400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихымды тасқа жазған ұғындым, Түбім түрік мен алаштың ұлымын. Еркін өскен көк аспанға қол созып, Мен ұрпағы Күлтегіндей ұлының.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік тұғырым

Тарихымды тасқа жазған ұғындым,

Түбім түрік мен алаштың ұлымын.

Еркін өскен көк аспанға қол созып,

Мен ұрпағы Күлтегіндей ұлының.



Мен қазақпын ұлы құспын көктегі,

Ерлігімнің көрінбейтін шектері.

Әр жүректе шырқалатын ұлы әнмін,

Куә оған тарихымның беттері.



Мен Ғұнмын кең даланың тұлпары,

Бүкіл әлем үрейленіп қорқатын,

Мен Сақпын асқақ менің беделім,

Парсыларды күйретіп мен тежедім.



Мен Махамбет жалындаған

Тәуелсіздік үнімін,

Әділдіктің оты сөннер шағында

Алау болып жанған шоқтың бірімін!



Мен азаттық дауысы өткенімнің,

Қолым кісен, бодандықтың шеккен мұңын.

Кене ханмын он жылдап атқа қонған,

Ойымда бір Еркіндік асқақ арман.



Мен Кенемін қазақтың соңғы ханы,

Азаттықтың жолында құрбан жаны.

Елінің еркіндігін қорғап өткен,

Қалғанша бойында қасық қаны.

Тәуелсіздік арман болып қолдағы,

Алашымның арыстары бас қосып

Тар жол тайғақ кешу болды жолдары.

Мен Алашпын үмітпін сәуле берген,

Қызыл тілім қаруым тауды бөлген.

Арыспын Ахмет пен Алихандай,

Бодандықтың шынжыры жерге көмген.



Желтоқсанда жалын жастар шарқ ұрып,

Елі үшін елең етіп сап құрып.

Бейбіт шеру жасағанда жастары ,

Ойларында болмап еді жат қылық



Алаңдағы сол дауыстың ызғары,

Ерімейтін жүректегі мұз-қары.

Тәуелсіздік таңын бізге әкелген,

Қазағымның ұлдарымен қыздары.



Желтоқсанды талай ақын жырлаған,

Тәуелсіздік таусылмайтын жыр маған.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Тәуелсіздік ашылмаған сыр маған.



Тәуелсіздік- баға жетпес бағымыз,

Тәуелсіздік-байлығымыз,барымыз.

Тәуелсіздік-күш-қуат пен әліміз,

Тәуелсіздік-жүректегі әніміз.



Асқақ ойды қиялымда тербетем,

Көңілімде болған емес ой бөтен.

Қазақпын деп мақтанышпен жар салып,

Отыз жылын мерекелі той еткен.



Тәуелсіздік нақтылықпен беттеген

Жалын жастар босқа өткізбе уақытты

Бастарынан бодандықты кешпеген

Бүгінгінің болашағы бақытты!!!



Авторы: Аятхан Жәнібек































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі