дайындалған күн бейнесін құрастыру керек.
4-сайыс: «Тілегіміз бір болсын». Балалар «тілек ағашына» тілек тілеп, түрлі-түсті ленталарды ағаштың бұрақтарына байлайды.
Қай топ жеңімпаз болғанын анықтау үшін магниттік тақтадағы сатыға көтерілген жалаушаға назар аударады. Жеңімпаз команданы марапаттау рәсімі.
Алдар көсе: Балалар, жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, әрқайсыңда жүйрік, мықты, жеңімпаз екенсіңдер. Қазақстан Мемлекеті әрі қарай дамып, өсе берсін, болашағы зор болсын. Балалар,елдің болашағы өздеріңсіңдер, сендерге сенем, сендер де ел қорғаған, намысты қолдан жібермейтін ер азаматтар болыңдар! Әумин! Мына алғас хаттарды өздеріңе ұсынамын. Тек қана биіктерден көріне беріңдер!Ал, енді мен қайтайын, сау болыңдар.
Жүргізуші: Балалар, енді «Тілек ағашын» қоршап шеңберге тұрып Отанымыз аман, аспанымыз ашық, іргеміз берік болсын деп тілек тілейік. Біз Тәуелсіз, азат елміз! Осы еліміздің жақсы азамат, азаматшалары болыңдар! Мемлекетіміздің білгір де, мықты, туымызды биікке көтерер жастары болыңдар! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!
Қарағанды қаласының білім бөлімі
№145 «Балапан» балабақшасы КМҚК
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты эстафеталық жарыс
№7 «Қошақан» ересек тобы
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Ташимова М.А.
№145 «Балапан» балабақшасы
№7 «Қошақан» ересек тобында
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында
ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты эстафеталық
жарысқа белсене қатысып ___ орын алғаны үшін «Барыс» тобы
м а р а п а т т а л а д ы.
Директор Сакенова А.М.
№145 «Балапан» балабақшасы
№7 «Қошақан» ересек тобында
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында
ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты эстафеталық
жарысқа белсене қатысып ___ орын алғаны үшін «Қыран» тобы
м а р а п а т т а л а д ы.
Директор Сакенова А.М.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген