Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Топ сынып жетекшілеріне тәрбие сағатына сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы




ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ



Мен -қазақпын мың өліп мың тірілген.

Жөргегімде мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.



1 слайд

Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған"Тәуелсіздік тұғырым " атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

2 слайд

Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздікке қантөгіссіз,бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүниеде ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

3 слайд Әнұран

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

4,5,6,7,8 слайд

Отанымыздың көркеюіне жасалып жатқан ерен еңбектер өте көп, әр қалада ашылып жатқан тәуелсіздік монументтері мен республикалық маңызы бар ескерткіштер, ғимараттар,тәуелсіздік атындағы саябақтар мақтануға тұрарлық. Солардың бірі Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік саябағында болып қайттық. Енді соны тамашалаңыздар

Бейнебаян Тәуелсіздік саябағы.

9 слайд

Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге,Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс.Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда. Н.Назарбаев.

Елбасымыздың басты назарында болатын жастарымыздың Тәуелсіздік меркесіне арнаған арнауларын қабыл алыңыздар.

Мумина

Өткен күндер ізі қалып тарихта,

Өмір өзен жылжып жатты ақырын.

Тәуелсіздік әперем деп халыққа ,

Көзін жұмды небір қайсар батырым

Егеменді елімізде саялы

Елге айналды терең жайған тамырын.

Ата баба арманы еді баяғы,

Сол арманы жарық көрді дәл бүгін.

Мақтанатын ердің ерлік ісімен,

Мен қазақпын батырлықты жырлаған.

Төтеп бердім тауқыметтің күшіне,

Оған куә тау мен тасым, кең далам!!!!!!!

Еңлік

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!



Қарлығаш

Ендіктерді аралап еркінді дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір.....

Қуан қазақ! Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,

Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер....

Танып жатыр , мойындап Қазақ Елін

Танығысы келмейтін тарпаң елдер....

Қуан қазақ! Күн туды қуанатын!

10 слайд

Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты.Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Н.Назарбаев.

Жастар біздің болашағымыз ғой,елін, жерін сүйетін болашағынан үміт күттіретін жастарымыз көп болғай!!!

Осы сәтте біз Шымкент және Нұрсұлтан жастарының арасында сауалнама жүргізген едік, енді соны тамашалайық.

Видеоролик сауалнама

Слайд №11

Көне Түркістан жаңа Қазақстанның шырайлы шаһарына айналады.

ҚР түңғыш президенті, елбасы Н.Назарбаев.

Осы сәтте Түркістан жайлы дайындаған бейне баянымызды тамашалаңыздар.

Бейнебаян Түркістан



Әр ұлт өкілдерінің құттықтауы.

соңы «АТАМЕКЕН»

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты,ертеңі.

О,халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Әннің қайырмасы



Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау жерім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын. Атамекен Отанымыз әрдайым биіктерден көрінсін. Назарларыңызға мың алғыс! Алланың аманатында болайық!!!!!!!

Соңғы слайд НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!!!!!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2021
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12