Тәуелсіздік-тұғырым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздік-тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік-тұғырым" тәрбие сағаты жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Қалалық жас туристер

стансасының директорының м.а

_________Жолдаспаева Г.Т

«____»________2025 ж.




«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»

ашық тәрбие сағаты СЦЕНАРИЙІ







Құрастырған: Мұсағалиева П.Ж







Ақтөбе - 2025 жыл




«ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ»

атты ашық тәрбие сағаты сценарийі


Өтетін уақыты: желтоқсан айының 6 күні, 2025 жыл.

Өтетін орны: ҚЖТС, 301 кабинет

Көрнекіліктер: слайд, видео, плакат, шар.

Мақсаты:

Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Патриоттық сезімге баулу;

- Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру;

Өткізілетін уақыты: 40 мин


ЗЕЙІН СИГНАЛЫ

  1. ші жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

2-жүргізуші:

Бүгінгі «Тәуелсіз-мәңгілік елдің тұғыры» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Құттықтаймыз, мерекелі Қазақстан,

Тәуелсіздік атыменен біз бүгін.

Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! (1,2-жүргізуші)


Қазақстан Республикасының ГИМНІ (хабарлаусыз)

  1. ші жүргізуші:

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 34 жыл толып отыр. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

  1. ші жүргізуші:

Тәуелсіздік- қасиетің,құнарың,

Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың

Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның-

Келесі кезекте «Жас экскурсовод» үйірмесінің оқушысы ________________________орындауында «Қазақ елі» әні. Қабыл алыңыздар!

Cөз кезегі ______________________________________беріледі.

1-ші жүргізуші:

«Тәуелсіздік» - ел болғанның белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,
«Тәуелсіздік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Видео «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»

  • 1991 жылы - Қазақстан егеменді ел болды.

  • 1992 жыл – 2 наурыз Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

  • 1993 жылдың- 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.

  • 1997 жылы- 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады.

  • 1998 жыл – елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

  • 2001 жылы - 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті.

  • 2006 жылдың - қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.

  • 2008 жыл – 6 шілдеде Қазақстанда жаңа мереке – Қазақстан Республикасының астанасы күні аталып өтілді.

  • 2017 жылы - Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.

  • 2019 жыл - 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

  • 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды.

  • 2020 жыл - еріктілер жылы

  • 2021 - Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды.


Алпысбай Аңсаған орындауында күй«»

1- ші жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен -қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ.


(Барлығы орнынан тұрады, 1 минут үнсіздік)


Таңғажайып атыңда дәл табылды.

Табылды да талай жұртқа таңылды.

Туған елім көкке жетті көк туың

Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.


2-ші жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.

Ән: «Атамекен». Хор

1-ші жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба жарқыра.

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата баба рухына.

Туған тіліміздің сақталуы да осы тәуелсіздігіміздің арқасы. Ендеше тіліміз туралы өлеңдеткен ақындардың бір өлеңін оқушылар орындауында қабыл алыңыздар.

Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» орындайтын Тыныштық Кәусар.

2-ші жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


1-ші жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.


Сырттай экскурсия «Тәуелсіздіктің тартуы»


2-жүргізуші: Пейіліміз қазағым тарылмасын,

Ағын судай жарқырап арындасын!

Қазағымды ең мықты ел ретінде,

Бүкіл әлем бас иіп қабылдасын!

Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбітшілік тілейміз!

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!


1-жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Бүгінгі «Тәуелсіз-мәңгілік елдің тұғыры» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі